Адам қалай пайда болды ? Нақтырақ жауар берсеңіздер

0 дауыс
51.2k қаралым
Адам қалай пайда болды ? (құдай топырақтан жаратты деген өтірік әңгіменің қажеті жоқ)
• Санаты: Тұлға, Адам
Маймылдан деуге де келмейді. Адам маймылдан жаратылды деу үшін бір емес, екі маймыл қажет болар еді (еркек және ұрғашы). Сонда маймылдың өзін кім жасаған? Бір Құдай емес пе?

17 жауап

0 дауыс
Жақсы жауап
Егер Құдай адамды топырақтан,ұйыған қаннан жартқан болса,онда маймылды да дәл солай топырақтан,ұйыған қаннан жаратты.Және де басқа жан-жануарлардың бәрін топырақтан,ұйыған қаннан жаратқан болып тұр ғой мұнда.Оның себебі: Бәрі де етпен сүйектен жаралған,туылу жолдары да бірдей,ішкі организмдері де бірдей,тек жылқыда ғана өт жоқ.басқалары бірдей.Ойланатын мәселе!
0 дауыс
Адам ата мен хау анадан егер аллаға сенсең
сол адам ата мен хауа ананы ким жаратты
Алла жаратты. Тек екеуін істеген күнәлары үшін Жер бетіне қуды.
0 дауыс
Адамды жаратқан – Аллаһ

Дарвин іліміне түбегейлі қарсы шыққандар да болды. Соның бірі – Петр Кропоткин 1902 жылы жарық көрген «Эволюцияның факторы және өзара көмек» дейтін еңбегінде: тірі табиғат тек ғана қырқысып, сұрыпталу арқылы өмір сүрмейді, өзара көмек-ынтымақпен тіршілігін жалғайды дегенді алға тартты. Тау тұлғалы жыртқыш балықтың аузы-басын тазалап, тісіне қыстырылған етті теріп жеп, күн көретін майда шабақтардың тірлігін тілге тиек етті.

Батыстың белгілі ғалымы Макс Планк дүниенің пайда болу заңдылығын көп жыл зерттеп, былай деп қорытынды жасайды: «дүние (материя) белгілі бір күш-құдіреттің арқасында пайда болған, материяның ішінде аса кішкентай күн жүйесі тәрізді құрлымдар бар. Атом және электрон деп аталатын бұл жүйелер материяны ыдырап кетуден сақтайды. Осыған қарағанда ғаламды жаратқан бір құдірет бар, ол – Аллаһ», дейді.

Дарвин теориясының қазір құны жойылған. 2004 жылы сәуір айында Италия білім министрі Летиция Моратти орта мектепте бұл ілімді оқытуды тоқтату жайында комиссия құрып, оны Нобель сыйлығының иегері Ритой Леви- Монтальчини басқарды. Тағы да осы жылы Сербия министрі Лиляна Чолич аталмыш теорияны оқудан алып тастады. 2005 жылы Дарвин ілімін оқытқаны үшін Түркияның Мерсин қаласында бес мұғалімнің үстінен іс қозғалды. Американдық Мичиган университетінің зерттеуіне қарағанда, АҚШ тұрғындарының алтыдан бірі ғана жалған ілімге иланады. Ал, Жапония, Исландия, Дания, Швеция, Франция тұрғындарының 80 пайызы қарсы (www. rian.ru).

Демек, Дарвин ілімі саясиланған жалған құрал. Дінді мансұқтау үшін пайда болған шайтани жол. Кімде-кім шариғат үкімін бұзғысы келсе (шайтан көкейіне салса) Дарвин теориясына бой ұсынады. Оның сұрыптау жайлы ілімін қолдайды. Шын мәнінде сұрыптаушы бір Аллаһ. Құран Кәрімнің «Қасас» сүресінің 68-ші аяты: «Раббың қалағанын жаратады да, сұрыптайды…» деп басталады.

