–2 дауыс
413 көрілді
Өткен жылы 3167 нәресте өлген. Сәбилер өлімінің неғұрлым жоғары деңгейі Алматы қаласында (127,0), Маңғыстау (111,5), Қызылорда (108,5), Атырау (104,8), Оңтүстік Қазақстан (104,6) облыстарында, ал төменгі деңгейі - Қарағанды (46,7) және Ақтөбе (50,8) облыстарында.

2 жауап

+1 дауыс
"Аузы қисық болсада - байдың баласы сөйлесін" - деген заман емес пе қазір! менің ойымша біріншіден, ол дәрігерлердің білімсіздігінен (әрине бәрі бірдей емес).  екіншіден, экологиялық аймақтарға байланысты балалар аурушаң болып туылады.
арине біздің ауылдын дарігерлері дым білмид
Неге  дәрігерлердің білімсіздігін бірінші орынға қойғансың, дәрігерлерге қатты өкпелі сияқтысың ғой? Бірақ мен сізбен келіспеймін, себебі қазіргі  қыз келіншектер денсаулығына немқұрайлы қарайды.Темекі шегеді, арақ ішеді,аз қимылдайды, дұрыс тамақтанбайды, жеңіл жүрістері көп. Көптеген аймақтарда жас қыздарда, жас әйелдерде алиментарлық анемия ,бүйрек аурулары, бауыр ,асқазан ауруларымен ауыратын әйелдер саны өте көп. Балалы болуды жоспарламайды, бала көтерместен бұрын ауру сырқауларын емдемейді. Міне осындай денсаулыққа салғырт қараған аналардың балалары туыла сала шетінеп кетіп жатады.Дені сау баланы өмірге тек денсаулығы мықты ана әкеледі.Біздің әжелеріміз арақ ішпеген, темекінің не екенін білмеген,ет ,сүт тағамдарымен дәнді жармалармен азықтанған, көп қимылдап,қара жұмыс істесе де дәрігердің көмегінсіз , өз шаңырағында босанып,дені сау балаларды дүниеге әкелген.Сондықтан ана болғысы келген әйел дені сау бала керек болса, бірінші денсаулығына қатты көңіл бөлгені жөн.
0 дауыс
"Ел болам десең бесігіңді түзе" деген атам қазақ. Арине жаңа туған нәрестелердің шетінеуі өте өкінішті. Бірақ бұл жағдайға жалғыз дәрігерлер емес, қоғам кінәлі. Өйткені қазіргі кезде жеңіл жүрісті қыздар көбейіп кетті. Оған қоса батыстан келген теріс пиғылды кинолармен, модалар қаптап кетті. Қазіргі қыздардың біразы жартылай жалаңаш. Ондай қыздардан дені дұрыс бала тумайды. Сондықтан ел болашағын ойласақ қазірден бастап өзімізді қолға алайық бауырлар.
...