+3 дауыс
83.0k көрілді
Ана тілі туралы өлеңдер керек, авторымен?

12 жауап

+3 дауыс
 
Жақсы жауап

Ана! - десем ана тілі ойға оралар.
Баладай қуанарсың тойға барар.
Тыңдасаң көне аңыздан көркем нақыл
Олжам да қанжығама байлап алар.
                                      *  *  *
Тере білсек бір -бір ауыз қара өлең,
Неше миллион інжу-маржан шамамен?!
Қанша гүлден -қазақ тілі бақшасы,
Қандай дана өлшер қандай бағамен?!
                                      *  *  *
Ерке тіл, еркелеткіш тілім кенім:
Еркежан, айналайын, күнім менің,
Ақ ботам, қоңыр қозым, алтын айым,
Қанша рет жүрек толқып, сүйінгенің!
                                      *  *  *
Ана тілім ырысты ма, кұнды ма?
Деп сұрамас, тегін білген сұңғыла.
Туған тілде ас қайырған сайын да,
Оқығандай серпіліп қал бір дұға.
                                      *  *  *
Шұлғытар орыс тілді Олжастарды,
Жарқырат қазақ тілі алмастарын.
Халқына олжа салған айта алады,
Кім қосты сандығыңа мен қосқанды?!
                                      *  *  *
Жұпарлы қырда алуан гүлдер таптым,
Өміршең өзіміздің тілден таптым.
Тіл екен жемістісі, жұпарлысы,
Аялап халық баққан гүл мен бақтың.

М.Әлімбай

маладес красавчик бырак дурыс жазбапсын
+1 дауыс
Еркелетіп, мейірленген әкемді,
«Құлыным»-деп аялаған әжемді.
Ана тілім мен өзіңнен іздеймін,
Сағым болған ұмытылмас кезімді.

Әкем айтқан ұлағаты өзіңде,
Әлдилеген анашымның сөзі де.
Туған тілім-нағыз досым өмірде,
Сөйлемесең жай таппайды көңіл де.

Туған тілмен ұрандадым «қазақ»-деп,
Елім болды жат-жұрттықтан азат деп.
Желтоқсанда жарқырап алға шыққандар,
Армандады «туған тілім, елім еркін болар»-деп.

Қазақ елі қалыптасты өзіңмен,
Ұлдар өсті тәлім алған сөзіңнен.
Қара көздер ұмытқандай болса егер,
Жан болғаны өз елінен безінген.
+1 дауыс
Тілім менің мен өзің деп мақтанам
Басқа тілдің тарих сыры жат маған.
Туғаныма мендағы қазақ болып
Ана тілім арыңменде барыңменде мақтанам.

Тілім мені бұлбұлдайғып саиратқан
Талай жауды өткірлікпен қайратқан.
Сен арқылы келгендеимін дүниеге
Шырылдап жылап сәби болып қайтадан.

Тілім менің қазынам сен барсыңдеп
Өзің жайлы жатырмын жырғып тербеп.
Тілім сенің нәріңменен сусындасам
Сен дегенде тулаиды бойымда қан.

Тіл арқылы ұғынымын түсінем
Сыйласамын үлкенменде кішімен.
Тіпті жауға қарусызда шығалам
Ана тілім құдыретті күшіңмен.
өтініш мына өлеңнің авторы кім?
Тілім менің мен өзің деп мақтанам
Басқа тілдің тарих сыры жат маған.
Туғаныма мендағы қазақ болып
Ана тілім арыңменде барыңменде мақтанам.

Тілім мені бұлбұлдайғып саиратқан
Талай жауды өткірлікпен қайратқан.
Сен арқылы келгендеимін дүниеге
Шырылдап жылап сәби болып қайтадан.

Тілім менің қазынам сен барсыңдеп
Өзің жайлы жатырмын жырғып тербеп.
Тілім сенің нәріңменен сусындасам
Сен дегенде тулаиды бойымда қан.

Тіл арқылы ұғынымын түсінем
Сыйласамын үлкенменде кішімен.
Тіпті жауға қарусызда шығалам
Ана тілім құдыретті күшіңмен.
0 дауыс

АНА ТІЛІ САБАҒЫНДА

-Ана тілі тым оңай!

