+7 дауыс
5.6k көрілді

Аяқтың сан еттерін ұлғайтуға қандай жаттығулар жақсы? 

4 жауап

+4 дауыс
 
Жақсы жауап
Айтылған жауаптар өте пайдалы. Олар ақ бұлшық еттерін тірілтіп, нығайтады.
Бір-екі апта өз салмағыңмен отырып тұруға болады үйде.
Бірақ үшінші аптадан бастап, нәтиже шықсын десең залға баруға тура келед.
Ең тез әрі жылдам ет өсіретін жаттығу ол зілтемірмен /штангамен отырып тұру.
Бірақ ең пайдалы заттар ең тәтті заттар емес екенін білетін боларсың. Штангамен отырып тұру ең қауіпті жаттығулардың бірі. Оның зардабын емес, пайдасын ғана көргің келсе техникасын мықтап үйрену қажет.
Мындағы біреу штанганы желкеге қойып отырып тұру керек дейді. Егер сен штанганы желкеге қойып отырып-тұратын болсаң, ертелі кеш мойнын/арқа омыртқаларың күл-талқан болады.
Штанганы өте төмен салмақтардан бастап көтер. 15-20 келіден баста.
Штанганы жерден көтерме. Арнайы залдарда, отырып-тұруға арналған рамалар, тіреуіштер болады. Соған штанганы қойып, астына кіресің де, штанганы екі қолмен (арасы 50-70см қылып) қысып, астына кіресің. Штанганың грифі желкеден төмен, жауырыннан сәл жоғары, былайша айтқанда иығыңда орналасуы қажет. Ешқашан штанганы мойынға қойма. Өкініп қаласың. Мойыннан төменірек қой. Екі қолыңмен штанганың грифін езіп жіберердей қысып ұста. Себебі, білектерің босаңсып тұрса, қолыңның сіңірі созылып, кейін білегің ауырсынуы мүмкін.
Сосын штангамен отырған кезде белің қайқиып, жамбасың сыртқа теуіп тұруы керек. Жаттығудың төменгі жағында сәл еңкеюге болады. Бірақ арқаң сол күйі қайқиған күйі түзу болуы шарт.
Алға қарай тоңқайып кете берсең, біраз уақыттан соң, бел омыртқаңды мусорға тастауға тура келеді.
Сол үшін залдағы қабырғадан көзіңнің тұсынан сәл жоғарырақ нүктені белгілеп, содан көзіңді алмай отырып-тұр. Сонда беліңнің түзулігін сақтау оңайырақ болады.
Сосын отырғанда сылқ етіп отырмай, жәй, салмақты барынша бақылап отыр, тұрғанда сәл тезірек тұруға болады.  Арқаңда штанга тұрғанда жан жағыңа алақ жұлақ етпе. Әлгі нүктеңнен көз алма. Сол жаққа көзіңнің қырымен қарап қалсаң, штанганың сол жағы қисайып, зіл темірді құлатып аласың.
Не дегенмен, сен барған залдан осы жігіт біледі ау, деген біреуді тауып ал да, техникамды тексер деп айт.
Қасыңда міндетті түрде демеуші тұруы шарт. Шаршап қалған кезде, штанганы тіреуге қоя алмауың мүмкін.
Демеуші бірден екі жақтан демеуі керек. Бір жақтан демесе, штанганы төңкеріп аласың.
Аман бол амиго.

Гастарбайтер,
Әуесқой бодибилдер
+4 дауыс
Ия дұрыс сұрақ. Әр қалада көптеген спорттық шынықтыру жерлері бар. Ақыға айына ақы төлеп қоясын. Аптасына 3-4 күн барасын. Онда орналасқан барлық дене шынықтыру  құралдарын еркін қолдана берсіз. Ал үй жағдайына келсек аяқтың бұлшық етін шынықтыру үшін күніне отырып-тұру жаттығуын орындасаңыз болады. Бастапқыда аяққа ауыртпалық салмас үшін 30-40 рет отырып тұрыңыз. Сосын күніне 30-косып отырыңыз. Осылай қайталай берсеңіз аяқтың бұлшық еттері күшті болып шыныға бастайды. Адамның өзінің салмағы орта 60-70 кг болса сіз өз салмағыңызды отырып көтеріп жатсыз. Ол аяққа зор күш береді.
+2 дауыс
Секіргеннен де аяқтың сан еттері ұлғаяды.Мысалы,секірткіш құралдарды (скакалка) пайдалансаныз болады.
+3 дауыс
Ассаламу-алайкум X MAN!Оны былай ұлғайтуға болады үй жағдайында алдымен жақсылап секіріп жүгіріп денені қыздырып бұлшық еттерді қыздырып аламыз сосын жаттығуға көшеміз жаттығуды былай жасаймыз алдымен қаз жүріспен жүресін(гусеини шаг) уақытпен жасайсын болғасын штанг аласында желкеге салып қаз жүріс жүресің  штанг өз салмағыңа тура келсін ауыр болмайды белді байлауды ұмытпа кимано белдігіде болады сосын шамалы дем алып 1-2 минөт әр жаттығудан кеиін жаймен жүріп дем аласың отыруға болмайды жүрекке зиян сосын штанганы желкеге салып отырып тұрасын асықпай бірінші күні 5-еу жаса арада 2-3 күн өткесін 6-ау солай кете береді Аллаһ қаласа көресің нәтижесін
...