0 дауыс
38.5k көрілді
Қазақстан тарихы дерек көзінің түрлері және сипаттамасы?

3 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Қазақстан тарихының дерек көздерінің түрлерін былайша жіктеледі: 1. археологиялық деректер; 2. Жазба деректері, 3.фольклорлық деректер және халық ауыз әдебиеті дерек ретінде (батырлар жырлары, эпостар, дастандардағы ұлтымыз тарихына байланысты мәліметтері); 4. жылнамалар, 5. Мерзімді басылымдар; 6. Заң актілері; 7. Шежіре. Бұл шартты түрлері.

Деректерді пайда болу тегіне, сыртқы ерекшеліктеріне қарай үлкен типтік топтар сыныпына, оның ішінде шағын топтарға бөлуге болады:

-заттай деректер – археологиялық ескерткіштерден бастап қазіргі машиналар мен техникаға дейін;

-көркем сурет деректері-сурет өнерінің, жалпы өнер саласының барлық туындылары;

-сөздік деректер – күнделікті сөйлеу мәнерінен бастап халықтың ауызша шығармашылық ескерткіштері толығымен;

-жазба деректер-этнографиялық материалдардан бастап мазмұны мен формасы  сан алуан болып келетін жазба ескерткіштерінің бәрі;

-дыбысты деректер – сөзсіз немесе сөзбен бірге орындалатын (саз, әуен, ән т.б.);

-салттық деректер – тұрмыста, мінез-құлыққа қалыптасқан дәстүрлер, әдет-ғұрыптар.

Көптеген тарихи деректер тобы белгілі бір типтерге жатпайды, олар аралық типтерді, аралас типтерді құрайды. Мысалы, теңгелер – ол заттай да, бейнелеу де, жазба да топтарына жатады, кинофильмдер-онда бейнелеу де, сөз де, дыбыс та бар.
0 дауыс

жазбаша деректер                        ауызша деректер

0 дауыс

Тарихи деректер: ауызша және жазбаша, археологиялық, этнографиялық және антропологиялық дерек көздері болып бөлінеді.

Ауызша деректер-

1) тарихи аңыздар мен шежірелер

2) мифтік аңыз әңгімелер

3)халықтық жыр-эпостары

4)ертегілер, мақал-мәтелдер, жұмбақтар, шешендік сөздер

5) салт-дәстүр жырлары (бақсы сарындары, айтыс, балалар фольклоры.

 

Жазбаша тарихи деректерге-

1)патшалар мен әкімдердің зардары

2) мемелекеттік және сауда құжаттары

3)жылнамашылардың,  әр заманда өмір сүрген тарихшылардың жазбалары

4)әр түрлі әдеби шығармалар

 

Тарих кітабынан 5-сынып

жауабыңызға жауап бергеніме қуаныштымын))

Ұқсас сұрақтар

...