+1 дауыс
Меңдекеш Сатыбалдиевтің өмірі мен шығармашылығы жөнінде мәлімеетерді қайдан алсам болады?
29.09.2012 5.4k қаралым

1 жауап

+1 дауыс
✓ Үздік жауап
Жақсы жауап
Мендекеш Салтыбалдиев (1937, Атырау облысы Жылыой ауданы Амангелді ауылы – 1973, Алматы) – ақын, журналист. Маңғыстау туралы шығармалардың авторы. Есбол, Теңіз ауданы, Атырау облысы газеттерінде, облысы радио хабарын тарату комитетінде тілші, бөлім меңгерушісі (1954 – 69), Алматы қаласындағы «Қазақстан» баспасында редакция меңгерушісі, «Мәдениет және тұрмыс» (қазіргі «Парасат») журналының жауапты хатшысы (1969 – 73) болып істеген. Жергілікті және респ. баспасөз беттерінде очерктер мен публицист., әдеби мақалалар, фельетондар мен әңгімелер, өлеңдер мен толғаулар жариялады. «Ақмоншақ» (1966), «Шулайды толқын» (1968), «Күн шуағы» (1970) аталатын өлеңдер жинағы, «Жартастағы жазулар» (1970) дейтін очерктер жинағы, «Қоңыр қозы» повесі (1971); сондай-ақ аудармасы (А.И. Покрышкин, «Аспандағы шайқас», 1973), «Мөлдір аспан» атты очерктері мен публицист. мақалалары (1978), «Қызғыш құс» атты таңдамалы өлеңдер жинағы (1975, 1979, 1988, 2003), т.б. кітаптары жарық көрді.[1] [2] [3] [4] [5] [6] [7] [8] [9] [10] [11] [12]
29.09.2012
жауабыңызға рахмет
Мендекеш Сатыбалдиевтің өмір-баянын іздеуіңізге қарағанда Мендекештің туғанына 75 жыл толуына орай ұйымдастырылып жатқан облыстық мүшайраға қатыспақ ойыңыз бар-ау шамасы.
Жаксы жауап деген атаққа лайық деп ойлаймын жауабымды
иа,қатысқалы жатырмын.
қай өңірдің атынан қатыспақсыз?
Атырау обл.,Исатай ауданы

Ұқсас сұрақтар

127,959Сұрақ
322,886Жауап
153,169Пікір
73,003Қолданушы