Ал, «Мүминұн» сүресінің 12-14 аятында: «Адамды Біз топырақтың ең асылынан жараттық. Одан соң оны ұрықтың тамшысына айналдырып, өте сенімді орынға (жатырға) орналастырдық. Одан әлгі ұрықты ұйыған қанға айналдырдық. Ұйыған қанды бір жапырақ етке айналдырдық. Бір жапырақ етке сүйек бітірдік. Оған ет қондырдық, оған жан кіргізіп, басқадай жаратылысқа айналдырдық. Аса шебер Жаратқан Ие барынша ұлы» дейді. Аят үкімі осылай… Осыдан кейін есі дұрыс адам «маймылдан адам жаралған» дегенге сене ме, есі дұрыс қоғам өзінің ұрпағына «сенің атаң маймыл» деп оқыта ма? Жоғарыдағы 8-9 сынып оқулықтарындағы Дарвин ілімін насихаттағанымыз үшін Аллаһтың алдында кім жауап береді?!. Қасиетті Құранда: «Олар, Аллаһтан өзге, оған ешбір дәлел түсірілмеген және ол жөнінде өздеріне ешбір мәлімет берілмеген нәрселерге табынады. Ол залымдар үшін жәрдемші болмайды» дейді («Хаж» сүресі, 71-аят). Мұндағы аят үкіміне қарасақ, дәлелсіз дарвинизмді оқыған қауымға Жаратушының жәрдемі болмайды екен. Аллаһ сақтасын!!!
0 дауыс
Бауырым ол шындық өтірік емес. Асылық сөз айтпа!!!
+1 дауыс
![enter image description here][1]Бірнеше жүздеген жылдардан бері әлемнің әр түкпірінен археологтар мен қарапайым адамдар қазба жұмыстарын жүргізген кезде жер астынан алып адамдардың сүйек қаңқаларын тауып келеді (суретте). Қаңқалар адамдардыкіне ұқсағанымен олардың басы үлкен, ал жақ сүйектеріндегі тістердің екі қатар болып орналасуына қарап, оларды нағыз адам деуге келмейтін секілді. Бір қызығы, барлық табылған сүйектердің ұзындығы 5-7 метрдей болған. Кейбір ғалымдар олардың адам сүйектері емес екенін айтады. Сонда кімдікі болғаны?

Олар біздің планетамызда қалай пайда болған? Қайдан келген және қай замандарда өмір сүрген? Өкінішке орай, бұл сұрақтардың ешқайсысына нақты жауап табыл­ған жоқ. Мүмкін мына суреттердің осы уақытқа дейін жұрт көзінен таса болып келгенінің себебі де олардың жерліктер болмауынан шығар. Яғни мұндай тіршілік иелерінің бол­ғандығы туралы жалпақ жұртқа жарияламау керек болған шығар, кім білсін?

Дегенмен кейбір ғалымдар олардың қалай пайда бол­ға­­­ны туралы ғылыми жорамалдар жасап үлгеріпті. Олардың жорамалына қарағанда, бұл сүйек қаңқалары адамдардың өте ерте заманғы арғы тегіне тиесілі көрінеді. Тіпті адамдарды өзге планетадан Жерге қоныс ау­дар­ған осы алып тіршілік иелері жасаған деген әңгіме де бар. Бірақ анық солай ма? Оны бір Құдай біледі. Ал енді ғалымдардың алып тіршілік иелері мен адамдардың қалай пайда болғаны туралы жасаған долбар­ларынан үзінді келтірейік.

«Адамдарды осы алыптар жасаған, яғни адамзаттың тіршілік етуіне негіз болған осылар, – делінеді әлгі ғылыми тұжырымдамада. – Ал ол алыптардың өзі Жерге өзге әлемнен,­ яғни басқа планетадан қоныс аударған. Оларды осы жаққа қоныс аударуға қандай жағдай жағдай мәж­­бүр­леді? Ғарыштың тым түкпірінен олар бұл жаққа не іздеп келді? Бұл сұрақтарға әзірге жауап табылған жоқ. Дегенмен олар осы Жер шарына көңіл аударып, осында тұ­рақтауды, мүмкіндік болса Жерді өздерінің мәңгілік мекені етуді көздеген болса керек. Себебі мұнда тіршілік етуге қажетті нәрсенің бәрі болды. Ең бастысы, сол кездері мұнда ешқандай ақыл иесі жоқ болатын.

Осылайша олардың артынан алыптар легі ағылып келе бастады да, олар жер бетінде өздерінің колониясын құрды. Бі­рақ көп ұзамай алыптардың алдынан келеңсіз кедергілер шыға берді. Яғни оларға қорғану мен тамақ табу секілді жұ­мыстарға көп уақыт бөлу керек болды. Соның кесірінен алыптар Жерге келгендегі негізгі жұмыстарына бел шешіп кірісіп кете алмай жатты. Сол себепті оларға ен­ді көмекші немесе құлдар қажет болды. Бірақ оларды динозаврлар мен ұшатын кесірткелер және басқа да қорқы­нышты мақұлықтар жайлаған Жер шарынан қайдан тапсын?

