0 дауыс
44.4k көрілді
Мұхтар Әуезовтың Төрт ана деген өлеңі?

9 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап
Сәлеметпе! Сен қателескен боларсың. Төрт ана деген өлең Мұхтар Шахановтікі.
Өлең осы
Төрт ана
    Тағдырыңды тамырсыздық індетінен қалқала,
 Мазмұн жоқта мазмұнсыздық шыға келер ортаға.
 Әр адамда өз анасынан басқа да,
 Ғұмырына етер мәңгі астана,
 Демеп жүрер, жебеп жүрер арқада,
 Болу керек құдіретті төрт ана:
 ТУҒАН ЖЕРІ - түп қазығы, айбыны,
 ТУҒАН ТІЛІ - мәңгі өнеге айдыны,
 ЖАН БАЙЛЫҒЫ, САЛТ-ДӘСТҮРІ - тірегі,
 Қадамына шуақ шашар үнемі,
 Және ТУҒАН ТАРИХЫ,
 Еске алуға қаншама
 Ауыр әрі қасіретті болса да.
 Құдірет жоқ төрт анаға тең келер,
 Онсыз санаң қаңбаққа ұқсап сенделер.
 Өзге ананың ұлылығын танымас,
 Төрт анасын менсінбеген пенделер.
 Төрт анадан сенім таба алмаған
 Тамырсыздың басы қайда қалмаған?!
 Төрт анасын сыйламаған халықтың
 Ешқашанда бақ жұлдызы жанбаған.
 Қасиетті бұл төрт ана - тағдырыңның тынысы,
 Төрт ана үшін болған күрес - күрестердің ұлысы!
Neniel жақсы жауапты таңдапсыз, енді сұрағыңызды өңдеп қойсаңыз болар еді. "Төрт ананың" авторының Мұхтар Әуезов емес Мұхтар Шаханов екенін білдіңіз ғой. Дұрыс қойылған сұрақ пен дұрыс жазылған жауаптың басқа қолданушыларға да пайдасы тиетінінен хабарыңыз бар болар.
0 дауыс
Мүмкін Мұхтар Шаханов шығар
0 дауыс
иа келісем бұл өлең Мұхтар Шахановтікі
0 дауыс
Мухтар Шахановтын Торт ана олени кай енбегинде басылды?
0 дауыс
Ол Мұхтар Шахановтікі
0 дауыс
Мұхтар Әуезов тек жазушы, ол кісіде өлең мүлдем жоқ, бұл үлкен қате болып саналады.
0 дауыс
иә солай болу мүмкін
0 дауыс
маған бұл өлең жолдары қатты ұнады рамет мен де осы Neniel қойған сұраққа жауап іздеп едім рахмет, бірақ Мұхтар Әуезов емес, Мұтар Шахановтікін     тағы да рамет сіздерге сұраққа дұрыс жауап қайтарғандарыңызға, ол қателесіп кетсе керек.
0 дауыс
Сіздің жасыңыз нешеде, Мұхтар Әуезов пен Мұхтар Шаханов еңбектерін ажырата алмайтын жағдайға жеткенбіз бе?
Екеуі де ақын болса де, мақыл шатасқан болар деуге келер еді
...