+1 дауыс
334 көрілді
Қандай жағдайларда дивиденд төленбейді?

1 жауап

0 дауыс
АҚ туралы Заңның 22-бабы, 4 және 5 тармақтарына сәйкес, орналастырылмаған немесе қоғамның өзi сатып алған акциялар бойынша, сондай-ақ егер сот немесе қоғам акционерлерiнiң жалпы жиналысы қоғамды тарату туралы шешiм қабылдаса, дивидендтер есептелмейдi және төленбейдi. Қоғамның жай және артықшылықты акциялары бойынша:
1) өз капиталының теріс мөлшері болған жағдайда немесе егер қоғамның өз капиталының мөлшері оның акциялары бойынша дивидендтер есептеу нәтижесінде теріс болса;
2) егер қоғам Қазақстан Республикасының банкроттық туралы заңдарына сәйкес төлем қабілетсіздігі немесе дәрменсіздік белгілеріне сәйкес келсе не аталған белгілер қоғамда оның акциялары бойынша дивидендтер есептеу нәтижесінде пайда болса;
3) егер сот немесе қоғам акционерлерінің жалпы жиналысы оны тарату туралы шешім қабылдаса, дивиденд төленбейді.
<br>
Ақпарат [мына][1] сайттан алынды.


  [1]: http://www.halyk-ipo.kz/kz/questions/qa/
...