Міне, осы кезде алып тіршілік иелерінің арасындағы ға­лымдар ерекше бір тәжірибе жасауға кірісті. Олар өздерінің тіндерінен алынған ДНК арқылы клондау әдісімен дене бітімі жағынан өздерінен әлқайда кішкентай тіршілік иелерін жасап­ шығаруға бел буды. Бірақ олардың бұл ісі кейін жылдар өте келе өз­дерінің түптеріне жететін ол кезде алыптар білген жоқ еді.

Алыптар ойлаған ісін жүзеге асырды. Алғашында бәрі де жақсы болып жатты. Өмірге келген алғашқы кішкентай тіршілік иелерін олар «Адамдар» деп атады. Бойы небәрі бір жарым метр, салмағы 50 килограмнан аспайтын адамдар­ алып тіршілік иелері үшін өте тиімді жұмыс күші болды. Себебі олар алыптарға қарағанда тамақты аз жейді, әрі солар үшін тынбай жұмыс істейтін. Ол адамдардың миында­ғы өзіндік генетикалық қорғаныш оларға тым көп ойлануға мұрша бермей, тек жұмыс істеуді ғана білдіріп тұратын.

Алыптарға керегі де осындай көп ойлануға қауқарсыз, бастары бірікпейтін, тек айтқанға көніп, айдауға жүретін құлдар еді. Сонымен қатар алыптар адамдардың бойына өздеріндегі іштарлық, көрсеқызарлық, қорқақтық және ашкөздік секілді жағымсыз қасиеттерді де ендірген. Сондай-ақ адамдарды ары қарай клондап жатпас үшін олардың ағзасына өздігінен көбейе алатын қасиеттер де дарытты. Соның арқасында адамдар санаулы жылдар ішінде көбейіп шыға келді. Енді алып тіршілік иелеріне өздерін асырау үшін жұмыс істеудің керегі болмай қалды. Себебі олар үшін ең лас, қауіпті әрі ауыр, көп ойланып жатпайтын жұмысты адамдар істейтін болды. Ал адамдар ол кезде сөйлей де алмайтын, тым сылбыр, әрі еріксіз болған еді. міне, ең алғашқы жерліктер осындай болған.

Бірақ күндердің күнінде алыптар үшін осындай жай­ма-шуақ тіршілікке де бір зауал келді. Оған алыптардың арасындағы генетик-ғалымдардың өздері кінәлі. Яғни олар өз тәжірибелерінде бір қателікке жол берген.

Адамдарды қолдан жасау кезінде олар өз тұқымдаста­ры­ның молекулаларынан тек өзгертілген ДНК-ны ғана емес, сонымен бірге алыптарға тән ауру түрлерін де ен­дірген бо­латын. Бұл кеселдер ада ағзасында біразға дейін тіршілік етті де, уақыт өте келе вирустар мутацияға ұшырады. Соның салдарынан көптеген басқа да ауру түрлері пайда болды. Бірақ ол кеселдер адамдар үшін онша қауіпті болмағанымен­ алыптардың өміріне қауіп төндіріп еді. Яғни ауа арқылы таралған кесел алып тіршілік иелерін қынадай қыра баста­ды.­ Оған қарсы дәрі ойлап табуға уақыт тым тар болды. Алыптар колониясы ас­қан жылдамдықпен жойылып бара жатты.

Сырттан Жерге алыптар келуі дереу тоқтатылып, кері­сінше Жердегі дәулер мен олардың өлген тұқымдастары дереу ғарыш кемелерімен әкетіліп жатты. Осылайша көп ұзамай алыптар қауымдастығы Жерден біржола жойылды.

Қожайынсыз қалған адамдар да осыдан кейін дүние жүзінің түкпір-түкпіріне шашырап кеткен болатын. Алдымен қауым болып тіршілік етіп көрген адамдар уақыт өте келе бастары бірікпей жан-жаққа шашырап кетті. Одан кейін адамдардың тілі шығып, сөйлеуді, жазуды, кейін тіпті мемлекет құрып, тайпаға бірігуді меңгерді. Дегенмен адамдардың бойындағы алыптар қалдырған генетиткалық кодтың кілті сол күйі ашылмай қалып қойды. Соның кесірінен адамзат әлі күнге дейін біріге алмай келеді.

