+1 дауыс
64.4k көрілді
*Мысалы: Аспанда жұлдыздар көрінбесе, ертең жаңбыр я қар жауады....
Күн қызарып батса, ертең күн жылы болады...
Жазда күн өте ыстық болса, қыс қатты болады...т.с.с
Білсеңіз, жаза берің..))*

11 жауап

+3 дауыс
 
Жақсы жауап
ИТ

– қарға жатса, не керіліп њзақ жатса, таяуда књн жылынбақ;

– ұзақ ұйықтаса, ауа райы бұзылмақ;

– жерге аунай берсе, жазда жаңбыр жауады, қыста бұрқасын соғады;

– итаяққа құйған асты аз ішіп, бұйығып жата берсе, жаңбыр жауады, мезгілсіз қайта-қайта ұлуы - жаманшылық белгісі не табиғат апатының хабары.

МЫСЫҚ

– бұйығып ұзақ ұйықтаса, күн жылынады;

– жуынса - күн шуақ;

– суды әдеттегіден кебірек жалап ішсе, ауа райы жылынады;

– пеш үстіне шығып бұйығуы - салқындық нышаны;

– жерді осқылап тырналаса - қыста бұрқасын, жазда жел тұрып, жаңбыр жауады;

– тұмсығын ашып ұйықтаса-күн ашық, бауырына тығып ұйықтаса жаңбыр жауады;

– тұмсығын бауырына тықса - қыста аяз, құйрығын ширатпай, жазып жүрсе, бұрқасын соғады;

– артқы екі аяғымен тұрып, алдыңғы аяқтарымен жер тырналаса, боран соғады.

АРА

—     шырын жинаудан ерте оралса, ауа райынын қолайлылығы сақталады;

—    ұясына кеш қайтса, ұясына топталып жиналса, таласса және қатты гуілдесе, жаңбыр жауады;

—    таңертең ойнаса, шырын жинауға ұясынан ерте ұшса, көк жапырақ жайған мойыл мен шетен ағашына тобымен жиналып гуілдессе, ауа райы ашылады;

—    жауын-шашында ұясынан ұшып, қайта қонып гуілдессе, ауа райы жақсарады;

—     ашулы және қызғанышты құлық танытса — жаз құрғақ, қуаң;

—     жаңбыр бұлты төніп келгенде жұмысын тоқтатпаса, жаңбыр жаумайды;

—     ұясынан ұзап шықпаса, ауа райы бұзылады;

—     омарта тесігін ашық қалдырса — жылы, балауызып бітесе — келер қыс суық;

—    ұя қабырғаларына топтанып отырса, аптап түседі.

 

ӨРМЕКШІ

—    кешкісін жаңадан өрмек тоқыса, өзі жұрт көзіне көбірек керінсе, ертеңіне ауа райы жақсарады;

—    өрмекті шеңберлеп тоқыса, ауа райы ашылады;

—     өрмек торы көп болса, күн ысиды;

—     өрмегін жерге жақын тоқыса, күн жылынады;

—    өрмектің арқау (бас) жібін ұзын өрсе, қолайлы ауа райы тұрақтанады;

—     өрмегін тездетіп ере бастаса, өзіне ұя салуға кіріссе, күн суытады;

—     өрмектің ұзын желі аралықтарын көлденен қысқа жіптермен бекітіп, жаңа торын жиілетсе, жел көтеріледі немесе жаңбыр жауады;

—    қазан айының алғашқы күндері ұзын ақ ермегі ұшса — күз жылы, қар кеш түседі.

КӨБЕЛЕК

—     гүлге қонбаса, ауа райы жақсарады;

—    сіркіреген жауында ықтасыннан шығып ұшса күн көзі ашылады;

—     бұтақтар арасын, қуысын немесе басқа ықтасындарды паналаса, найзағай ойнайды.

ШЕГІРТКЕ

—    кешкісін топтанып секіріп немесе шөп басына қонып ұзақ шырылдаса, ауа райы жақсарады;

—    даладағы шырылы әдеттегіден қатты шықса — ауа райы құрғақ;

—     шетен ағашы гүлдегенде топтанып жүрсе — жаз ыссы, қуаң.

