+9 дауыс
105k көрілді

Жақында үйге күшік әкеліп едім. Атын не қоярымды білми басым қатып жүр. Тұқымы төбет, қара күшік. Жақсы ит атаулары болса айтсаныздар

42 жауап

+13 дауыс
 
Жақсы жауап
Күшіктің атын икемі мен амалына қарай қойсаңыз дұрыс болады. Бірақ, варианттар бар...айтып көрейін. Мысалы: Елеңдеп, сақ жүретін ит болса Саққұлақ, Итке тән қасиеттері болса....Арлан, Бөрібасар деген атта жаман емес... ол да ұсыныста бар екен, Мұхтар деп қойсаңызда болады, мүмкін бейне фильмдегі (актер) иттерге ұқсап қалар.
барбос.   соня. актос . белка. стрелка деген аттар унайды. сыздерде койып корыныздер.
+11 дауыс
Бөрібасар. Ең тамаша ат. Маған баяғыдан ұнайтын ат еді. Ұнаса қойып көріңіз.
+13 дауыс
Қабанбай бабамыздың ізбасар деген жақсы иті болған сол сияқты төбет болсын деп ізбасар қойыныз.
+11 дауыс
басқан жері құтты болсын деп Құттыаяқ қой
+12 дауыс
Жолды деген ат жақсы.
+12 дауыс
Сырттан деп атасан болады, "Жігіттің сұлтаны, иттің сырттаны" деген сөз бар гой
+11 дауыс
Саққұлақ, Майлыаяқ, Барыс, Құтжол... ой көп қой... түр-түсіне қарап қоюға да болады - Мойнақ, Ақтөс, Ақтабан.
+12 дауыс
Көкжал деп қойыңыз,жақсы ат.
+12 дауыс
Құтжан,Арлан,Саққұлақ))
+14 дауыс

Суретін салсаңыз, бәріміз жабылып әп-әдемі ат та тауып береміз ғой!

+9 дауыс
Арыстан...
+9 дауыс
Көксерек деп қойыныз. Әрине сізге ұнаса
+9 дауыс
Есімді білгелі әкем  иттеріміздін аттарын Құтжол деп қояды. Бәрі де ақылды, қабаған болып келе жатыр.
+6 дауыс

 Табаны ақ болса - Ақтабан.

Төсі ақ болса - Ақтөс.

Қасқырдай мықты болса - Бөлтірік немесе Қасқыр.

Қысқасы қандайға ұқсайды сондайға қоя бер. Менің итімнің аты Құтжол.

+8 дауыс
қуанышбек, қуандық, қуаныш, құлбасар- кешір достым мұндай сұрақтарды орыстардың форумына қойғаның жөн сияқты қазақ бұрынғы кезде итті асыраиды бірақ итке есім қоймаған.
Неге қоймайды,қоядығо
...