0 дауыс
41.7k көрілді
Мұхтар Әуезовтың "Абай жолы романындағы Абай бейнесі" тықырыбына шығарма тауып бере аласыздарма?

1 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Абай бейнесі

Алғашқы кітапта адам, азамат ретінде қалыптасқан Абай кейінгі кітаптарда ақын, қайраткер ретінде қиян-қилы қимыл-әрекеттерге көшеді. Осы желінің ұзына бойында оның тарам-тарам өсу, даму жолдары, белес-белес өрістеу, шарықтау биіктері жатыр. Бір кереметі - осылардың бәрі тек қана сыртқы сарт-сұрт, ылғи қолма-қол «қимыл-күшпен емес, шығармашылық іспен» (Әуезов), яғни ішкі көңіл күйіндегі нәзік ағыстар мен толқындар арқылы, солардың сан түрлі иін-иірімдері арқылы қат-қабат астарлы көрініс табады. Қаһарман іштей түлеп өседі. Демек, рухани мағынасында Абай, бір жағынан, сыр мен сезімнен, ой мен санадан құйылып жасалған терең психологиялық тұлға. Бас кейіпкердің парасат пен философияға толы болмыс-бітіміндегі қайталанбас қадыр-қасиетте осында жатыр. Абай - кең құлашты, мол тынысты эпикалық тұлға. Бұл тұлғаны автор эпопеяның басынан аяғына дейін өрмек тоқығандай, бір де бір тінін үзбестен тартып, асықпай өріп шығады. Көл-көсір нақты да затты деталь, ұшан-теңіз психологиялық анализ, сан-сала іс-әрекет, қимыл-харекет - осылардың бәрі Абай тұлғасын сомдауға қызмет етеді. Осылардың бәрінде де автор өз қаһарманының «жан диалектикасын» бойлап, ілгерілейді де отырады. Абай тұлғасы оқырманның көз алдында көктей өсіп, автордың өзі айтқандай, құз-жартасты жарып шығып жапырақ жайған шынарға - символ бейнеге айналады.

Эпопеяның басында Абай өзін қоршаған дүниеге кіршіксіз сәби сезіммен, күнәсіз бала көзімен қарайды. Семей қаласынан Шыңғыс баурайындағы аулына қайтып келе жатып, өзі туған өлкені жан жүректен «жабыса, сағына сүйеді!». Бұл кең жазирада мейірбандық пен туысқандықтан басқа, елдік пен ерліктен өзге оғаш мінез бар деп білмейді, қанішер қаталдық, жауыз жендеттік болады деген ой үш ұйықтаса түсіне кірмейді. «Есенбай жырасында ұры жатады» дегенге сенбейді де мән бермейді, қайта қасындағы Байтас пен жорға Жұмабайды өзі «ұры» боп қорқытады. Жас Абайдың туған дала туралы осынау уыз ұғымы өз әкесі Құнанбай өктемдігінен құрбан болған Қодар өлімін көргенде төңкеріліп түседі. Өзгеріс осыдан басталады. Енді ол Құнанбай мен құнанбайшылдар ісіне күдікпен, іштей қарсылықпен қарай бастайды. Бұған қосымша өз басындағы хал де осы ортадан түбінде түңілуге сайғандай. Әлгі бір Қарашоқыдағы қанды оқиғадан ауруға шалдығып, төсек тартты; Бөжей үйінде тірі жетім ғып әкесі «ит жемеге тастатқан» кішкене мүскін Камшат тағдыры мұның жанын жегідей жейді: аяулы ғашығы Тоғжанға қосыла алмай, тағы да әке шешімімен өзі сүймеген Ділдаға үйленуі... Осылардың бәрі Абайдың о бастағы мөлдір тұнығын сел басқандай лайлай береді.
...