Адам баласының бойында жақсы да, жаман да қасиеттер болады екен. Бізге ақылдылықты, адалдықты, қарапайым - кішіпейілділікті, инабаттылықты, шыншылдықты үлкендер үйретеді. Ол - біздің ата - анамыз, ақсүтін бере отырып, ана тілімен үйретеді. Біз оны түсініп, ата - баба салт, әдеттерін үйренеміз. Адам болатын адамгершілігі бар бала - барлық жақсы қасиеттерді үйреніп, жаман мінез әдеттерден, ұнамсыз қылықтардан аулақ болуға тырысуы керек. Адамның адамгершілік, адалдық, саналылық дәрежесі – оның тәртібі мен іс - әрекетін анықтайтыны әлдеқашан дәлелденген.
Адамның бойынан адамгершілік қасиеттер табылса, әрине сымбатты, парасатты көрінеді.
Адамгершілік – адамның асыл қасиеті. Жүсіп Баласағұн адамгершілік пен инабаттылықтың төрт қасиетін 6600 тармақтан 72 тараудан тұратын “Құтты білік” дастанында көрсетіп берді.
Шығыстың ұлы ғалымы әл - Фараби: Жас жеткіншектеріңізді көрсетіңіз, мен сіздердің болашақтарыңызды айтып берейін деген екен.
------------
Адалдық – адам бойындағы асыл қасиеттердің бірі.
"Адалдық” деген сөз шыншылдық, айнымастық, шын берілгендік сияқты игі қасиеттерді еске салады. Қазақ пайымында адам бойында адалдық - пәктік, ар - ұждан, жан тазалығы. Адал дос дегеніміз - өтірік айтпайтын, шындықты жақтайтын, досын ешқашанда ұятқа қалдырмайтын, барлық уақытта қандай жағдай болмасын қол ұшын беріп көқмектесетін, қашан да қасынан табылатын, барын бөлісетін нағыз жолдас.
----------
Адалдық – адамдықтың белгісі
Адалдық – адам бойындағы асыл қасиеттердің бірі. Адам бағасының бір өлшемі де іспетті. "Адалдық” деген сөз шыншылдық, айнымастық, шын берілгендік сияқты игі қасиеттерді еске салады. Қазақ пайымында адам бойында адалдық - пәктік, ар-ұждан, жан тазалығы тәрізді т.б. асыл қасиеттердің жиынтығынан тұрады. Көшпелі қазақтардың адамгершілік, адалдық қасиеттері тұрғысынан кіршіксіз таза, мәрт болатындығы туралы шетелдік саяхатшылардың қолжазбалары мен күнделіктерінен де кездестіруге болады. Осы тұста ұлы тұлғалардың осы тақырып төңірегінде айтқан ой толғамдарын назарларыңызға ұсынғанды жөн санап отырмыз.
Адамның өз ұжданы алдында адал, шыншыл болу – өзіне-өзі қасиетті болуынан, жүріс-тұрысы ізгі болуынан ғана туады.
Әл-Фараби