0 дауыс
29.7k көрілді
Елім-ай

Қаратаудың басынан көш келеді,      
Көшкен сайын бір тайлақ бос келеді,
Елім-ай, Елім-ай.
 
Ел-жұртынан айрылған жаман екен,
Қара көзден мөлтілдеп жас келеді,
Елім-ай, Елім-ай.
 
Мына заман қай заман? Бағы заман,
Баяғьідай болсайшы тағы заман,
Елім-ай, Елім-ай.
 
Атадан үл, енеден қыз айрылды,
Көздің жасын көлғылып ағызамын,
Елім-ай, Елім-ай.
 
Мына заман қай заман? Қысқан заман,
Бақыт құсы алаштан үшқан заман,
Елім-ай, Елім-ай.
 
Көк аспаннан топырақ, шаң борады,
Күні суық қаңтардан, қыстан жаман,
Елім-ай, Елім-ай
Сұрақтың жабылу себебі: Ешкім жауап бере алмады. Өзім тауып алдым.
...