Деп Күлдірген тыңдамай

Терезеге қарады,

Теректерді санады.

Оны көріп мұғалім,

Қойды кенет сұрағын:

-Айтшы, тұрып сен енді

Анықтауыш дегенді.

-Анықтауыш ... Әрине ...

Анықтайды бәрін де ...

Күбір сөзі ұзарып,

Күлдірген тұр қызарып.

Ана тілін білмесең,

Аһ ұрасың күнде сен.

                                      Әдібай Табылды

0 дауыс

АНА ТІЛІҢ – АРЫҢ БҰЛ

Ана тілің біліп қой,

Еркіндігің, теңдігің.

Ана тілің біліп қой,

Мақтанышың, елдігің.

 

Ана тілің – арың бұл,

Ұятың боп тұр бетте.

Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте!

                                      Қ.Мырзалиев

 

АНА ТІЛІНЕ ТАҒЗЫМ

Ана тілі – біздің туған анамыз!

Анамыздай сыйлап, бағып-қағамыз.

Ана тілін бағаласақ, қалай біз

Өзіміздің сондай болмақ бағамыз.

Ана тілін кім аялай білмесе,

“Анасынан безген ұл!” – деп қараңыз.

                                      М.Әлімбаев

 

АНА ТІЛІ

Ақыл-ойын адамның

Ана тілден аламын.

Ана тілім ардақты,

Ақ сүтіндей анамның.

 

Өсірген ой білімді,

Сүйем туған тілімді.

Мақсат етем әр сөздің

Мәнін  терең білуді.

                                      Ә.Табылды

0 дауыс
АНА ТІЛІМ, КҮМБІРЛЕ САРАЙЫМДА!
Тілін білген Абылай, Абайым да,
Құдырет берген ана тіл талай ұлға.
Қасиетті сол тілдің арқасында
Ерікті ел боп алысқа қарайын да.
Ана тілім, күмбірле сарайымда!
 
Тағдырым, даралама тілден мені,
Тіл – елмен қауыштырар іргемдегі.
Тіл – елмен табыстырар алыстағы,
Аспандатар жердегі жүрген мені.
 
Тілмен өрлер мерейім өрлесе де,
Тілсіз бақытын басынан ел кешер ме?
Тілер едім таусылса ақтық демім,
Жерлеңдер деп тілменен жерлесең де...
 
Ерекше бір сән беріп көшке бүгін,
Келе жатыр жаңғырып өшкен үнім.
Ана тілім рухымды көтереді,
Самал тербеп тұрғандай текше гүлін.
 
Өмір кешіп басынан ала құйын,
Жат жерінде күңіренткен дара күйін;
Атамекен,
Аңсаған Ана тілін,
Арманда өткен Мысырда Фарабиім!..
 
Көме түсіп көкірекке кекті мұңын,
Жетпіс жылды өңгеріп өтті күнім.
Ана тілмен жазған ғой Мұса Жалил
Түн – түрмеде отырып отты жырын...
 
Ана тілсіз тарих та жасалмайды,
Ана тілсіз іс өрге баса алмайды.
Желмаяның үстінде желіп жүріп,
Күңіренбеген тектен –тек Асан Қайғы
 
Тілін білген Абылай, Абайым да,
Құдірет берген Ана тіл талай ұлға.
Қасиетті тілімнің арқасында
Ерікті ел боп алысқа қарайын да.
Ана тілім, күмбірле сарайымда!..
 
*  *  *
Бәлкім, дарыр жаныңа сенің де өнер,
Сонда ғана бір жүгім жеңілденер.
Қара бұлттар айығып аспанымнан,
Күңгірт тартқан жан дүнием көңілденер.
Ана тілмен сомдалар тыныстағы үн,
Ана тілді мен дәйім пір ұстадым.
 
Ана тілдің жолында ұғын, балам,
Садақа ғой
Даңқ пен күміс тағың!..
М.Айтхожина
0 дауыс
АХМЕТ ЖӘНЕ АНА ТІЛІ
Қазақтың әсте  елеңдер
Аз емес лағыл-жақұты ...
Ахмет, ақаң, кемеңгер –
Ана тілінің бақыты.
 
