Пиццаны дайындау үшін мен қарапайым ашытылған қамырды аламын. Қамырды жаймай, қолымның көмегімен қалыптастырамын. Содан соң оны 10 минутқа пешке саламын. Одан соң оған томат соусын жағып және салмасын салуға болады. Салма ретінде тоңазытқышта не бар, барлығы жарайды:
- Шұжық;
- Пияз;
- Қызанақ;
- Тұздалған қияр;
- Жұмыртқа;
- шошқаның тұздаған сүрленген саны.
Әрине, бұл еттен жасалған пиццаның нұсқасы. Сонымен бірге балықтан да (креветкалар, мидиялар), саңырауқұлаақтан да пицца жасауға болады. Пиязды мен үнемі өсімдік майына кішкене қуырылған етіп саламын. Салмасы дайын болған соң, үстіне майонез құйып және үгітілген ірімшік себемін.