+1 дауыс
36.1k көрілді

2 жауап

+3 дауыс
 
Жақсы жауап
"...Әлем тарихында дәл Қазақ тәрізді біртұтас, біртекті халық ұшыраса қоймайды. Әуел баста азды-көпті этникалық айырымы бар топтар мен тұлғалардың өзі кең көлемде әрі үздіксіз қан алмасуы нәтижесінде жалпы жұртпен ортақ сыпатқа ие болған. Қазақтың хандық дәуіріндегі идеологиясының негізгі тұрғысы: барлық Алаш - бір кісінің баласы, бәріміз де Қазақ байдан тарадық деген көзқарас - осы тұтастықтың айқын көрінісі болатын. Бажайлап айтсақ, былай екен.

Әуелде Қазақ деген кісі болады. Оның үш ұлы болады: Ақарыс, Жанарыс, Бекарыс. Ақарыстан: Сары-Үйсін, Қаңлы, Жалайыр, Албан, Суан, Сіргелі, Шанышқылы, Ысты, Ошақты, Шапырашты туады. Жанарыстан: Арғын, Найман, Керей, Уақ, Қоңырат, Қыпшақ туады. Бекарыстан: Әлімұлы, Байұлы, Жетіру туады. Өз кезегінде бұлардың әрқайсысынан тағы қаншама ат тарайды. Олардан тағы да еселеген жаңа ұрпақтар. Жинақтап келгенде Ақарыс әулеті - Ұлы жүз, Жанарыс әулеті - Орта жүз, Бекарыс әулеті - Кіші жүз деп аталады. Ежелгі қазақта рудан тыс кісі жоқ, кез-келген адам Үш Жүздің біріне, одан беріде нақты бір руға, одан бері белгілі бір атаға жатады, бар қазақ өзінің түп негізін осы жора бойынша жіктейді. Әлбетте, рулық құрылым - тарихи жағдай, заман талабынан туындаған, өте күрделі құбылыс, ал Қазаққа келсек, рулық идеология - ұлттың ұйысуы, мемлекеттің ілгеріленуі, болашақ ұрпақ үшін күрес жолындағы аса мәнді құрал болды. Орданың ортақ шаңырағы, барлық тетікті біріктіріп тұрған болат ұстын дер едік. Расында да. Төменгі, бірінен бірі өңдіген ұсақ тармақтр емес, жоғарғы берік ұштық тұрғысынан қараңыз. Үш қырлы, біртұтас пирмида. Қай рудың өкілі атасын қалай тартса да, үстідегі Үш арыстың біріне, одан соң ең төбеде тұрған Қазаққа барып тіреледі екен. Яғни, бар қазақ бір кісінің баласы! Біздің бабаларымыз бөлшекке емес, бірлікке сенген, бөтендікке емес, бірлікке сенген. "Бәріміз Қазақ байдың баласымыз!" "Керегеміз ағаш, ұранымыз Алаш!" "Киіз туырлықты, Алаш ұранды Қазақпыз!". Міне, мәселе қайда".

(с) Мұхтар Мағауин, Ұлтсыздану ұраны (үзінді)
Әдемі келтірілген мысал. Нұреке сен өзіңнің стильіңдесін )))
0 дауыс
Толған өтірік. Бекарыстан әлімұлы, байұлы, жетіру тараған жоқ, олар әр қайсысы бөлек тайпалар, бөлек рулар. Бекарыстан Алшын туады. Алшын дегеніңіз Шеркеш руы. Бай ұлының үлкені Шеркеш. негізінде үлкені мен қоса ең мықтысы болған. Шеркештерді он екі ата руларының көбісі елдің басына қиын жылдар туғанда келіп паналаған. тіпті кіші жүздің ішіндегі әлімұлының бірқатары бір біріне туыс емес, оларда да шикіліктер бар. ал жеті руыңыз тіпті туыс емес, олар соғыс кездерінде жиылып жаудан қорғанған.

Жүз деген сөздің өзі соғыстан туындаған ұғым.сондықтан қазақтың көп тайпаларының тегі әр жерден.
...