+1 дауыс
69.7k көрілді
Өмірбаян жазайын деп едім, үлгісін берсеңіздер?

2 жауап

+3 дауыс
 
Жақсы жауап
ӨМІРБАЯН
 
Мен, (аты-жөні) Қазақстан Республикасының азаматы (азаматшасы) (күні.айы.жылы) ж. (қала) қаласында, (қызметкер) отбасында дүниеге келдім. Ата-анам «(атауы)»  ЖШС жұмыс істейді: әкем (аты-жөні)  – инженер, анам (аты-жөні) – кадр бөлімінің инспекторы.
(жыл)жылы (қала) қаласындағы № (нөмір) орта мектептің 1 сыныбына барып, осы мектепте (жыл) ж. 10 сыныпты бітірдім.
(жыл)ж. № (нөмір) кәсіптік техникалық училищеге түсіп, оны  (жыл) ж. бітіріп, стенография, шетел машина басу және ұйымдастырушылық техника білімімен машинист-хатшы мамандығын алдым. Училищені бітіргеннен кейін Қазақстан Республикасының Жеңіл өнеркәсіп министрлігінің машина басу бюросына машинист қызметіне жіберілдім.
 (жыл) жылы аға машинист, ал (жыл)  ж. машина басу бюросының меңгерушісі лауазымына ауыстырылдым. Тапсырмаларды табысты орындағаным үшін (жыл)  ж. (Құрмет грамотасымен марапатталдым). (жыл) ж. Министрліктің ісқағаздарды жүргізу қызметі қызметкерлерінің кәсіби шеберлігін байқауда бірінші орынды иелендім.
Тұрмыс құрғанмын. Күйеуім (аты-жөні)  (жыл) ж. туған, «(атауы)» ЖШС стандарттау бөлімінде инженер болып қызмет істейді. Екі балам бар. Ұлым – (аты-жөні)  (жыл) ж. туған, №  (нөмір) мектептің 3 сынып оқушысы, қызым (аты-жөні)(жыл)  ж. туған,  (қала) қаласы (аудан) ауданының № (нөмір) «(атауы)»  балабақшасына барады.
Мекенжайым: (қала) қ., (көше) к-сі, № (нөмір)-үй,  (нөмір)-пәтер. Үй телефоны: (нөмір). күні.айы.жылы) ж.
Көп жері сіздің өміріңізге келмес! Мысалға Тұрмыс жағдайы дегендей ! Бұл тек үлгі ғана ұнамаған жағдайда айып етпеңіз!
+1 дауыс
Өмірбаян

Мен, Бахтыгүл Нұрахметқызы Қоқышева, 1965 жылы 12-і мамырда, Алматы қаласында, қызметкерлер отбасында дүниеге келдім. Ата-анам "Қызыл Ту" ғылыми-өндірістік бірлестігінде :әкем - Қоқышев Нұрахмет - инженер конструктор, шешем - Қоқышева Гүлмәрия - кадр бөлімінің инспекторы болып қызмет атқарады. 198О жылы мен № 33 қалалық орта мектептің 8 класын бітіріп, № 9 кәсіптік-техникалық училищеге түстім.Оны 1981 жылы бітіріп, стенографияны, шетелдік машинкада басу және ұйымдастыру ісінің техникасын меңгерген хатшы-машинистка мамандығын алдым.Училищені бітірген соң Қазақстан Респ. Жеңіл өнеркәсіп министрлігінің машбюросына жолдама алдым. 1983 жылы машинистка, ал 1985 жылы машина бюросының меңгерушісі қызметіне ауыстырылдым. 1984 жылдың тапсырмаларын табысты орындағаным үшін Министрліктің Құрмет грамотасымен наградталдым. 1985 жылы Министрліктің іс жүргізуші қызметкерлерінің кәсіптік шеберлігі байқауында бірінші орын алдым. Тұрмысқа шыққанмын. Күйеуім - Отарбаев Аманжол Отарбайұлы. 1961 жылы туған. "Алматықұрылыс" акционерлік-коммерциялық бірлестігі стандарттау бөлімінің инженері. Екі баламыз бар. Ұлымыз - Отарбаев Азамат Аманжолұлы, 1989 жылы туған және қызымыз - Отарбаева Назым Аманжолқызы, 1991 жылы туған. Алматы қаласының Алатау ауданындағы № 212 "Ертөстік" бала бақшасына барады.
...