–1 дауыс
18.1k көрілді
3 жақ -ты айтып беріңіздерші тез тез маған керек болып тап қазір?

4 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап
жекеше түрде 1-ші жақ мен, 2-ші жақ сен, сыпайы түрде сіз, 3-ші жақ ол, Көпше түрде 1-ші жақ біздер, 2-ші жақ сендер, сыпайы түрде сіздер, 3-ші жақ олар.
0 дауыс
3 жақ жекеше түрде ол көпше түрде олар......................
0 дауыс
Жекеше ол, көпше олар.........
0 дауыс
Жақ, тіл білімінде — сөйлеуші мен өзгелер арасының қатынасын білдіретін, зат есім мен етістікке тән грамматикалық категория. Қазақ тілінде жақтық мағына жіктік, тәуелдік жалғауларымен беріледі. 1-жақ — сөйлеуші, айтушы жақ, 2-жақ — тыңдаушы жақ, 3-жақ — бөгде жақ деп аталады. Зат есім 3-жақта жіктеледі, тәуелденеді: 1-жақ: “Мен ұстаз-бын”. 2-жақ: “Сен ұстаз-сың”. “Сіз ұстаз-сыз”. 3-жақ: “Ол ұстаз”; 1-жақ: “Менің үйім”. 2-жақ: “Сенің үй-ің”. “Сіздің үй-іңіз”. 3-жақ: “Оның үй-і”; Бірақ зат есімнің бәрі емес, адамға, оның кәсібіне, бейіміне қатысты зат есімдер ғана жіктеледі. “Мен жақсымын”, “Сен басшысың”, т.б. Етістік те 3 жақта, белгілі бір шақта тұрып жіктеледі. Мысплы, 1-жақ: “Мен айтқан-мын”, “отыр-мын”. 2-жақ: “Сен айтқансың”, “отыр-сың”, “Сіз айтқан-сыз”, “отырсыз”. 3-жақ: “Ол айтқан”, “отыр”.Яғни айтқанда 1жақ: мен көпше түрде біз.2жақ: сен,сіз көпше түрі сендер,сіздер.3жақ:Ол көпше түрде олар.
...