 

ТЫШҚАН

—     жазда ініне бидай сабаны мен құрғақ шөпті көп тасыса — келер қыс қарлы, суық әрі ұзақ;

—    мезгілсіз інінен шықса, жаңбыр жауады.
               ШАЯН
—    судан жағаға шығып ұзақ жатса, жаңбыр жауады.
        ҚҰНДЫЗ
—    күні бойы тынбай еңбектенсе, жаңбыр жауады.
            ҰЛУ
—     шөптің сабағын бойлап жоғары көтерілсе, аптап түседі.
ЖАУЫН ҚҰРТЫ
—    жер бетіне шығып жыбырлап жүрсе, кешікпей жаңбыр жауады.
СУ ЖЫЛАН (САРЫБАС ЖЫЛАН)
—     жолға шығып ұзақ жатып жылынса, жаңбыр жауады;
—     мезгілді маусымда ұйықтамаса, күз ұзақ әрі жылы болады.
ШЫБЫН
—    қысты күні ұйде ұшса, боран соғады;
—    ертеңгісін қатты ызыңдап ұшса, ауа райы жақсарады.
                                        МАСА
- кешке қарай және түнде топтанса, ауа райы жақсарады;
- топ-тобымен шелектегі суға үймелеп ызыңдаса немесе кешке таман қатты ызыңдап ұшса, ертеңіне жаңбыр жауады.
                    ҚҰМЫРСҚА
—     ертеңгісін илеуінің аузын ашып, ерсілі-қарсылы шұбыра бастаса, тыным таппай жұмыстанса, ауа райы жақсарады;
—     күзде көріңсе — келер қыс жылы;
—    күзде үйіндісі биіктей түссе — келер қыс қатты;
—     сапарынан асыға оралса, илеуіне тығыла бастаса, жауын жаумақ.
                         ҚОҢЫЗ
—     жазды күні әдеттегіден көп өрсе — жаз қуаң;
—     ызыңдап ұшса — күн ашық;
—     кешкісін төмен ұшса, алақанға отырғызғанда тұрақтамай, тез ұшып кетсе, түнде жарқырай түссе (жарық қоңыз), ауа райы жақсарады;
—     бұлыңғыр ауа райында түстіктен жел соғып тұрғанда ұшса, күн көзі ашылады.
              ҚҰРБАКА
—     суда отырса, жаңбыр жаумайды, жағаға шығып тырбандап секіріп жұрсе, жауын жауады;
—     сыртқы қабығы көкшіл тартып, кеште ұзақ және қатты бақылдаса, ауа райы жақсарады.
                    КИІК
—    топ-топ болып басқа жаққа бет алса, ауа райы қатты бұзылып, суық түседі.
АУА РАЙЫН ТАБИҒАТ КӨРІНІСТЕРІ МЕН
ҚҰБЫЛЫСТАРЫ АРҚЫЛЫ БОЛЖАУ
                  ЖЕР СІЛКІНУ НЫШАНДАРЫ
—     құстар қым-қиғаш ұшып-қонып, улап-шулап дәйексізденеді;
—     құмырсқалар илеуінен безеді;
—     иттер қыңсылап, кейде мезгілсіз ұлып мазасызданады;
—    мысықтар жер тырналап, мияулап үйден қашып шығуға тырысады;
—    жыландар топтанып өзге жаққа көшеді;
—    кесірткелер өз мекенінен жедел қоныс аударады;
—    атжалмандар мен тышқандар індерін тастап, топ-топ жиналып әбігерге түседі, ерсілі-қарсылы жүгіріп, кейде өзара таласады;
— жылқы оқыранып, сиыр мөңіреп, қой маңырап, шошқа мен үй қояндары безек қағып, тыным таппайды.
+1 дауыс
1.Ай туғанда шалқасынан жатса шаруаға қолайсыз, өзіне қолайлы, тігінен тұрса өзіне қолайсыз, шаруаға қолайлы.
2.Аспанда қара бұлт болса жанбыр жауады.
3.Далада жанбыр жауып тұрса жер балшық болады))))
+1 дауыс
Мен де аздап білемін жазып жіберейін
-Қарлығаш төмен ұшса,жаңбыр жауады
-
-Құмырсқалар илеуіне тез кіріп кетсе,жаңбыр жауады
-
+1 дауыс
Түнде әлгі аспандағы ай дискімен қоршалып тұрса ертесіне қатты суық болады немесе жаңбыр жауады.
0 дауыс

көктемде жауған қар үстіндегі құмалақ батып кетсе,көктем ертетуады,батпай тұрса,көктем кеш туадыmaillaugh“–“

0 дауыс
Негізі болжағанда алдымен кф ке қарайсыңғой)
0 дауыс
Үйдің мұржасынан түтін тіке бағыт алса суықтықтың белгісі
0 дауыс

  • Жыл құстары топтасып ұшса, жылымық күз созыла түседі
  • Жыл құстары қайтқанда төмен ұшса қыс қатты 
0 дауыс

Қарға суға түссе не болады ?angel көмектесініз

0 дауыс
Қарлығаш төмен ұшса .................
0 дауыс
Қарлығаш аласа ұшша, ертең жаңбыр жауады

Ұқсас сұрақтар

...