0 дауыс
39.8k көрілді
Абай жолы романы 1 том не туралы? қысқаша жазып беріндерші өтінем керек болып тур , оқуға уақыт жоқ ! Сол үшін қысқаша керек болып тур

7 жауап

+2 дауыс
Абайдын бозбала шағынан басталады,аргараи білмеим окысан кызык
+3 дауыс
Абай романының біріші томы Абайдың бозбала кезінен басталады. Осы томда, Қодар мен оның келіні Қамқаны жазықсыз,жазалап өлтірілу және осы оқиғаның куәсі болған жас Абайдың шошынып науқастануы,өкесі Құнанбайдың өз билігін пайдаланып, аталас ағайын рудың жайлауын иеленуі,Абайдың әкесімен бірге осы дауды шешуге Қарқаралыға баруы,,соқыр Шөже ақынмен алғашқы кездесуі,кішкентей  бөбек қарындасы Қәмшатты (Құнанбайдың кіші тоқалы Айғыздан туған),құн есебінде жауласқан руға беріп жіберуі және сол жақта оның қорлықпен өлетіні және айта берсе,көп осындай оқиғалар.Не жайында деп сұрағанша,оқып шық! Әлде әріп танымайсың ба?Абай жолын оқымаған қазақты қазақ деп айту мен үшін қиындау .
Жастар үшін қызық шығар! Осы бірінші томда Абайдың алғашқы махаббаты Тоғжан жайында ,Абайдың Тоғжанға қалай ғашық болғаны да бар.
Суреттеп жазып бергеніңізге қарап менің де қолыма кітапты алып оқығым келіп кеткені. Әттең жалқаулық жібермейді, ерінеді екенмін. Бар ойым осы СЖ сайтымен ауырып қалған, қалай осы сайтты адам қылып мені және менің ата-анамды асырайтын дүние етсем, халыққа пайдалы болса екен деп отырамын. Бір өзімді қинап осы кітапты оқып шықпасам.
Қинап оқығаннан болмайтын сияқты Админ мырза, мен де кітапқа құмармын, кітапханаға жиі барып қазақ әдебиеті, одан қалды әлем әдебиетін біршама оқимын. Сол "Абай жолына" келгенде... Мүмкін мен көбіне лирикалық жағытта кітаптарды ұнатқанымнан ба, әлде "Абай жолының" жазылу тілі ауыр болды ма маған, кітапты алғашқы тарауынан әрі аса алмадым... Әзірге мені ол кітап қызықтырмады, қанша жерден мұқиян ыждағаттықпен оқысам да, тіпті сол кітаптың алғашқы екі томы өз үйімде де бар. Мүмкін, кейін ойым күрделіленгенде оқысам қызығармын. Кітаптың тілі ауырына ауыр, кім не дегенімен...
Әрине сізге толықтай қосылам бірақ дегенмен менде алғашында бірнеше мәрте оқып зерігіп кетіп тастап кеткен болатынмын.Бірақ ыждақатпен байсалды шын беріліп оқып көрсеңіз қиын түгіде жоқ.
Еріккен қолданушы,алғашқы тарауы шынымен де онша қызық емес. Қызықтары әрі қарай оқысаң басталады. Бір рудың бетке ұстар азаматы өліп , соған Құнанбай әулетінің шақырылмауы , қаралы, қайғылы көштің салт дәстүр ұстауы, жоқтау айтуы, және осы елдің  сол азаматының  асын  қалай өткізгені,Абайдың Тоғжанмен қайта кездесуі, Абайдың Ділдәға ұрын баруы,сол кездегі қазақтың салт- дәстүрі түгелімен өтеөте қызық етіп жазылған.Бір жағынан күйінесің,19-шы ғасырда басқа ЕВРОПА ЕЛДЕРІНДЕ ДАМЫҒАН КАПИТАЛИЗМ,ал қазақ даласында  әлі феодализм,ағайынды- аталас,рулас қазақтар бір- бірінің малын барымталап, бір бірінің ауылын шауып,әйел бала шағаны зарлатып,қазақтын ұланғайыр бәріне артығымен жететін жеріне, жайылымға таласып,байыса мыңдап  мал шашып, қатын үстіне қатын алып,бір- бірімен қырқыстырып,өсек-сыпсың әңгімемен өз қаны қазағымен соғысып жатқанына.Абай жолын оқысаңдар,  ненің жақсы, ненің жаман екенін ажыратып,,ұлттық құндылықтарды түсініп, рухани баюға көп көмегін тигізеді.
+3 дауыс

Абай жолы романы 1 том не туралы? қысқаша жазып беріндерші өтінем керек болып тур , оқуға уақыт жоқ !

Қызық екен,сонда сен үшін басқалар айтып отыра ма? Қазақта "Мың естігеннен бір көрген артық"-деген жақсы сөз бар. Біреуден тыңдағаннан көрі,уақыт тауып өзің оқысаң салт-дәстүрлеріміз, ата-бабалар өмірі, ұрпақ сабақтастығы  тағы басқада толып жатқан құндылықтарымыз жайлы көптеген мағлұматтар аласың.Өкінбейсіің деп ойлаймын,енді бұндай романдар жазылмайды.

0 дауыс
сірә сен М.Әуезовтың 115 жылдығына орай "Абай жолы" романына, мұғалымдердің тапсырмасы бойынша, түгелімен оқуға ерініп отқан шығарсың. Ал егерде ерінсең, Абай жолы романының хрестаматиялық баяны атты кітап бар соны алып оқып көр,кітапханада болуы тиіс.Қысқаша баяандап өткен  ыңғайлы әрі 4 томды түгелмен қамтып өткен.
0 дауыс
Абай жолы романы , 1 том.Жолда такырыбына талдау
0 дауыс
Абай жолының төотінші томы не туралы, қысқаша мазмұнын
0 дауыс

ащимррваррепнруолкошокр3ргпрлкдлклкклклоугуг3ш

Рркркокококо оаоаоаоаоаококококококококо
Оаоаокококок Алатаококоок
Лклклеое Алалкллкокок

...