Қазақстанда жол апатының ең бірінші себебі, әлбетте жол ережелерінің дұрыс сақталмауы. Көптеген жолдар ескі Кеңес үкіметі тұсында құрылған, ол кездегі көліктер мен қазіргі көліктердің жылдамдығын, сонымен қатар көлік санын салыстыруға болмайды. Ол кезде жүргізушілер көбіне профессионалдар еді, қазір кез-келген адам рульге отыра береді.
Апаттардың көбі асығыстықтан орын алып жатады және ең көбі көшелердің қиылысында.
Трассаға келсек, автобан Астана - Көкшетау тас жолдарынан басқаларының барлығында жол апаты көптеп тіркеледі, себебі: жол халықаралық стандартқа сай емес.