Осы уақытқа дейін Жер шарында мыңдаған тайпа мен ұлыстар, жүздеген мемлекеттер бір-бірімен ашық айқасып, соғысып келе жатыр. Адамдарды жаратқан алыптардан қалған кейбір қасиеттер бұрынғыдан бетер күшейіп, тіпті жаман жағына қарай өрши түскен. Соның салдарынан кейбір адамдар өзін Құдайға теңеп, арғы тегі бір кездері алып тіршілік иелерінің құлдары болғанын ұмытып кетті...».

Міне, адамдардың қалай пайда болғаны жөнінде кейбір ғалымдар жасаған ғылыми тұжырымның ұзын-ырғасы осындай. Әрине, адамды Құдай топырақтан жаратты деген сенім қалыптасқан мұсылман баласы мұндай тұжырыммен келіс­песі анық. Дегенмен әр-әр жерден табылған алып адамдардың сүйектері расында да бір замандарда олардың тір­шілік еткенін білдірсе керек. Алыптар туралы ата-бабаларымыздан қалған аңыз-әңгімелер де бекер емес шығар.


  [1]: image
0 дауыс
Құдай топырақтан жаратты!  Топырақтың құрамында кездесетін элементтердің барлығы адамның ағзасында бар болуы, адам өлгеннен кейін топыраққа көмілуі, топыраққа сіңіп жоқ боп кетуі осылар ойландырмай ма адамды?
Құдай шайтанды оттан, Адам Атаны топырақтан (балшықтан) жасады.
+1 дауыс
Алла тағала Адам Ата мен Хауа Ананы неден жаратқаны туралы әр түрлі  пікір бар.Бірақ  Адам Ата мен Хауа Анадан кейінгі адамдар шәуеттен жаралды.
Ұлы сөзде ұят жоқ.
0 дауыс

 (Құдай топырақтан жаратты деген өтірік әңгіменің қажеті жоқ) мына сөзіңе ұялмайсыңба 

Дарвин адам маймылдан жаралды деген жоқ ол басқа тіршілік иесі туралы айтқан 

Кейінгі адамдар Дарвиннің айтқанын қате түсіңген

сіз өз пікіріңізге қаншалықты сенімдісіз? маған дәлел келтіре аласыз ба?
Бір бағдарламадан естіп едім қәзір ұмытып қалдым
0 дауыс
  1. Адам Ата мен Хауа анадан жаралды.
  2. Маймылдан жаралды.
  3. Зевстің ұлы Тарғытайадн жаралды.
  4. Көкбөріден жаралды.

Әр дінге, сенімге байланысты әртүрлі. Біз - мұсылманбыз, өз сенімімізге байланысты алғашқысына сенеміз. 

Бауыржан Момышұлы айтқандай: "Дарвин маймылдан жаралса, жарала берсін, ал мен - қазақ, көкбөріден жаралғанмын." 

0 дауыс
Бауырым, өзің ойлан. Осы сұрақ сені де мазалайды ма? Онда неге өзің ізденбейсің? Ғылымды қусаң діни бағытқа қарсы келеді. Сондықтан өзің ойлан. Ақылың бар, дамыған адамсың ғой. Мен саған мынау дұрыс, мынаған сен демеймін. Ақылың болса өзің ойлан. Мен сенемін Алла тағалаға.
0 дауыс
Каи каи тірі жан иеси топырактын молекуласынан паида болған
0 дауыс
Чарьлз Дарвинның айтуы бойынша адам маймылдан жаралыпты - мыс

Бір сұрақ- Олай болса неге қазіргі маймылдар адамға айналмайды екен, дегенге мен былай жауып қайырамын, Себебі Кезінде Эволюция болып олар толық дамып дамып кетті,

Бірақ адам топырақтан жаралған
0 дауыс
Адам ТОПЫРАҚТАН ЖАРАТЫЛҒАН!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!
дұрыс дейік. Ал қазір топырақтан адам не үшін пайда болмайды? Топыраққа метеориттер арқылы тірі организмдер түскен  болу керек.
0 дауыс
Міне нағыз шындық. Приматтар Адамға  10 миллион жыл бұрын айнала бастады. Адамды адам еткен еңбек,  конкуренция, билікке таласу, қорғану, өмір үшін күресу, ұрпақ өсіріп оларды жұмысқа баулу, өнер .   Өте қызық видео, көрсең өкінбейсің.

0 дауыс
Егер адам маймылдан жаралган болса, онда неге осы уакытка дейин жер бетиндеги маймылдардын бари адамга айналып кетпейди? Бул акылга конымсыз
0 дауыс

МАЙМЫЛ ҚАЛАЙ ЖАРАТЫЛДЫ?

