+1 дауыс
482 көрілді
Шашымды ай сайын сырлаймын шашым коп түседі жәнеде тез майланады

4 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Ең алдымен мұның неден болғанын байқап көр. Бояуың жақпайтын шығар, немесе А, Е витаминдері жетіспеуі мүмкін. Шаштың көптеп түсуі қалқанша бездің дисфункциясынан да болады, яғни йод тапшылығынан.
Егер жоғарыда аталып өткендердің қатысы жоқ десең, үйде мынадай маскалар жасасаң болады:
1) жарты кесе айран, 1 жұмыртқа, 1 шай қасығымен какаоны араластырып, жартысын шашқа жағасың. Біраз кепкен соң қалғанын жақ та, пленкамен, сыртынан орамалмен орап, жылыда 25-30 минут ұста. Артынан сусабынмен (мүмкіндігінше баларадікімен) жуып таста
2) 2 ас қасық горчица ұнтағын 2 ас қасық ыстық сумен араластырып, оған 1 сарыуыз, 2 шай қасығымен қант, 2 ас қасығымен май (кез-келген косметикалық май - репейный, оливковый деп сұрап көрсең болады) қосып араластыр. Өте кір емес шашқа, тек түбіне жағып, пленкамен, сыртынан орамалмен орап жүру керек. Горчица қыздыруы тиіс. Бірінші уақытта 15 минутқа шыдау қажет, одан әрі ақырындап 1 сағатқа созасың. Артынан жуу қажет.
Екі масканы да аптасына 3 реттен асырмау керек, яғни қайсысын болса да аптасына тек 3 рет қолдан. Шаштың ұштарына құрғап кетпеуі үшін сәл қыздырылған май жағып қой
0 дауыс
Сырлаймын? Ол не? Бояу ма? Ай сайын шашты бояуға болмайдығой. Соның әсері болар.
0 дауыс
Мүмкін сол сырлай бергеннен емес па екен деген ой келеді екен.
0 дауыс
Күн сайын "сырлаңыз", сонда түсетін шаш та қалмайды.
:D хехехе
ахахаха :-D
Белгісіз
...