+3 дауыс
33.6k көрілді
Артық салмақтан қалай құтылуға болады? Досым өзінің артық салмағынан қатты ұялады.Қолайлы диета болсын,жаттығулар болсын нақты мәлімет берсеңіздер.

7 жауап

+7 дауыс
 
Жақсы жауап

Арықтаудың амалы

Бірінші тәсіл:

«1. Арықтау үшін, тамақ жемей, күні бойы аш жүру – ақымақтық. Тамақтанудан бас тарту арқылы асқазаныңның қызметін бұзып алатыныңды ұмытпа.

2. Спортпен айналысып, дұрыс тамақтануға дағдылан. Қимыл, әрекетсіз диета ұстаудың нәтижесі шамалы болмақ.

3. Артық салмағыңнан арылғың келсе, спортпен айналыс.

4. Егерде диетаның екінші, үшінші аптасында өзің ойлағандай көрсеткішке қол жеткізбе-сең, онда қам жеме. Өйткені диетаның бірінші аптасында адам ағзасы май мен сұйықты мөлшерден көп жоғалтады. Сол себепті алғашқы аптада едәуір салмақ тастайсың.

5. Қол жеткізген көрсеткішті сақта, одан артық салмақ қосудан абай бол.

6. Аптасына екі рет таразыға өлшенгенің абзал. 12 кг салмақ қоссаң да одан арылуға тырыс.

7. Аздан, жиі тамақтан. Күнделікті тамақтану мәзірін қадағала.

8. Қонаққа бара қалсаң, диеталық дастарқандағы аспен ғана тамақтанғаның жөн. Мәселен, жеміс-жидек, майсыз ет, салат жапырақтары.

9. Айналаңдағыларға диетада екеніңді айтудың қажеті жоқ.

10. Қонақта мерекелік торттан бас тарта алмауың мүмкін. Ондайда көз алдыңа әдемі көйлектеріңнің тар болып қалғанын елестет.

11. Суды, жалпы сұйықты көбірек іш.

12. Тамақты шағын тарелкеғасалып же».

Екінші тәсіл:

«1. Қанттың, ұннан даярланған тағамдардың және майдың мөлшерін барынша азайтыңыз.

2. Негізгі тағамыңыз ет, жеміс-жидек, көкөніс болуы тиіс.

3. Күніне бес рет тамақтаныңыз: таңертеңгі, одан соң екінші таңертеңгі ас, түскі, түстен кейінгі және кешкі ас.

4. Тамақты асықпай ішіңіз. Алдыңыздағы асты баяу және сүйсініп жеңіз, сонда тез тойып қаласыз.

5. Күнделікті тағамыңыздың негізгі бөлігін таңертеңгі және түскі ас кезінде қабылдаңыз. Кешкі асқа жеңіл тағам жеген жөн.

6. Қозғалуды да естен шы-ғармаңыз. Егер жұмысыңызда негізінен отыратын болсаңыз, жұмысқа келерде немесе қай-тарда шамалы болса да жаяу жүріңіз.

7. Егер жоғарыда аталған кеңестердің бәрін орындаған-мен салмағыңыз түспесе, салмақты біртіндеп түсіретін қан-дай да бір емдәм ұстаныңыз.

8. Егер салмақты тез түсір-гіңіз келсе, қандай емдәмнің қолайлы екендігін дәрігерден сұрап, біліңіз.

9. Егер қол жеткен салмағы-ңызды тұрақты сақтағыңыз келсе, дұрыс күн тәртібін үне-мі сақтаңыз. Олай болмаған жағдайда, қайта толып кетуіңіз әбден мүмкін».

 Семіздіктің алдын алу

Адам өзінің дене салмағы қалыпты жағдайдан 3-4 келі өсісімен-ақ, толысудың алдын алуға тиісті. Ол кейін емделгеннен әлдеқайда тиімді. Сол себепті, салмақ өсіп бара жатқанында жеңіл тамақтануға көшкен немесе белсенді әре-кет жасау арқылы денеден шығатын қуаттың мөлшерін арт-тырған жөн. Және де тағамның қуатын май мен көмірсуының есебінен азайту, белоктар тағамның алмастыруға болмайтын бөлігі болғандықтан оларды азайтпау қажет. Артық салмақ қосуды қаламайтын адам
ет, сүт өнімдерін, малдың майын, тәттілерді, нан, ботқа, картопты көп қолданбайды, тәбетті арттыратын дәмдеуіш-тер мен ащы нәрселерді шек-тейді, тұзды өте аз мөлшерде пайдаланады. Осы орайда тұздың тәнде су жинайтыны ес-теріңізде болсын.

Сонда қандай тағам жеген дұрыс. Оған тамақтану инсти-тутының мамандары мынандай кеңес айтады: қара нан әйтпесе ірі тартылған ұннан жасалған тоқаш жеген, майсыз етті, ба-лықты, майы алынған қатықты, сүтті, көкөністердің барлық түрін қолданған дұрыс. Академик А.Покровский семіз адамдар үшін тамақтану тәртібін жасаудың жалпы шарттары жө-нінде былай дейді:

«Рационның энергетикалық құндылығын шұғыл шектеу керек, бірақ ағзаның белок, алмастырылмайтын көп жақты қанықтырылған майлы қыш-қылдар, дәрумендер мен минералды заттар жөніндегі қажеттері толық қамтамасыз еті-луге тиіс;

Дәрігерлердің кеңесі бойын-ша денеге түсетін салмақты мөлшерлеп көбейту есебінен ағзаның энергия жұмсауын мүмкіндігінше көбейту керек;

Тамақты аз-аздап ішуді қам-тамасыз ететін тамақтану тәр-тібін қатаң сақтау қажет».