Қайран, Маңғыстау - «Басын Әз әулие бастаған 360 әулиелі киелі Маңғыстау». Ұлы Жаратушы — Алланың қалауымен Адамзаттың ұлы мәдениеті Маңғыстаудан бастау алған болатын. Адам баласының бүкіл әлемге үлгі болған ең ұлы мәдениеті Манқыстаулық МАД (МӘД) патшалығынан басталып, осы есім бүкіл әлемге Мәдениет деген «авторлық» құқықпен жалғасып кетті. Себебі, сол Ұлы Аталарымыз қоршаған ортамен, табиғатпен тығыз байланыста болып, кірігіп, тұтасып өмір сүрген. Және өздерін солардың ажырамас бір бөлшегіміз деп түсінген. Олардың күнделікті хал-қарекеті де, өмір сүру стилі де – бәрі де табиғатпен үйлесімді болған. Кез-келген тіршілік иелеріне, тіпті өсімдік пен ағаштарға да құрметпенен қараған.

Күні кешегі бала кезіміз. Каспий теңізі жағалауында балықтардың ірісі бар, кішісі бар жағаға өте жақын жерде қаптап, өріп жүретін. Қолымыз сәл босаса теңіз жағасына барып сол балықтарға қызықтай қарайтынбыз. Ал, қазір оның бірі де жоқ. Адамдардың шектен тыс озбырлығынан балықтарда күрт азайған. Азғантай аман қалғандары жағаға жақындауға қорқатын болған. Суға адам көлеңкесі түссе болды дүркірей қашады.

«Каспий теңізінде балық аулау кәсібі жақсы дамыған. Теңізден бекіре тұқымдастары, майшабақ, табан, торта, көксерке, сазан, килька көптеп ауланады. Каспий теңізінде қара уылдырық өндірілетін су айдындары арасында дүние жүзі бойынша алдыңғы орындардың бірінде. Ит балық аулау ертеден жолға қойылған». (Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет).

2015 жылдың басы. Қазақстан теле арнасы өткен жылы Каспий теңізінің Қазақстанға тиесілі бөлігінде (Маңғыстау мен Атырау облыстары аймағы) 100-ден аса браконьерлердің ұсталғанын және олардан тонналаған қызыл балық, уылдырық тәркіленгенін жариялады.

Ары қарай арна тілшісі браконьерлер жайлы қысқаша шолу жасады. Сөйтсек, олардың барлығы дерлік көрші елдердің, әсіресе Ресей, Әзірбайжан елдерінің азаматтары екен. Олардың айтуларынша қазіргі таңда Каспий теңізінің Қазақстанға тиесілі аумақтан басқа өңірлерінде қызыл балық (бекіре) қалмаған. Бәрін аулап бітірген көрінеді.

Ал, Қазаққа тиесілі аймақта Ата заңымызбен қызыл балық аулауға қатаң тыйым салынған. Еліміздің заңына, оны қорғайтын әскери-теңіз шекарашыларына риза болғаным сонша, осы ойымды Сіздермен бөліскенді жөн көрдім. Себебі, біздің теңізші-шекарашыларымыз браконьерлермен ымырасыз күрес жүргізуде екен. Қарсылық көрсеткендеріне ешқандай аяушылық жасамаған. Кемелерін суға батырып, жандарын жаһаннамға аттандырған. Ресейдің қарсылық нотасына «пысқырып та» қарамаған.

Маңғыстаулықтар осы игі істің алдыңғы шебінде атауы Алланың қалауымен, Елбасымыздың арнайы бұйрығымен қойылған «БЕКЕТ АТА» әскери-теңіз кемесі тұр деседі.

Осы орайда балықтар жайлы ежелгі шежіре-тарихқа жол бергенді жөн көрдім.

Қазақ та, жалпы бүткіл түркі халқында (Азия құрылығында) тұқымды қыздан таратпайды, ұлдан таратады. Ал, Европада, мысалы еврей халқы ұлдан туған баланы жатсынып, еврей әйелден туғанды нағыз еврей санайтындарын көріп жүрміз. Олардың күні бүгінде бүткіл әлемге гендерлік саясатты тықпалап жүргендерінің басты себебі де осы. Ата жолын ұстанушылардың басты кейіпкерлері қазақтар болса, Ева (дева, әйел, қыз) жолын ұстанушылардың басында Еваның ұрпақтары (еврейлер, европалықтар) тұр. Бүткіл жер шары елдері арасындағы қарама-қайшылықтың (антагонизм) бастауы осы екі елдің, екі құрылықтың, яғни Азия мен Европаның ұстанған жолы мен мәдениетінен басталады.

