+3 дауыс
Жастардың саяси белсенділігі мен азаматтық позициясына көңіліңіз тола ма?
12.10.2014 2.3k қаралым

1 жауап

0 дауыс

Мен жастар саясатында және еліміздің өркендеуі үшін жұмыс істеп жүрген көптеген жастарды білемін. Статистика бойынша қазақстандық ҮЕҰ-дың 45% - жастар ұйымдары. Мұндай азаматтық белсенділік қуантады. Жастар ұйымдары – жас азаматтар үшін өте жақсы мектеп.

Әрине, негативті нәрселер де бар. Қоғамның қолдауы мен мақұлдауын көрген соң, жас белсенділер бюрократтар мен мәнсапқорларға айналады. Сондай-ақ, жас көшбасшыларға ұсынысым бар – өз қызметтеріңізді қалалардағы оқу орындарымен шектемей, ауылдағы жастармен де белсенді жұмыс істегендеріңізді сұраймын. Бірақ, жалпы  алғанда жастар ұйымдары қоғамда белсенді, мақсаты биік жастарды тәрибелеуге үлкен үлес қосып отыр деп санаймын. 

Нұрлан Ерімбетов

28.10.2014
127,958Сұрақ
322,882Жауап
153,169Пікір
72,992Қолданушы