+3 дауыс
6.9k көрілді
Кішкентай кезімде балық тамашалауға өзенге баратынмын.Суда жүзіп жүрген балықты көрсем қатты жаным ашитын, ұстап алып ,- таза ауа жұт деп құрғаққа шығарып қоюшы едім . Ол балықтың аузын ашып жатқанын көріп , ауа жұтып жатыр екен деп қалушы ем, ол болса өліммен күресіп жатады екен де қазір ойлап қарасам.Балық неге ауамен тыныс ала алмайды?

6 жауап

+4 дауыс
 
Жақсы жауап
Балықтар ауамен демала ала ма? Балықтар негізінен су ішінде судан бөлінетін оттегімен желбезегі арқылы демалады. Ондай балықтарда өкпе болмайды. Бірақ барлық балықтар тек судағы оттегімен тыныс алады десең қателесесің. Қазіргі кезде ғалымдар суда да құрғақта да демала алатын үш балықты анықтап отыр. Олардың басқа жан-жануарлар сияқты өкпесі бар екен. Сол арқылы олар құрғақта да кәдімгі ауамен тыныстай алады. Олар Австралияда өмір сүретін "Рогозуб" Оңтүстік Америка суларында жүретін "Лепидосирен" Африканы мекен ететін "Протоптерус" атты балықтар.
–1 дауыс

Құдай солай жаратқан соң,амал нешік?

+1 дауыс

Дене бітімі, адаптациялану ерекшелігі суда өмір сүруге арналып жаратылған ғой. :)

 

+1 дауыс
Балық су астында еріген оттегімен дем ала алады емес пе?!
+2 дауыс

Өйткені олар өкпемен емес, желбезекпен дем алады.  Олар дем алу үшін ауаны тікелей судан алады. Суда еріген ауа болады. Желбезек арқылы судан кислород сүзеді.

Желбезек (branchіae) — суда тіршілік ететін жануарлардың тыныс алу мүшесі. Суда еріген оттек желбезектің жұқа қабырғасындағы қан тамырлары арқылы сіңеді де, қан құрамындағы көмір қышқыл газы (СО2) суға бөлінеді. Желбезек тарамдалған жіп тәрізді болып дененің бүйірінде орналасады.

+1 дауыс

Көркем қыз! Балық суда еріген оттегімен тыныстайды. Ауа жұтатын себебі, торсылдағына ауа толтырып алу үшін.

Ұқсас сұрақтар

...