+1 дауыс
6.5k көрілді
Ең алғаш ауа райын болжауды кім немесе қай мемлекет ойлап тапқан?

2 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Қай мемлекет ойлап тапты дейтіні жоқ, ол қай халықта да болған, табиғат құбылыстарын, жан жануарларды бақылап ауа райына болжам жасап отырған.

Мысалы қазақтар:

 Жылқылар ойнақтаса, шапқыласа, кешікпей  ызғар соғып, боранды жауын қарлы борасын болады деп біледі

Қыста торғайлар ұясына ма-мық тасыса, күн кенеттен қатты суып кетеді..... т.б. көп қой.

Ал қазіргі ғылыми негізін салған ағылшын ғалымы Джеймс Джурин
Сонымен қатар...
Қазақтар табиғаттағы кейбір құбылыстарды теңеулі түрде айтып, оларға қызықты атаулар қойған. Соның ең бастылары:
1. Алтын күрек – көктемде соғатын жылы желдің атауы.
2. Өкпек жел – жазғытұрым соғатын желді осылай деп атайды.
3. Қарасуық – күздегі өңменіңнен өтетін суық күндер.
4. Соқыр жаңбыр - күн шығып тұрғанда сіркіреп жауатын жылы жаңбыр.
5. Қысыр бұлт – түнеріп
келгенімен жаңбыр жауғызбай-
тын бұлттың атауы.
6. Ұзынсары – наурыз айында күннің ұзаруы. Оны халық «Ұзынсары келгенде» деп бейнелеп айтады. Ұзынсарыға байланысты қазақта қызық әңгіме бар...
2. Жан – жануарларға
байланысты
Біздің дана халқымыз жан-жануарлардың мінез-қылығына, іс-әрекетіне қарап та келесі күннің, көктем, жаз, күз, қыстың қандай болатынын алдын-ала болжаған. Бір ғажабы, бұл болжамдардың қай-қайсы да шындыққа айналып, дәл келеді.
Қыста торғайлар ұясына ма-мық тасыса, күн кенеттен қатты суып кетеді.
Қыстыгүні әтеш бір аяғын көтеріп тұрса, аяз басталады.
Үйрек бір аяғымен тұрып, басын қанатының астына тықса, аяз болады. Аязды күні қанатын желпінсе, аяз басылады.
Ит арқасынан түлесе, қыс жайлы, бауырынан түлесе, қыс қатты болады, - дейді.
Құр, шіл қардың астына тығы-лса, ұзамай боран басталады, - деп болжам жасалады.
Қырғауыл мазасызданып, қат-ты айқайласа, жер сілкінетін кө-рінеді...
Қыста қаздар қаңқылдаса, күн жылиды, аяқтарын бауырына тығып жатса, күн суытады немесе боран ұйытқиды, - дей беріңіз.
Құстар ертемен жем іздеуге асықса, күн жауын-шашынды болады деп күткен жөн.
Қарлығаштар аспанда самғап, биік ұшса – күн ашық, төмендеп ұшса – жаңбыр жауып, жел тұрады.
Қатты жел, дауыл алдында құмырсқалар әбігерленіп, мазасызданады.
Сиыр танауын тартып, мүйізін шайқаса боран немесе дауыл тұрады.
Қараторғайлар топтана ұшып, аспанда неше түрлі қимылдар жасаса, күз ұзаққа созылады.
Егер қой тұяғымен төсін қаси-тын болса, қыс боранды болады.
Қой тісін қайраса, боран немесе дауыл соғуға тиіс.
Мысық пешке тығылса – аяз-дың алды, ит аунаса – жаңбыр жақын.
3. Табиғатқа байланысты
Халқымызда жұлдызшылар да, табиғат тамыршылары да аз болмаған, қазір де бар. Олар әрбір күннің атуы мен батуына, ай мен жұлдыз, күннің қалай көрінуіне, тіпті қардың қалай түскеніне сәйкес те алдағы ауа-райынан хабардар болып отырған. Оның ел есінде сақталған түрлері мен тәсілдері көп. Соның бір тобы мынандай:
Жауын немесе боран жұма күні басталса, ол келесі жұмаға дейін басылмайды.
Қыста күн құлақтанса, ол – қатты аяздың белгісі.
Жазда күн кенет ысып кетсе, көп ұзамай жаңбыр жауатыны белгілі.
Жазда құйын көп болса, қыс боранды. Жаз найзағайлы болса, қыс жайлы.
Күн бұлтқа батса, келесі күн жауын-шашынды.
Көктемде күн көп күркіресе, егін, шөп мол шығады, - деп ырымдайды.
Батар күн қызыл шапаққа малынса, келер күн жазда ыстық, қыста жұмсақ болады.
Бұлт ортасынан ыдыраса, ауа-райы бұзылады, шетінен ыдыраса, күн жылынады.
Қызара батқан күн – желдің, ашық сары болып батқан күн – жаңбырдың белгісі.
Ай қызыл түспен қораланып, сол шеңбер кеңейіп барып жоғалса, келесі күн ашық болады. Осындай екі шеңбер немесе күңгірт бір шеңбер көрінсе, ол - қатты суық болады деген хабар.
Желсіз түні түтін жерге қарай шалқыса, қыста – қар, жазда – жаңбыр жауады.
Қораланған күннің шеңбері тар болса, ауа-райы тез бұзылады.
Көктемде жауған қар үстіндегі құмалақ батып кетсе, көктем ерте туады, батпай тұрса, көк-тем кеш туады.
Наурыз күні қар жауса, ол жылы жақсылық көп.
Көктем туғанда таң шашырап атса, ол жылы молшылық, береке көл-көсір.
Суық күні терезе әйнегі мен жақтауы терлесе, күн жылынады, жазда терлесе, ауа-райы бұзылады.
Шолпан жарқырап туса, егін, шөп, жеміс бітік шығады.
Жазда жұлдыздар жарқырап тұрса, келер күн ыстық. Қыста жарқырап көрінсе, келер күн аязды.
Ай қораланса, жаз жаңбырлы, қыс қарлы, боранды. Күн қора-ланса, қар қалың жауады.
Қыста кемпірқосақ туса, жыл берекелі, жайлы, мал төлді, егін, шөп бітік, қуаныш көп болады, - деп жориды.
0 дауыс
Сауирдин 11-17 куни суык болады,ол ОТАМАЛЫ деп аталады.Ауа райын зерттейтин адамды СЕНОПТИК деп атайды.
...