Қазақ халқының тек қана өзіне тән салт-дәстүрі, ата-бабаларынан бері келе жатқан әдет-ғұрпы бар. Олар жәйдан-жәй негізсіз шықпаған. Ол Ұлы Жаратушының адамға берген ең ерекше сыйы санасының арқасында, табиғат пен адам жанының рухани әлемімен, тәнімен байланыса келіп, қорытынды арқылы шыққан дүние. Әр қайсысының түбінде адам жанын тәрбиелеуге негізделген ізгі ниет бар. Осылар арқылы біздің қандай ұлт екеніміз ашылады. Халқымыздың біріншіден, тілі, салт-дәстүрі, ділі мен діні, одан кейін барып, тарихы арқылы ұлттық бейнесі көрінеді. Әр елдің салты өзіне ғана сіңісті, өзіне ғана жұғысты, тек сол елдің өзіне ғана сай келеді.

Біздің салтымызды орысқа салса, оған жұқпайды, немесе орыстың салтын бізге салса ежелгі ізгі ниетіне сәйкес келмейді, сондықтан ерсі көрінеді.

Басын еврейлер бастаған батыстықтар (Европа) қазақтың Адам атадан басталатын Ата салтын жоққа шығару үшін, адамдарды «маймылдан» таратқан Дарвиннің «ілімін» басшылыққа алды. Өздерін өздері «Ұлы орыс халқы» деп дәріптейтін орыстар да ата-тегін, Адам атадан емес «маймылдан» таратып, өздерінің барлық мектеп оқулықтарында осылай деп жазды. Соларға еліктеген біздің орыс тілді билік те осы жолды ұстануда.

Бір қызығы, сол Дарвиннен бері бірнеше ғасыр өтсе де, Дарвин «ілімін» шындық деп қабылдап, басшылыққа алушылар, содан бері қаншама сынақ жасаса да әліге дейін бірде-бір маймылдан адам баласын жасай алған жоқ. Жасай да алмайды. Ал адамнан маймыл жасау оңайдың оңайы, ол Алла түгілі кез-келген адамның қолынан келеді. 200-300 гр. спирт ішімдігі немесе аздаған есірткі зат берсең бес минутта өз «абыройына» өзі қарап күліп отыратын маймыл мен өз баласын өзі жеп, өз нәжісіне өзі былғанып жататын шошқаға айналасың. Себебі, маймылға сана бере алмайсың, ал адамнан сананы алып тастасаң, таза маймыл болып шыға келесің. Осыған бастары жетпеген адамды ғалым деп әспеттеу, бұл енді бес жасар баланың ісі болмақ. Бүгінгі Еуропа ғылымының «Адам танудағы» шыққан шыңының «сыйқы» осы.

Адам баласының маймылға айналуын осы кәрі Каспийдің жағасында болған деп тұжырымдауымызға толықтай негіз бар. Оған дәлел ретінде айтарымыз:

Маймылдың адамнан пайда болғаны Құран Кәрімде айқын көрсетілген.

«65.Әрі сендер өздеріңнің сенбі күніне қатысты шектен шыққандарды білдіңдер. Біз оларға: «Жексұрын маймыл болыңдар», - дедік» (Әл-Бақара сүресі. 65 аят).

Тәпсір: Исраилдықтардың бір қауымына (Айлы тұрғындарына) сенбі күні балық аулауға тыйым салынған еді. Сол күні балықтар жағаға еркін келетін. Олар торды жұма күні салып, жексенбі күні алумен сырт көзге білдірмей айла-тәсілмен тыйымды бұзған қулықтары үшін, аса ұлы Аллаһ оларды маймылға айналдырып жіберді. Ибн Касир.

«163. (Ей, Мұхаммед!) Олардан теңіз маңында болған ауыл туралы сұра. Сол кезде олар сенбі күнгі тыйымға қатысты шектен шығушы еді. Оларға сенбі күні балықтар ашық келіп, ал сенбі күнгі тыйымды ұстанбайтын өзге күндері келмейтін еді. Біз оларды бұзық болғандықтары (бойсұнбағандықтары) үшін осылай сынаймыз» (Әл-Аъраф сүресі. 163 аят).

Тәпсір: Аса ұлы Аллаһ исраилдықтарға сенбі күнін демалыс етіп, ал олардан болған бір кентке сенбі күні балық аулауға тыйым салды. Ал, сол күні балықтар жағаға қаптап келетін болған. Ауыл тұрғындарының бір бұзық бөлігі қулық істеп, жұма күні тор құрып, ал жексенбі күні балық толған торды жинап алатын болған. Аса ұлы Аллаһ оларды жазалап, маймылдарға айналдырып жіберді. Ибн Касир.

