ИТ
– қарға жатса, не керіліп њзақ жатса, таяуда књн жылынбақ;
– ұзақ ұйықтаса, ауа райы бұзылмақ;
– жерге аунай берсе, жазда жаңбыр жауады, қыста бұрқасын соғады;
– итаяққа құйған асты аз ішіп, бұйығып жата берсе, жаңбыр жауады, мезгілсіз қайта-қайта ұлуы - жаманшылық белгісі не табиғат апатының хабары.
МЫСЫҚ
– бұйығып ұзақ ұйықтаса, күн жылынады;
– жуынса - күн шуақ;
– суды әдеттегіден кебірек жалап ішсе, ауа райы жылынады;
– пеш үстіне шығып бұйығуы - салқындық нышаны;
– жерді осқылап тырналаса - қыста бұрқасын, жазда жел тұрып, жаңбыр жауады;
– тұмсығын ашып ұйықтаса-күн ашық, бауырына тығып ұйықтаса жаңбыр жауады;
– тұмсығын бауырына тықса - қыста аяз, құйрығын ширатпай, жазып жүрсе, бұрқасын соғады;
– артқы екі аяғымен тұрып, алдыңғы аяқтарымен жер тырналаса, боран соғады.
АРА
— шырын жинаудан ерте оралса, ауа райынын қолайлылығы сақталады;
— ұясына кеш қайтса, ұясына топталып жиналса, таласса және қатты гуілдесе, жаңбыр жауады;
— таңертең ойнаса, шырын жинауға ұясынан ерте ұшса, көк жапырақ жайған мойыл мен шетен ағашына тобымен жиналып гуілдессе, ауа райы ашылады;
— жауын-шашында ұясынан ұшып, қайта қонып гуілдессе, ауа райы жақсарады;
— ашулы және қызғанышты құлық танытса — жаз құрғақ, қуаң;
— жаңбыр бұлты төніп келгенде жұмысын тоқтатпаса, жаңбыр жаумайды;
— ұясынан ұзап шықпаса, ауа райы бұзылады;
— омарта тесігін ашық қалдырса — жылы, балауызып бітесе — келер қыс суық;
— ұя қабырғаларына топтанып отырса, аптап түседі.
ӨРМЕКШІ
— кешкісін жаңадан өрмек тоқыса, өзі жұрт көзіне көбірек керінсе, ертеңіне ауа райы жақсарады;
— өрмекті шеңберлеп тоқыса, ауа райы ашылады;
— өрмек торы көп болса, күн ысиды;
— өрмегін жерге жақын тоқыса, күн жылынады;
— өрмектің арқау (бас) жібін ұзын өрсе, қолайлы ауа райы тұрақтанады;
— өрмегін тездетіп ере бастаса, өзіне ұя салуға кіріссе, күн суытады;
— өрмектің ұзын желі аралықтарын көлденен қысқа жіптермен бекітіп, жаңа торын жиілетсе, жел көтеріледі немесе жаңбыр жауады;
— қазан айының алғашқы күндері ұзын ақ ермегі ұшса — күз жылы, қар кеш түседі.
КӨБЕЛЕК
— гүлге қонбаса, ауа райы жақсарады;
— сіркіреген жауында ықтасыннан шығып ұшса күн көзі ашылады;
— бұтақтар арасын, қуысын немесе басқа ықтасындарды паналаса, найзағай ойнайды.
ШЕГІРТКЕ
— кешкісін топтанып секіріп немесе шөп басына қонып ұзақ шырылдаса, ауа райы жақсарады;
— даладағы шырылы әдеттегіден қатты шықса — ауа райы құрғақ;
— шетен ағашы гүлдегенде топтанып жүрсе — жаз ыссы, қуаң.
ТЫШҚАН
— жазда ініне бидай сабаны мен құрғақ шөпті көп тасыса — келер қыс қарлы, суық әрі ұзақ;
— мезгілсіз інінен шықса, жаңбыр жауады.
ШАЯН
— судан жағаға шығып ұзақ жатса, жаңбыр жауады.
ҚҰНДЫЗ
— күні бойы тынбай еңбектенсе, жаңбыр жауады.
ҰЛУ
— шөптің сабағын бойлап жоғары көтерілсе, аптап түседі.
ЖАУЫН ҚҰРТЫ
— жер бетіне шығып жыбырлап жүрсе, кешікпей жаңбыр жауады.
СУ ЖЫЛАН (САРЫБАС ЖЫЛАН)
— жолға шығып ұзақ жатып жылынса, жаңбыр жауады;
— мезгілді маусымда ұйықтамаса, күз ұзақ әрі жылы болады.
ШЫБЫН
— қысты күні ұйде ұшса, боран соғады;
— ертеңгісін қатты ызыңдап ұшса, ауа райы жақсарады.
МАСА
- кешке қарай және түнде топтанса, ауа райы жақсарады;
- топ-тобымен шелектегі суға үймелеп ызыңдаса немесе кешке таман қатты ызыңдап ұшса, ертеңіне жаңбыр жауады.
ҚҰМЫРСҚА
— ертеңгісін илеуінің аузын ашып, ерсілі-қарсылы шұбыра бастаса, тыным таппай жұмыстанса, ауа райы жақсарады;
— күзде көріңсе — келер қыс жылы;
— күзде үйіндісі биіктей түссе — келер қыс қатты;
— сапарынан асыға оралса, илеуіне тығыла бастаса, жауын жаумақ.
ҚОҢЫЗ
— жазды күні әдеттегіден көп өрсе — жаз қуаң;
— ызыңдап ұшса — күн ашық;
— кешкісін төмен ұшса, алақанға отырғызғанда тұрақтамай, тез ұшып кетсе, түнде жарқырай түссе (жарық қоңыз), ауа райы жақсарады;
— бұлыңғыр ауа райында түстіктен жел соғып тұрғанда ұшса, күн көзі ашылады.
ҚҰРБАКА
— суда отырса, жаңбыр жаумайды, жағаға шығып тырбандап секіріп жұрсе, жауын жауады;
— сыртқы қабығы көкшіл тартып, кеште ұзақ және қатты бақылдаса, ауа райы жақсарады.
КИІК
— топ-топ болып басқа жаққа бет алса, ауа райы қатты бұзылып, суық түседі.
АУА РАЙЫН ТАБИҒАТ КӨРІНІСТЕРІ МЕН
ҚҰБЫЛЫСТАРЫ АРҚЫЛЫ БОЛЖАУ
ЖЕР СІЛКІНУ НЫШАНДАРЫ
— құстар қым-қиғаш ұшып-қонып, улап-шулап дәйексізденеді;
— құмырсқалар илеуінен безеді;
— иттер қыңсылап, кейде мезгілсіз ұлып мазасызданады;
— мысықтар жер тырналап, мияулап үйден қашып шығуға тырысады;
— жыландар топтанып өзге жаққа көшеді;
— кесірткелер өз мекенінен жедел қоныс аударады;
— атжалмандар мен тышқандар індерін тастап, топ-топ жиналып әбігерге түседі, ерсілі-қарсылы жүгіріп, кейде өзара таласады;
— жылқы оқыранып, сиыр мөңіреп, қой маңырап, шошқа мен үй қояндары безек қағып, тыным таппайды.