Қазақ хандары.
Алдымен Үш жүзді түгел билеген хандар, Ұлы хандар: Алтын Орданың шығыс бөлігі - Жошы ханның ұлы, Бату ханның ағасы Орда Ежен негізін қалаған ел - Ақ Орданың ханы Ұлы ханы Орыс (Ұрұс) ханның немерелері Әз-Жәнібек пен Керей сұлтандар Әбілқайырдан ("көшпелі өзбектер" деп аталған елдің ханы) бөлініп, Өз атасының даласы - Дешті-Қыпшаққа бөлініп барып (1458-1465 жж), "Қазақ хандығы" деп аталатын мемлекетті құрды. Қазақтың ең алғашқы ханы Әз-Жәнібек елдің хан сайлауында бауыры Керей ханды қолдады, одан кейінгі қазақ хандары мен хандық құрған жылдары:
1. Керей хан - 1456/58-1465/1466
2. Жәнібек хан - 1465/66-1479/80
3. Бұрындык (Мұрындық) хан - 1479/80-(1503) 1511
4. Касым хан - 1503-1518 (1511-1523)
5. Мамаш хан - (1518) 1523-1523
6. ТаҺир (Тайыр) хан - 1522/23-1532/33
7. Бұйдаш (Бауыш) хан - 1533-1534
8. Қожахмет хан хан - 1534-1535
9. Тоқым (Тоғұм) хан - 1535-1537
10. Хақназар (Ақназар) хан - 1538-1580
11. Шығай хан - 1580/81-1582 (1586)
12. Тәуекел хан - 1583 (1586)-1598
13. Есім хан - 1598-1628(1645)
14. Жәңгір хан - 1628-1680 (1628-1652) ("Салқам Жәңгір" атанған, Бөкей Ордасының ханы Жәңгір - бұдан мүлде басқа кісі)
16. Тәуке хан - 1652-1717 (1680-1717)
"Әз-Тәуке" тұтас Қазақ хандығының соңғы ханы деп есептеледі, одан соң үш жүздің ханы өз алдына бөлек болады да Ұлы ханға сырттай ғана бағынады (Кіші жүзде Әбілқайыр, Нұралы; Орта жүзде Жолбарыс, Әбілпейіз):
17. Қайып хан (1717-1718)
18. Болат хан (1718-1729)
19. Әбілмәмбет хан (1730-1771)
20. Абылай хан (1771-1781)
21. Уәли хан (1881-1819 (?)
22. Ғұбайдолла хан (1319(?)-1930)
25. Кенесары хан (1830-1847).
"Қазақ хандығының" ең соңғы ханы Кенесары (хан Кене) Абылайдың немересі болатын. Сөйтіп Әз-Жәнібектен басталып Хан Кенеге дейін 400 жылға жуық (389 жыл) өмір сүрген "Қазақ хандығы" Ресейдің құрамына енді. Кейін КСРО құрамында "Қазақ Кеңестік социалистік Республикасы", 1991 жылдан "Қазақстан Республикасы" деп аталған еліміздің қысқаша тарихы осы.
//massagan.com Ұлттық Порталы