+2 дауыс
370 көрілді
Туиттерге тіркелдім. Енді қалай пайдаланатынын түсіне алмай жүрмін. Туиттерге өз адамдарымды қалай қосамын? Туиттерге оңай кіру үшін, бастыға қалай орнатамын?

1 жауап

+2 дауыс
Твиттерді әдетте жеке, сондай-ақ қоғамдық маңызы бар жаңалықтарды беру мақсатында қолданады.
Мәселен:
2008 жылдың 10 сәуірі күні Берклидегі университеттің журналистика факультетінің студенті(ол кезеңде) Джеймс Бак және оның аудармашысы Мысырда үкіметке қарсы шығушы топты суретке түсіргені үшін тұтқындалады. Бак «қамауға алындым» деген тіркесті сөйлемді өзінің Твиттердегі 48 тілшісіне жіберіп үлгереді. Бұл хабарлама жедел түрде университетке, Каирдегі АҚШ елшілігіне және бірқатар БАҚ өкілдеріне жетеді. Нәтижесінде Бакқа адвокаттың көмегі ұсынылып, келесі күні ол қамаудан босатылады.
2009 жылы пассажирлік ұшақтың құстар тобымен соқтығысу оқиғасы орын алды. Нәтижесінде ұшақ Гудзон суларына қонуға мәжбүр болады. Бұл жағдай да Твиттердің назарынан тыс қалмады. Оның тұтынушыларының бірі құлап бара жатқан ұшақты суретке түсіріп бірден Твиттерге жібереді. Сөйтіп ол жаңалықты бүкіл әлемге алғашқы болып жеткізеді.
New Scientist журналының зерттеулері Твиттер мүмкіндігінің басқа БАҚ-қа қарағанда көш ілгері тұрғанын дәлелдеп берді. Web 2.0 технологиясы мен жай ақпарат құралдары технологиясын салыстырып, оның құтқару операцияларындағы күш біріктіруді жоспарлауда біршама үстем тұрғанын анықтады. Мәселен АҚШ-тағы Қызыл Крест ұйым қызметімен байланысты орын алған түрлі оқиғалардан минут сайын хабардар болып отыруы үшін Твиттердің көмегіне жүгінеді.
2009 жылдың 16 маусымында Джеймс Джойстың «Улисс» романының табынушылары «Блум күнінің» құрметіне кітаптағы тараулардың бірін Твиттер қызмет көрсету желісіне орналастырады. Мұны жүзеге асыру мақсатында романның 54 кейіпкерін тұтынушылар ретінде Твиттерге тіркейді.
Достым твиттер агент емес! Микроблогтар жинағы! Адам қоса алмайсың тек олар не жазды соларды көре аласың.Сенікі хром ба?
...