+6 дауыс
Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с) хадисы бойынша егер әр адам ас ішер алдында, иә болмаса ас ішіп отытырғанда су ішу керек. Үнемі солай істесе адамнын денсаулығын бір қалыпты ұстап тұрады. Ал тамақтан соң ішу ол зиянды.
+4 дауыс
Негізі ол спортпен күні-бойы айналысқаны дұрыс деп ойлаймын. Таңғы 5-те тұрып 8-ге дейін жүгірсін. 8-ден 11 ге дейін спортпен айналыссын. Сосын қалағанын істеп сағат кешкі 8-ден 9-ға дейін жүгіру керек!
Егер спортты тастап кетсе салмақты қайта қосып алуы мүмкін ғой. Сондықтан тағамға, ұйқыға көп көңіл бөлу керек сияқты.
0 дауыс
арықтау үшін 5 упражнений монахов дегенді іздеп күніне сол аттығуларды орында, оте пайдалы, тек арықтауга гана емес, толуга да комектесетин жаттыгулары бар.
0 дауыс

Артық салмақ дисізба? мен өзім семіре алмай жүрмін!!!!!!!!smiley

0 дауыс
1. Шынтақ тізе Түрегеліп тұрып, қолды айқастырып мойынға салыңыз, шынтақты мейлінше артқа қарай жіберңіз. Сол қалыппен төмен иіліп, оң шынтағыңызды сол тізеге, сол шыңтақты оң тізеге тигізіңіз. 20 рет қайталаңыз. 2. Бір жаққа иілу Орындықтан бір қадам алшақ тұрып, сол аяқты орындыққа қойыңыз. Оң жаққа иіліп, қолдың ұшын оң аяққа, кейін аяқтың басын тигізіңіз. Дем алып, асықпай 10 рет қайталаңыз. 3. Аяқты тасымалдау. Шалқаңыздан жатып, қолды шынтаққа бүгіп, алақанды бір біріне тіреңіз. Сол аяқты созып, оң аяқты тізеден бүгіп, сол жаққа жамбаспен бұрылып, орнына келіңіз. Оң аяқты созыңыз. Кейін сол аяқпен де орындайсыз. 15 рет қайталаңыз. 4. Денені шыр айналдыру. Екі аяқты алысырақ ұстап, түрегеп тұрыңыз. Қолыңызды мықынға тіреп, денені алға, солға, оңға бұрып, айналыңыз. Кезекпен кезек айналдырыңыз. 10 рет қайталаңыз. 5. Денені баяу бұру Алдымен еденге жайғасып отырыңыз. Кейін екі аяқты екі жаққа созып, қолыңызды алға созыңыз. Денені сол жаққа, одан соң оң жаққа, баяу бұрыңыз. Шалқадан жатып, денені босаңсытып, қалыпты дем алыңыз. 4 рет қайталаңыз. 6. Бір қырымен жатып, орындалатын жаттығу. Өте қиын жаттығу. Тыңғылықты орындасаңыз бел мен мықымның арықтауына әсер етеді. Сол аяқты бүгіп, сол қырымен жатып, оң аяқты оның толарсығына салыңыз. Алақанды бірінің үстіне бірін қойып, маңдайды тіреп, төмен қарап жатыңыз. Бір дегенде отырып, сол аяғыңызды көтеріңіз, оң қолыңызбен толарсағыңызды ұстаңыз. Оң аяқты қалпында қалады. Бірден толарсаққа дейін жетпесе, абыржымаңыз, күніге жасасаңыз жетеді. Дұрыс дем алыңыз. 3 рет, кейін 10 рет жасаңыз. Оң жаққа ауысып қайталаңыз. Сезіздіктен арылатын 7 нәрсе 1.Су. Арықтуға арналған емдәмнің негізгі түрі. Сұйықтықтың шамадан тыс кідіруін төмендетеді. Денемізді сусызданудан қорғайды. Сусызданған ағза, шөлді аштықпен шатыстыруы мүмкін. Бұл құнарлылықты қолданылуына әкеледі. 2.Салат. Дәрумендерге бай болғандықтан ағзадағы артық майдан арылуға мүмкіндік береді. 3.Алма. Асішердің алдында алма жеген адам көбірек салмақ жоғалтады. Алмамен ашығу нәтиже бережі 4.Жұмыртқа. Таңертеңгі ас зат алмасуды жеделдетеді. Көп калорияны азайтамыз. Жұмыртқа жеген адамдар күні бойы аштықты сезінбейді. Құнарлы асқа онша тәбеті зауқы соқпайды. 5.Сүт. Майдың мөлшері аз сүт өнімдерінде кальцийдің көп мөлшері бар. Сүт құрамында кальцийді сіңіруне мүмкіндік туғызады. 6.Майсыз ет. Күркетауық немес сиырдың еті сияқты, майсыз түрлерінің құрамында бұлшық еттердің түзілуі үшін қажетті көп ақуыз бар. 7.Грейпфрут. Арықтаға арналған тамаша элементі болып келеді. Құрамында көп пектин, май деңгейінің азаюына әсер етеді.
0 дауыс

Ол үшін күнделікті жеп журген тамактын мөлшерін аздап азайту керек және жаттығулар жасап тұру қәжет.

Ұқсас сұрақтар

+4 дауыс
13 жауап
+2 дауыс
9 жауап
0 дауыс
9 жауап
+3 дауыс
6 жауап
Белгісіз 14.11.2011 Денсаулық сұрақ қойды
...