+3 дауыс
849 көрілді
Біздің қала арине әдемі, алайда осы парктердегі атракциондарды ауыстыру керек секілді, Қиял әлеміне де, Алматыдағы технопарктің ескі атракционы "Пираты" қойды, осы мәселелерді қалай шешуімізге болады.

4 жауап

+1 дауыс
Білмеймін, Шымқалаға барып көрген жоқпын.Бірақ менің ойымша,Қазақстанда дұрыс атракцион болды ма?!
Алматыда 5ы "Мир Фантазия "  жақсы ғой,маған ұнайды.
+1 дауыс

Бұл сұрақты Шымкенттіктерге деп қоймадың ба? біз оны қайдан білеміз? Ол мәселені шымкенттіктер жиналып шешіңдер. Бұл жерде тек шымкенттіктер ғана емес басқа қаланың адамдары да бар. Барлығына ортақ сұрақ қойған дұрыс болар.

Сыйлай білсең, сыйлы боласың!-деген тамаша қазақта сөз бар. Сондықтан сыпайы сөйлейік. Мені түсініп қарарсың деп ойлаймын. Рахмет!
0 дауыс
Ия жоқтан көрі оған да шүкіршілік етіп келеміз. Арғы жағында шағын жылдам жүретін поровоз секілді ашылған екен. Оған барып көрмедім. Жынымыз шығып жүргенде, іштегі эмоцияны шығару үшін  Қиял әлеміне кірген кездегі оң жақтағы Балғаға шығып іштегі жынды басып қайтамыз. Пираттың алматыдан әкелгендігін сізден алғаш естіп отырмын, әйтеуір мен Шымқалаға студент болып келгелі тұрған соң баяғыдан бар екен деп жүрмін. Ия шымкенттегі саябақтарды Алматының саябақтары мен Ташкенттегі Дисней-лендпен салыстыра алмаймыз. Бірақ көз жүгіртіп қарасаңыз басқа қалада бұндай Жап жасыл талдары көп, демалатын орындарды таппайсыз. Осыған да шүкіршілік, Дендра парк қандай тамаша, ішіне кірсең шыққын келмейді, түнде әсем шамдардың бойымен жүрген қандай жақсы, таза ауа.  Оңтүстіктің өркендеп өсуіне үлкен үлес қосқан белгілі қоғам қайраткері Асанбай Асқаров атамыздың орасан зор. Зоопарк, Дендрапарк, Балалар пойызы, Технопарктің барлығының салынуы осы кісінің арқасы.
0 дауыс
"Қиял әлемі" саябағында барлығы кішкентай балаларға арналған ғой. "Пираты" түк те қызық емес. бардан жоқ ол да жақсы ғой.Бізде Түркістанда бәрі қирап жатыр,және жазып қойған:Ойнамаңыздар,денсаулыққа қауіпті!)))))
...