0 дауыс
731 көрілді
Мысал
томар
т-қатаң
о-жуан еріндік ашық
м-үнді
а-жуан ашық езулік
р-үнді

асық ,көл, Беркімбай, бай, осы сөзерге тура үстінде көрсетілгіндей істеу керек өтінем көмектесіндерші

1 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап
Бұл фонетикалық талдау ғой..Мен сізге төмендегі ақпараттарға назар аудара отырып,"дайын асқа тік қасық" болмай,талдауды өзіңіз жасауға кеңес беремін..// Дауыссыз дыбыстар дауыс
қатынасына қарай үшке
бөлінеді:
1. Қатаң дауыссыздар
(глухие согласные) —
дауыс шымылдығы
қатыспай, тек салдырдан
жасалатын дауыссыз
дыбыстар: п, к, қ, т, с, ф,
х, ц, ч, h, ш, щ ;
2. Ұяң дауыссыздар
(звонкие согласные) —
дауыс шымылдығының
қатысуымен жасалатын,
салдыр мен үн тең
болатын дауыссыздар:
б,в, г, ғ, д, ж, з;
3. Үнді дауыссыздар
(сонорные согласные) —
дауыс шымылдығының
қатысуымен жасалатын
салдырға қарағанда үн
басым дауыссыздар: р, л,
м, н, ң, й, (у
)/
қазақ тілінің дауыстылар жүйесі 9 дыбыстан құралады: а, о, е, ы, і, о, ө, у, у. Дауысты дыбыстар айтылғанда жақтың, еріннің, тілдің қатысу дәрежесіне қарай: ашық — қысан, еріндік — езулік, жуан — жінішке болып бөлінеді.[1] Жуан дауыстылар орыс. твёрдые гласные — тілдің кейін жиырылуы аркылы жасалатын дауыстылар: а, о, у т.б. Жінішке дауыстылар орыс. мягкие гласные — тілдін ілгері созылуы арқылы жасалатын дауыстылар: ә, е, ө, т.б. Ашық дауыстылар (орыс. широкие гласные, гласные нижнего подъёма) — тілдің тандайға карай төмендеп барып көтерілуі арқылы жасалатын дауыстылар, оларды айтқанда жақ кен ашылып, иек төмендейді. Қазақ тіліндегі ашык дауыстылар: а, ә, е, о, ө. Қысан дауыстылар (орыс. узкие гласные, гласные верхнего подъёма) — жақтын кен ашылмай, тілдің таңдайға қарай жоғары көтерілуі арқылы жасалатын дауыстылар. Қазақ тіліндегі қысан дауыстылар: ы, і, у, у. Еріндік дауыстылар (орыс. губные гласные) — айтылуда еріннің алға қарай сүйірленуі арқылы жасалатын дауысты дыбыстар: о, ө, у, у, (у). Бұлар орыс тіліндегі әдебиеттерде " Лабиализованные гласные" деп те айтылады. Езулік дауыстылар (орыс. негубные гласные) — айтылуда еріннің кейін тартылып, езудін жиырылуы арқылы жасалатын дауысты дыбыстар: а, ә, е, э, ы, і, и. Орыс тіліндегі әдебиеттерде " Нелабиализованные гласные" терминімен де беріледі....
Көп көп рахмет сізге
...