Ахмет Байтұрсынов-қазақтың ұлы ғалымы, түріктанушы, аудармашы, педагог. 1873 ж. қаңтардың 25 жұлдызында Торғай уезінің Тосын болысындағы шаруа отбасында туған.
1891ж.Торғайдағы екі сыныптық орыс-қазақ училищесінде оқиды. Кейін Орынбордағы мұғалімдер семинариясына түсип, оны 1895ж.бітіреді. 1896-1907 жылдары А.Байтұрсынов Ақтөбе, Қостанай және Қарқаралы уездеріндегі ауылдық және болыстық мектептерде, екі сыныптық училищелерде мұғалім болып қызмет атқарады.
Ол халыққа білім беру саласында көптеген мақала,оқу құралдарын жазды. Оның «Әліпби», «Тіл туралы», «Әдебиет танытқыш» атты оқулықтары мен қазақ тілінің табиғаты, араб алфавитінің жайы, терминдер, қазақ тілін оқыту әдістемесі туралы мақалаларды ұлт мәдениетін өркендетуге қосқан үлкен үлес болып саналады.