Мәселен, үш адамды алайық. Адамдар лоторея ойнайды. Финалға шығады. Шешуші момент. Алдын ала ескертейік, үш адам да ұтылады. Бірақ маңыздысы ол емес, маңыздысы адамдардың сол оқиғаға қалай қарайтындығында.
1: Адам ұтылды. Көңіл күйі түсіп кетті. Ұтылған себебін басқа бір жеке проблемасымен байланыстырып, көңіл күйін одан сайын түсіреді.Бұл жәй ғана лоторея екендігінде шаруасы жоқ, бар ойы жолы болмай қалғандығы мен басқа да сәтсіз оқиғаларды есіне алу. Одан кейін төмен көңіл күйде басқа да болып жатқан әрекеттерге әсер ету. Достары шақырса, бармай қою, бір танысы не болғанын сұраса, қырсығып ашуланып жауап беру немесе сылбыр жауап беру.
2: адам ұтылды. Көңіл күйі түсті. Бірақ бұндай сәтсіздіктер болып тұратынын мойындап, жақсыдан да үміт күтіп осы оқиғаны жайына қалдыруды жөн санайды.
3: Адам ұтылды. Бірақ бұл жәй ғана лоторея екендігін жақсы біледі. Ұтылысына еш қам жемейді. Тіпті бұл адам болып жатқан болымсыз жағдайларды көңілге қатты қабылдамайды, қажет кезде юмормен жауап береді. Шындығында, бұл өмірде көңіл күйді түсіріп қарауаға тұратын дүниелер өте аз. Барлығы делік болмашы нәрселер ғана.
Мен психолог емеспін. Бірақ, көңіл құлазу барлық адамда болатыны белгілі. Бірақ, барлық адам бірдей әрекет жасамайды депрессияға қарсы. Саналы түрде, депрессия - адам өз жағдайына қарай, көңіл күйінің, айналадағы белгілі бір факторларына байланысты өзгеруге ұшырайтын жағдайы ғана. Ол фактор себебінен, адамның байқатқан реакциясына сай әсерін байқауға болады.