кактус өсімдігі жайлы пікірлеріңіз

0 дауыс
3.0k қаралым
• Санаты: Өмір, Тіршілік

1 жауап

0 дауыс
Кактус (Cactaceae) – қос жарнақты көп жылдық, шырын сабақты шөптесін өсімдік; әдетте, жуан, етженді, шырынды сабақтары тікенекті, түкті, қылтанақты болады. Кактустың бұта, ағаш, лиана тәріздес түрлері де кездеседі.

Кактустердің Американың шөлді аймақтарында, Оңтүстік және Оңтүстік Американың ылғалды жерлерінде, тропиктік Африкада және Мадагаскар аралы мен Шри-Ланкада өсетін 220 туысы, 3000-дай түрі бар. Сондай-ақ, Австралияда, Үндістанда, Жерорта теңізі жағалауындағы елдерде жерсіндірілген.
Қазақстанда сәндік өсімдік ретінде үйде, немесе оранжереяда өсіріледі. Кактус сабағы шар, жұмыртқа, цилиндр, діңгек, жапырақ сияқты жалпақ пішінді, бунақталған болады, түсі жасыл. Сабағының биіктігі 2 – 5 см-ден 10 – 15 м-ге дейін жетеді. Сабағының қабығы мен өзегінде су жиналады, мысалы, кейбір ірі кактустердің сабағында 2000 л-ге дейін су болады. Олардың бір ерекшелігі – суды үнемді пайдалануында.
Ал пайдасы мен зиянын [осы жерден][1] оқы!!!


  [1]: https://surak.baribar.kz/49268/

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
0 жауап
127,777 сұрақ
322,353 жауап
153,150 пікір
72,815 қолданушы