«154. ... «және оларға сенбі күні шектен шықпаңдар» - дедік» (Ән-Ниса сүресі. 154 аят).

«60. Тағы да айт (Мұхаммед) «сендерге Алланың қасында тұрған бұл сыйлықтан басқа сорақысын (яғни, сенбі күнін өзгерткендер, қараңыз: 2 сура, 65 – аят) хабарлайын ба?» - деп. Алла біреуді қарғап, оған ашуланса және олардан маймылдар, доңыздар және пұтқа табынатындар жасаса, міне, солардікі жауыздырақ орын және тура жолдан адасушылық» (Әл-Мәйда сүресі. 60 аят).

«124. Ақиқатында, «сенбі күн» - ол тек оған қатысты қайшылыққа түсушілерге арналды. Ал, Қайта тірілу күні Раббың олардың қайшылыққа түскен нәрселеріне қатысты үкім береді» (Ән-Нахл сүресі. 124 аят).

Тәпсір: Аса ұлы Аллаһ әрбір үмметке аптаның жұма күнін бойсұнушылардың бірге жиналып, құлшылық етулері үшін бекітті. Мұса пайғамбар, оған Аллаһтың сәлемі болсын, осыны жеткізген кезде, иудейлер Мұса пайғамбарды тыңдамай, жұма күнінен бас тартып, сенбі күнін сұрап, аса ұлы Аллаһ оны оларға бекітіп берді. Ибн Касир. Бұл иудейлердің Мұхаммед пайғамбарды, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, сенбі күніне қатысты Ибраһимның жолын ұстанбайсың деп айыптауына қатысты. А. Саъди.

«3. Ақиқатында, сендердің Раббың – Аллаһ, ол Аспандарды және жерді алты күнде жаратқан» делінген (Йунус сүресі. 3 аят).

Демек, Аллаътың тыйымдарын бұзсаң осылай жазаланасың деген сөз. Ұлы Жаратушымен өлексе, аққан қан, доңыз еті, Алладан басқаның атымен бауыздалған малдың еті және арақ арам етіліп, тыйым салынды. Демек, осы тыйымдардан өзіңді тыйып, аптаның алты күнінде тынымсыз еңбек етіп, Сембі күні (жетінші) демалу Аллаһтың қалауы. Қазақ үшін Сембі сәтті күндер қатарында саналмайды. Ал, Семиттер бұл күнді сәтсіз күн деп есептемейді. Себебі, олар (бөлінушілер, бөлушілер және бүлдірушілер) осы күннің атын иемденіп отыр. Бұл күн атауының авторлық құқығы солардікі.

Түсініктеме: Айлы тұрғындары – Ай ауылының тұрғындары деген мағына береді. Ай сөзі аналық текке жатады. Адай дегенімізде Ад және Ай болып, Ай екінші буында тұр. Ад – Адам, Ай – Әйел деген мағына береді. Аспанда Ай жердің, жерде әйел ердің серігі. Ай мен Ева синоним.

Тарих тағлымы: Қазақ халқы ата-тегін білмеген жанды (елді) «Тегін білмеген тексіз, жеті атасын білмеген жетесіз» деп жазғырады. Ал олар өздеріңіз көріп отырғандай ата-тектерін «маймылдан» таратады. Сондықтан да, олардың ата-аналары мен жасы үлкендерді сыйлауы маймылға (айуанға) көрсетілетін құрметпен қарайлас болатыны осыдан. Өздеріңіз көріп жүргендей, осындай келеңсіз жағдайлардың айқын белгілері бізде де көрініс тауып жүр.

Күні кешегі бала кезіміз. Дала аңдары: киік, қарақұйрық дегендеріңіз ауыл малымен (қой, ешкілермен) бірге келіп ауыл құдығынан су ішіп кететін. Ауыл тұрғындары олардың бірде-біріне тимейтін. Үстіртке шықсақ олардың далада үйір-үйір болып жосып жүргендерін көретінбіз. Архарлар мүйіздері қарағайдай болып кез-келген құздың басында қаздыйып тұратын. Ал, қазір Маңғыстау даласын қанша араласаң да «ұшқанда қарға» кездестірмейтін жағдайға жеттік.

