+4 дауыс
1.5k көрілді
Қан тапсырғанда адамнан 200-300 грамдай қан алады екен. Қан айналымы азайып адам әлсіреп қалады дейді достарым. Қан тапсырып көрген адамдар қанды тапсырған соң, не ішу керек, былайша айтқанда әлсіреп қалмас үшін не істеу керек. Егер жауабын білсеңіз жолдарын толық түсінікті етіп жаза кетсеңіз. Егер білмесеңіз бір екі сөзбен былай ғой деген бос жауап жазбай-ақ қойсаңыздар. Рахмет!

2 жауап

+5 дауыс
 
Жақсы жауап

Қан тапсырғаннан кейін не істеу керек

  • Инені көктамырдан (венадан) алғаннан кейін ине енгізілген жерді басып тұру, одан соң қолды шынтақ буыннан бүгу және 10 минут ұстау керек.
  • Көп мөлшерде сусын ішу және донар пунктінің үй- жайында кемінде  10 минут демалу, сондай- ақ қан тапсырғаннан кейін 24 сағат ішінде әдеттегіден көп мөлшерде сұйық ішу ұсынылады.
  • Егер өзіңді нашар сезінсеңіз бұл туралы донар пунктінің кез келген қызметкеріне хабарлаңыз.
  • Қызметкердің рұхсатынсыз қан алу пунктінен кетпеңіз.

Қан тапсырғаннан кейін нені істемеу керек

  • 2 сағат бойы темекі шегуге және алкогольдік ішімдіктер ішуге болмайды.
  • 8 сағат бойы күш түсетін қызметпен айналысуға болмайды.
  • Ауыр жүк көтеруге және 2 сағат ішінде қан алған қолмен физикалық ауыр жүктемеге байланысты іс- қимыл жасауға болмайды.
Жауаптарыңыз ұнады. Өте орынды. Басқа қоланушылар да толық нақты жауап беріп қалар. Сол кезде барып Жақсы жауапты таңдаймын!
0 дауыс
Венадан қан алау адистери туралы керек еди. Алдын ала рахмет!
...