+5 дауыс
35.9k көрілді
Маған Каспий теңізіне барып құятын өзендер туралы ақпарат керек еді.

4 жауап

+5 дауыс
 
Жақсы жауап

Каспий теңізіне 130-дай өзен құяды. Ағын су көлемінің 80%-ін Еділ, 5%-ке жуығын Жайык өзендері берсе, Терек, Сулак, Са-мур өзендері 5%-тен астам, Кура өз. 6%-тін береді. Иран жағалауындағы өзен мен Кавказдың кіші өзендері 4%-ке жуығын береді. Жалпы жер беті суының теңізге келіп құятын ең көп жөне ең аз жылдық айырмасы жүз жыл ішінде 260 км3-ді құрады. Теңіз суы бетіне шақканда өзен ағынының мұндай өзгеруі К. т. деңгейін 67 см-ге өзгертеді. Басқаша айтқанда Каспий теңізінің деңгейінің жыларалық өзгеруі құбылысында өзен ағыны ғана жарты метрді құрайды. Теңізге келіп түсетін атмосфералық жауын-шашын мөлшері тым аз. Ол теңіз деңгейін 1 см-ге ғана көтереді. Каспий теңізінде Қарабұғазкөл шығанағының маңызы зор. Әсіресе, оның суының деңгейі мен тұздылығын сақтауға ыкдал етеді. Теңізден келген әрбір км3 су шығанаққа 13 — 15 млн. т әр түрлі минералды тұздар алып келеді. Қарабұғазкөл теңіздің буландырғышы рөлін атқарады. Каспий теңізінің тұздылығы Еділ мен Жайық өзендері сағасына жайдын маңында 0,1 — 0,3%о, оңтүстік -шығыс-та 13%о-ге дейін көтеріледі. Теңізде желдің,өзен суының және жағалау сызығының әсерінен циклондық айналма ағыс пайда болады.

+2 дауыс
Мұғалжардан бастау алатын (Басы Орал) Жайық, Жем, Сағызғ Ойыл өзендері Қазақ жерінен құяды.
+2 дауыс
Орал Жайық құйатынын білемін.
0 дауыс
Дым білмейсіңдер ше нормално жауап беру керек қой адам деген
...