Соңғы жылдары Ақтау қаласы көшелерінен арнайы жасақталған, астарының биіктігі жарты метрден асатын, үстіне жүк салғыштар орнатқан, төрт аяғы бірдей тебетін, тек қана дала жолдарына арналған көліктерді жиі кездестіретін болып жүрміз. Маңғыстау елді мекендерінің арасы түгелге жуық тас жолдармен жалғанған. Сонда мына автокөліктер неге керек деген ой келіп, жанар май станцияларында кездескен осындай көлік иелерінің бірнешеуін сөзге тарттым. Сөйтсем мұндай көлік иелерінің басым көпшілігі тек қана аңға шығу үшін алған екен. Маған кездескен көлік иелерінің барлығы дерлік еліміздің солтүстігіндегі көрші елдің өкілдері болды.

Қазір арқарды тек қана Оғланды тауынан кездестіреміз. Өзге өңірлердегі арқарларды аңшылар атып тауысқан дейді білетіндер. Басында олар (аңшылар) Оғланды өңіріне де ауыз салыпты. Алайда, Ел аузындағы әңгімелерге қарағанда, ол өңірден аң аулап, арқар атқандардың ешқайсысы аман қалмаған. Бірі жардан ұшқан, бірінің көлігі бұзылып, дала да қалып шөлден өлген, қалғандарының да арты ұзаққа бармаған.

Осы таудағы Бекет Ата бұлағынан 150 метр қашықтықта Атаның киік, арқар сауған жерлері бар, қазір ол жерге ескерткіш белгі ретінде лақты киіктің мүсінін жасап қойған. Әншейінде шаңыңды көргеннен қашатын киік пен арқар ыдысын алып дұғасын оқып отырған Бекет-Атаға саудыруға ыңыранып өздері келетін көрінеді.

Ата мешіті маңындағы киік, арқарлар күні бүгінде де иманы бар адамдардан қашпайды. Оларды 4-5 метр қашықтыққа дейінгі жақын аралықтан көре аласың.

Жалпы, Маңғыстау мен Үстірттегі Бекет Атаға байланысты жердің бәрінде де биік тау шатқалы, оның баурайында балдай бұлақ, көк құрақ, маңыраған арқар, таутеке. Маңғыстау мен Үстірттің өзге өңірлеріндегі архарлар мен таутекелерді аулап бітірсе де, Атаға байланысты өңірдегілерге ешкім тиіспейді. Олар – Елдіктің шебі. Елдіктің төрі. Адами қасиеттің ең биік шыңы. Оларды жауға алдырған жұрт Ел болып тұра алмайды. Намыс пен Иман ұяларын қастер тұта білмеген жан иесі қатарға кіріп, адам санатына еніп, қалтырамай жер басып жүре алмаса керекті!

Бүкіл қазақ баласы үшін ежелден аса қастерленіп бақыттың бастамасы, жақсылықтың жаршысы, пәктіктің, сұлулықтың символы деп есептелінетін Аққу - Ақтау қаласына жыл сайын келеді. Мыңдаған Аққулар Ақтаудан 20 шақырым жердегі Қаракөлді қыстап шығады. Аққуға Маңғыстауда жан баласы тиіспейді. Аққу өте ақылды құс. Олар да адамдардың жақсы-жаманын ажырата біледі. Түсі игі адамдардың қолынан дәм де татады. Ал, шағалалар тура олардың балалары сияқты, үстеріне қонып, бауырына тығылып, еркелеп ойнап жүреді. (21 шілде 2015 жылы «Сұрақ-жауап саиттерінде» (http://szh.kz/183159/adam-qalai-paida-bolgan?show=59405 және http://szh.kz/183159/adam-qalai-paida-bolgan?show=594051) жарық көрген).

Тарих тағлымы: Күні кеше балығы тайдай тулаған, айдын көлінде аққуы жүзген, шағалалары асыр салған Каспий қандай бақытты еді! Адамдары иманды, мәрт, арлы да, айбынды еді. Қырын да ақбөкені селдей жөңкіліп, Ақтауы мен Қаратауының шыңдарында мүйіздері қарағайдай арқарлары қасқайып тұратын. Бүгін міне күн санап соның бәрі құрдымға кетіп барады. Маңғыстау мен Аққулы Ақтауға сол күндер қайта айналып келер ме екен!

0 дауыс
Алла әуелі еркек адамды жаратқан содан оны қалың ұйқыға батырып оның қабырғасынан әйел адамды жаратқан

Ұқсас сұрақтар

127,938 сұрақ
322,809 жауап
153,160 пікір
72,926 қолданушы