Неге дәрігерлердің білімсіздігін бірінші орынға қойғансың, дәрігерлерге қатты өкпелі сияқтысың ғой? Бірақ мен сізбен келіспеймін, себебі қазіргі қыз келіншектер денсаулығына немқұрайлы қарайды.Темекі шегеді, арақ ішеді,аз қимылдайды, дұрыс тамақтанбайды, жеңіл жүрістері көп. Көптеген аймақтарда жас қыздарда, жас әйелдерде алиментарлық анемия ,бүйрек аурулары, бауыр ,асқазан ауруларымен ауыратын әйелдер саны өте көп. Балалы болуды жоспарламайды, бала көтерместен бұрын ауру сырқауларын емдемейді. Міне осындай денсаулыққа салғырт қараған аналардың балалары туыла сала шетінеп кетіп жатады.Дені сау баланы өмірге тек денсаулығы мықты ана әкеледі.Біздің әжелеріміз арақ ішпеген, темекінің не екенін білмеген,ет ,сүт тағамдарымен дәнді жармалармен азықтанған, көп қимылдап,қара жұмыс істесе де дәрігердің көмегінсіз , өз шаңырағында босанып,дені сау балаларды дүниеге әкелген.Сондықтан ана болғысы келген әйел дені сау бала керек болса, бірінші денсаулығына қатты көңіл бөлгені жөн.