0 дауыс
99.1k көрілді
Маған рәміздер туралы өлең,тақпақтар керек еді?

7 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
Мақтансаң мақтан елім деп,
Тани біл елдік таңбаңды.
Елтаңба,Туын,Әнұран-
Тәуелсіздікке тәнтбелгі-
Қасиетті осы рәміздер.
Еліме рух, мән берді,
Иесі оның мына біздер,

«Еліміздің рәміздері»- көшейік.
Көк жүзінде көгілдір
Гүл жайнаған мөлдір нұр.
Қазақстан жалауы-
Азаттықтың алауы.
Желбірейді аспанда,
Отан орны асқарда.

Мөлдір,бұлтсыз ашық аспан күмбезің,
Бейнелеген алтын шапақ күн көзін.
Адалдық пен пәктік көңіл нышаны
Көріп жүрмін көк туымды күнде өзім.
Көгілдір түс мөлдір,таза пәктігім,
Ырымдады болса екен деп сәтті күн.
Бейбітшілік,тыныштықтың нышаның,
Көк туымыз білдіріп тұр тап бүгін.
Өрнексіз тұр қолтаңбасы дәуірдің,
Қадам бастық,артта қалды ауыр күн.
Қазағымның ұлттық «Қошқар мүйізі»
Әлі күнге көкейінде бауырдың.
Қазағымызға таныс өрнек ежелден
Қуат берген, зұлымдықтан жебеген.
Қастерлеген «Қошқар мүйіз» өрнегін,
Қасиеттің бір күніне теңеген.
Қыран құстай маңғазы да қырағы
Болса екен деп Бейбітшілік тұрағы,
Сондықтанда да көк туымда қалықтап,
Қыран бүркіт қанат жайып тұрады.
Өр қанатты сұңқардың
Қанатымен шырқар кім?
Қазақстан Отаным,
Әлем білген атағын.
Жарқыраған әр танды
Мемлекеттік Елтаңба.
Халқымыздың бейнесін
Кең таныта өрлесін.
Қай ақынның өлең жолдары екен? Авторы кім?
қай ақынның өлеңі
+3 дауыс
Көк аспандай көкпеңбек
Қазақстан жалауы
Көк емес ол тектен – тек
Елдің ашық қабағы.

Айнымайды аспаннан
Біздің тудың бояуы,
Оны халық қашанда
Биікке іліп қояды

Елтанбасы елімнің
Неткен әйбат, әдемі.
Тұнығындай көңілдің
Ортада аспан әлемі!

Құт, береке шаңырақ
Орын алған ол төрден.
Қанатты қос арғымақ
Екі жақтан көмкерген

Әнұраны елімнің
Шақырады бірлікке.
Егеменді халқымның
Болашағы бірлікте.

 Қазақстан рәміздері- елдігімнің белгісі,
 Білу керек балаға дейін ең кіші.
Ән ұран, көңілдір ту, елтаңба,
Рәміздерді жатқа білсін әр кісі.

Ән ұраным - жан ұраным,
Айтар әнім, сөйлер сөзім.
Туған жерім- сағынарым,
Жүрсем егер дүние кезіп.
Қатар шапқан қос тұлпар,
Ай астында қазақ үй.
Қалықтаған жас сұнқар,
Шарықтаған таза күй.
Бұл таңбасы елімнің,
Елдігімнің белгісі.
+2 дауыс
«Жалау»
Желбірейді шалықтап,
Қазақстан жалауы.
Көкте қыран қалықтап,
Қанат қағып барады.
Көк аспанда нұрлы Күн,
Күлімдейді далама.
Бақыт тілеп тұр бүгін
Ол барлық пәк балаға.
Ұлттық өрнек мұрамыз
Адастырмас мұраттай.
Нық көтеріп тұрамыз,
Жалауды біз құлатпай!
*
*
«Елтаңба»
Бейнелеп сан ғасырды,
Елтаңбасы елімнің.
Таратады хас үлгі,
Киесіндей елімнің.
Бабам тұлпар жаратты.
Тұлпар барда қанатты,
Шайқалмайды шаңырақ.
Өркениет төрінде,
Нұр төгеді елтаңба
Ақ Орданың төрінде.
+1 дауыс
Тұғырың биік болғай туған елім,
Сен неткен ұлы едің, көркем едің,
Ту,елтаңба белгісі елдігіңнің
Кербез,сұлу, әсемпаз, еркін елім!
Туым бар көк аспанда желбіреген
Көк түсі желбіресе мөлдіреген,
Қыраны «қазақ халық» мәртебесі
Қалықтап шартарапқа көтерілген!
Көгілдір ашық аспан аясында,
Еркіндік пен азаттықтың саясында,
Өз бейнеңе лайық түс болып-ақ
Көгілдір түс өзіңе жарасуда!
Алтын күн нұрын шашып сай-салама,
Гүденіп дархан далам жайқалуда,
Бұл дағы бейбітшілік белгісіндей,
Балғын ұрпақ нәр алып күн көзінен,
Егемендік туралы ән салуда.
Елтаңбамның шаңырақ бас тірегі
Уықтар шын достықтың ыстық лебі,
Жарық жұлдыз жол сілтеп баршамызға
Қос пырақ қалықтаған ел тілегі!
Кімнің өлең жолдары екен?
0 дауыс

Бақытбек Бәмішұлы (Ту)

Күнді құшқан қас қыран,
Аясында қалқыған
Аспан түсті туым бар
Көк теңіздей шалқыған.
Көкірек жауар шымқай өң,
Көрген жерден елітер,
Көркем өрнек, кең көңіл
Көл пейілге кенелтер.
Тәжім етіп бас иер,
Туы елімнің егемен.
Тұтастығым куәсі
Туғандай бір енеден.
Елдігімді әлемге
Паш ететін байрағым,
Тұнық менің көгімдей
Әуемде мәңгі жайнаған!

Елтаңба

Дүние әлем көзіндей,
Дөңгеленген жамалы.
Еге елімнің қорғаны-
Кереге қанат қамалы.
Көгілдір көктің жүзінде
Шаңырақ-күн, уық-нұр.
Мәңгі сенбес күйінде,
Маңдайдан жұлдыз туып тұр.
Қуат отын қоздырған
Қос қанатты пыпағым.
Хас тұғырға қондырған
«Қазақстан» -Ұраным.
Тұлғасында түзілген
Ыстық қаным, діл, арым.
Төріме іліп,
Төсіме
Тағып жүрер Тұмарым!

Әнұран

Қаһарман қажыр, қайратым,
Шайлықпас текті айбатым.
Арман, абырой, толғаныс-
Айтылатын ар, затым.
Жұртымның мұң, мұратын
Құлқыма құйып тұратын
Сіңірген тұла бойыма,
Тәңірлік күштің қуатын.
Жан дауысы халқымның
Шабыттана шырқалар.
Киелі сөз, сазды әуен
Шырқағанда, нұр тамар.
Беріле тыңдап,
Егіле
Жанып тұрар мың жанар.

0 дауыс

Маған аспан құпиялары туралы өлең қажет еді ? 

0 дауыс
Жоқ,түсінбедім.Не өлең мыналар? Не мағына,не мəн жоқ.Əйтеруір ұйқас қуалап кеткен барлығы
...