0 дауыс
7.2k көрілді
Дермене өсімдігінің пайдасы не? Дермене өсімдігі. Толығырақ ақпарат беруге тырысыңыз?

2 жауап

0 дауыс
Дермене – емдік өсімдік. Адамның саулығын нығайтып сақтауда, ғұмырын ұзартуда бұл асыл шөптің көмегі зор. Туған өлкесінің экологиялық жағдайы алаңдататынын да назарда ұстаған. Өзі ізденіп, пайдасын анықтаған дәрілік өсімдіктерді сақтау туралы нақты ұсыныстары да бар.
Дермене – асыл шөп. Бойы 50 сантиметрге  дейін өсетін жартылай бұталы, көпжылдық өсімдік. Оңтүстік Қазақстанда, Арыс,Түркістан аймағында жиі кездеседі. Улы өсімдік. Әсіресе, гүл жармай тұрғанда, жапырақтарында улы зат – сантонин пайда болады. Сол себепті, одан жасалған дәріні дәрігердің кеңесінсіз пайдалануға болмайды. Ел ішінде дермененің адам ағзасына зияны сонша тимейтіндей қарапайым екі рецепті бар. Дермене – жусанның бір түрі. Көпсабақты, балауса кезінде сабақтары түкті әрі сарғылт жасыл болады. Өсе келе, сабағы тыңайып қатаяды. Түксіз  қызғылт сары түске енеді. Тамыры жуан, тармақтанған, сүректі. Дермененің төменгі жапырақтары сағақты. Ұзындығы 2,5-4 сантиметрдей және тілімденген. Жоғарғы бөлігіндегі жапырақтары бүтін, айыл пішінді, қысқа. Дермене Қазақстанның шөлді өңірлерінде өседі. Орта Азияда, Тәжікстанда көп кездеседі. Дермененің ел ішінде бірнеше атауы бар. Мысалы, дәрмене, дермене жусан. Халық медицинасында оны жүрек талмасы бар науқастарға пайдаланады. Дәрілік шикізат ретінде тамырымен есепсіз жұлынғандықтан, бүгінде қатары қатты сиреген.
0 дауыс
Дәрілік  қасиеті  ерекше  - дермене жусаны фармакология ғылымында –Artemisiacina Berq  деп  аталады. Ежелден  халық  дермене жусанының жапырақтарын,   гүлдерін, тұқымдарын  және сабақтарын  дәрілік шикізат ретінде пайдалана білген.  Алдын оның сабағының  жоғары тұсындағы жапырақтарын гүлі ашылмай тұрған кезде жинап алады. Гүл жармай тұрғанда, жапырақтарында улы зат – сантонин пайда болады. Содан кейін гүлі мен сабақтарын жинайды.      Сантонин  ұнтағынан -ішек құрт  ауруларын емдеуге  қолданатын күшті дәрі-дәрмек дайындайды. Дермене жусанының атағын  шығарған  осы сантонин ұнтағы. Дермене  жусанның бұтақшасы Шымкент  қаласының  таңбасында (герб), "Ордабасы" футбол командасының  таңбасында  бейнеленген.
...