Бізге қажет заттар.
-
3-4 уыс макарон.
-
жарты пиялай пісте май.
-
4 картоп.
-
2 дана пияз
-
1 шәйнек қайнап тұрған су. :)
-
1 ас қасық тұз.
-
астың дәмін келтіру үшін қосымша преправа.
Неге екені білгісіз мен ет қосып жасай алмаймын. Ет қоссам үнемі шикі пісіп қалады. Сондықтан ет қоспаймын, оның үстіне үйде ет жоқ екен. )))
Қыздарымыздыкі әдемі әрі дәмді болғанымен, біз үшін ол тағамдарды істеу қиындау. Сондықтан жігіттерге оңай әрі қарын ашқанда жылдам дайын болатын асты әзірлейтін боламыз!
Ас әзірлейтін орынды да дайындап аламыз. Бізге керегі қазан мен 1 шәйнек су.
Барлық картопымыз бірдей пісу үшін бір көлемде, төрт бұрышты қатты жұқа етпей турап аламыз.
Макаронды қазанға салып қызарғанша қуырып аламыз.
Қазанның астына аздап май құямыз. Майды көп қоспағаныңыз дұрыс. Аздап жарты пиялайдан да аздау етіп құямыз. Сосын оған кішкене пияз салып қарайғанынша күйдіріп оны алып тастаймыз.
Сосын пиязды алдап қырып, үстіне картопты да салып қуырамыз. Үстіне аздап шәй қасып томаттан салып қызарғанша картопты жақсылап тұрып қуырамыз. Сосын жарты қазан қылып алдын дайындап қойған суды құямыз. Картопқа тұздың жақсылап сіңіп, астың дәмді пісуі үшін су құйған соң артында 1 ас қосық тұз салып, картоптың пісуге шақ қалғанынан қайнатамыз. Арасында клип көріп, тағамымды істеуге кірісіп кетемін. Картоп пісуге жақындағанда, қазанды ашып жай тексеріп көреміз. Егер картопымыз езілгелі тұрса, қуырып алған макаронымызды қазанға саламыз. Судың деңгейі біз салған макароннан сәл ғана биік болып тұруы керек. Себебі макаронымыз суды тартып алады. Сол кезде жұмсақ болып піседі. Асты күйіп кетпес үшін астыңғы отын бәсеңдетеміз. Субарлық жеріне бірдей тиуі үшін, қазанды қолымыздағы үлкен қасықпен(кәкпір)-мен шайқап-шайқап жібереміз. Асты күйіп кетпес үшін және біріңғай пісу мақсатында 7-8 минуттан соң қазанды ашып, араластырып-араластырып жіберіп қайта қақпағын жауып қоямыз. Сосын 10 минуттай піскенін күтеміз. Оооооо дайын болып қалыпты. :) Қазаннан ыдысымызға салып алып дастарханға жайғасамыз. Қазір жаз мезгілі, дүкеннен барып аздап қызанақ(памидор) сатып алып жақсылап турап, осы асқа салып отырып жесеңіз қатып кетеді. Ал менің ең жақсы көретінім қызанақ турағанда астына жиналған суды тағамның бетіне құйып жіберіп сүйсініп отырып жеу. мммм әдемі шыққан екен.
Шайым да дайын болды, тағамым да дайын. Асықпай өзім істеген кешкі асымды ішіп алып жұмысқа қарай кеттім. p.s. Айналдырған 2-3 тағам білемін. Сондықтан қолымнан келгені осы. Келесі жолы қалай картоп қуыратынымды және қалай кұріш сорпаны әзірлейтінімді жазып көрермін. Себебі бар білетінім осы тағамдар.