Ұрпағын ақын мінесе,
Ұға ма мәңгүрт,
Мақаулар?!
Алтындай қымбат мың есе
Ахмет тапқан атаулар.
 
Жылына емес,
Күніне
Жүз мәрте кіріп майданға,
Құдыреті бар тіліне
Құдырет қосқан пайғамбар.
 
Ұйқылы-ояу өмірде
Оятты ол неше жұртымды,
Сезінбес бұлай Тәңір де
Өзі жаратқан бір тілді!
 
Біліңіз!
Жақсы біліңіз!
Ұстаңыз есте ұдайы:
Қашан да
Ана тіліміз –
Қазақтың басты құдайы.
                                                        Қ. Мырза-Әли
0 дауыс
ҚАЗАҚ ТІЛІ
 
Күш кеміді, айбынды ту құлады;
Кеше батыр – бүгін қорқақ, бұғады.
Ерікке ұмтылған ұшқыр жаны кісенде,
Қан суынған, жүрек солғын соғады.
 
Қыран құстың қос қанаты қырқылды,
Күндей күшті, күркіреген ел тынды.
Асқар Алтай – алтын ана есте жоқ,
Батыр, хандар – асқан жандар ұмытылды!
 
Ерлік, елдік, бірлік, қайрат, бақ, ардың,
Жауыз тағдыр жойды бәрін не бардың ...
Алтын Күннен бағасыз бір белгі боп,
Нұрлы жұлдыз, бабам тілі, сен қалдың!
Жарық көрмей жатсаң да ұзақ, кен – тілім,
Таза, терең, өткір, күшті, кең тілім.
Тарап кеткен балаларыңды бауырыңа
Ақ қолыңмен тарта аларсың сен, тілім!
                                               М.Жұмабаев
 
АНА ТІЛІМ
 
Ана тілім –
Анам тілі болғаннан,
Ана тілім -
Бабам тілі болғаннан,
Далам тілі,
Балам тілі болғаннан,
Арғы-бергі Заман тілі болғаннан ...
Темірқазық жұлдызым деп ұқтым мен,
Жаза басып,
Жаңылыссам жолдардан,
Бағыт сілтеп,
Бағдарымды оңғарған!
 
Тірлігімнің,
Бірлігімнің нәрін мен
Жұтар ауам,
Ішер суым, дәміммен –
Тіл деп ұқтым,
Тіл деп ұқтым бәрін мен
Құдыретті тәңірден!
 
Жара түссе жазатайым жаныма
“Айналайын!” деген сөзден табылды ем.
“Тіл өлгеннен - өлмейді адам”, - дегенді
Көп естідім,
                   Бірақ оған мен енді
сенген жоқпын,
Тілсіз, ділсіз адамдар
көкірегі – көр, сезімі – тас керең-ді,
Көре алмайтын Биіктікті,
Ұға алмайтын Тереңді!
 
Сусыз, нұрсыз өспейтіндей гүл,
Тілсіз, жырсыз тіршілік те тұншығар.
Аспан, Жердің амандығын апаттан
Сақтап тұрған қасиетті Тіл шығар,
Тіл болмаса үнсіздікке кім шыдар?
 
Жалғасқанда жақсылықтың жолы әман,
Дүние – думан,
Шалқып – толқып толар ән.
Сырым – жырым,
Әнім – күйім,
Зар – мұңым,
Қуанышым – бұла күшім,
Таң нұрым –
Бабам тілі,
Анам тілі, бол аман!
                                                        Е.Зікібаев
0 дауыс

ойдан өлең шығарып беріңіздерші өтінемін тіл туралы алдын ала рахметімді білдіремінsmiley

0 дауыс
Маған шағын оңай тіл туралы өлең тауып бересіздерме

Отініш

Алдын ала рахмет
0 дауыс
Расул Ғамзатов - Ана тілі
0 дауыс
Кім ойлайды амандығын тілінің
Шала қазақ орыс тілің білгенің
Айтар біреу осы қазақ жеріңде
-Дені дұрыс бір қазақ жоқ екен деп
...