+4 дауыс
354 көрілді
Бүгінгі статистика бойынша.
Кірушілер саны-2594
Жай қарағандар-13065
Өткен айдың қатысушылары 101497
бұл көрсеткіш 2 есеге өсу үшін қанша уақыт керек?

2 жауап

+2 дауыс

Жақсы жауап
Бұл көрсеткіштің өсуіне менің жақсылап жұмыс істеуімнің қажеттілігін талап етіп отыр. Мейлі менің ішімде болу керек, менің іске асыратын жоспарым бола тұрса да мен қазіргі жағдайды толықтай баяндап өтейін.

Қазіргі таңда мен жаңадан тіркеліп жатқан қолданушылар легі артып жатқандығын байқадым. Қолданушылар саны ірі жылдамдықпен артып жатыр. Басқа қазақ тілді сайттарға қарағанда басымдылық бар.

Интернетте қазіргі кезде Қазақ тілді контентті тұтынатын, қажеттілігі жұмсайтын адам аз. Оған бірнеше факторлар бар, ол оқушылардың ауылға жазғы демалысқа кетіп қалуы. Яғни жаз айларында поисковиктерде сұраныс іздеу азаяды. Соның есебінен сайтқа кірушілердің саны да төмендейді. Бұл қалыпты жағдай, оған қоса ауылдарына кеткен студенттер, ашық сабақ, жоспар, тәрбие сағаты тақпақ іздейтін мұғалімдерге шейін демалыста. Сайтты қажеттілігіне қарай қолданатын қолданушылар аз. Бұл көрсеткіш бері қарайды, ол қыркүйек айынан бастап. Барлығы оқу орындарына келе бастайды. Іздеу сайттары қайта жандана бастайды. Себебі сабаққа қатысты материалдар іздеу науқаны қайта басталады. Осы кезеңде Реферат, ашық сабақ т.б іздеу кезінде осындай ақпараттық сайттарға кірушілер саны артады. Себебі мектептегі, универ, колледждегі интернет кабинеттері іске қосылып адам саны артады.

Бұл жағдай сұрақ жауап сайтына қалай әсер етеді.
Іздеу арқылы сайтқа келушілер саны артады. Тиісінше сұрақ қою саны да қатты артатын болмақ. Қазір 30 сұрақ қойылатын болса, ол кезде 60- тіпті 100-ге жуық сұрақ қойылуы да ғажап емес. Бұл көрсеткіштер көбеймесе азаймайды.

Ал Ескендір сенің сұрағыңа келетін болсақ. Оның саны екі есе артуы үшін, мен бәсекелес сайттардың алдын орап алып кетуім керек. Қалай деген сұрақ болса? Қарапайым мысалдармен келтірейін. Интернетте SEO оптимизация деген түсінік бар. Бұлсыз сайттың алдыңғы көп кіретін сайт болуы мүмкін емес. Біз әзірге қарапайым сайттарға жеңіліп қалып жатырмыз. Гранттар тізімі, ұбт грант нәтижесі деген іздеуде testent.ru т.б.  саттарға жеңіліп солардан кейінгі орындарда тұрдық. Гуглда іздеуде 1-3 бұрын шығу, 5-тен ары қарай  10-ға дейін шығу барлық факторлар өзіндік рөл ойнайды. Ол сайттар жақсы оптимизациядан өткен сайттар. Басқа да ірі ақысы көп сайттар, арнайы орыстар болсын шет елдін жақсы мамандарына ақылы түрде SEO жасатқызады.  Сайтты каталогтарға салып шыққаннна бөлек, сайтты Тратовый сайттарға жариялап сайттың іздеу сайттары алдында авторитетін көтереді. Яғни оны Траст сайта, ранжирование т.б. деген терминдер бар.
Мысалы: Қазір біздің сайтта Бекжан базары өртенді деген ақпарат шықты. Оны Гуглдың базасына енгізіп шығарып жатыр. Бірақ бізден кейін 10-15 сағаттан кейін, мейлі 1 күн өткеннен кейін де бір жаңалық сайты мыслаы Нұр.кз тура сондай мәтінмен жарияласа бәрібір Гугл алдыңғы қылып Нұр.кз береді. Себебі Гуглда Нұр.кз авторитеттілігі және оның Траст жағы өте жоғары. Сондықтан ол алға шығып кетеді. Тиісінше ақпарат  іздеген қолданушы бірінші соған кіреді. Тисінше басқа жаңалықтар оқып сол сайтта қалып кетіп, біздің сайтқа келесі болып кірмеуі мүмкін. Осылай біз трафик жоғалтамыз.

Бұл жағдайда мен не істей аламын. Мен де SEO-ға заказ беріп істетуім керек. Бірақ  мен ақша шығарпа алмаймын, себебі оған жұмсай алатын қаражат жоқ. Тиісінше өзім істеуге тура келеді, бірақ ол оңай жұмыс емес. Әр ай сайын барлығы жаңарып отырады. Сайттың Тиц және Pr көтеру т.б. айналысуға тура келеді. Қазіргі таңда мен жасап жатырмы, аздаған қаражатты жинастырып сайттың трастын көтеруде жұмыс жасап жатырмын. Кішкене заказға да бердім, соның нәтижесін күтіп жүрмін.ү Оны кұтіп ғана қоймай өзім де әрекет жасап сайтты Тиц және Pr жоғары сайттарға СЖ-ны енгізіп сайттың авторитеттілігін жоғарлату мақсатында еңбек етіп жатырмын. Сол үшін сайтта көп жауап жазбай, сайтты бақылап сұрақтар мен жауаптарды өңдеп реттеп отыруын модераторларға жүктеп қойғаным сондықтан. Мен тек қажетті жағдайда ғана іске араласып жатырмын. Әзірге менде басты мақсат бәсекелес сайттарға төтеп беру. Яғни іздеу сайттарында СЖ-дағы ақпарат тек бірінші қатарда тұруын қамтамасыз етпекшімін. Ол үшін сайттың Трастын көтеру.

Сайттың авторитеттігін көтеруде көптеген арнайы қолмен жасау әрекеттері бар. Мысалы сайтты Яндекс Каталогқа қосу. Ол екі түрде жүреді ақылы және тегін. Ақылы 65-70 мың теңге шамасында. Оны мен бере алмаймын. Екінші тегін, оны модераторлары қажетті сайт деп тапса ғана кіргізеді. Мен заявканы тастадым, бірақ тегін түрде қосылу мүмкіншілігі 1 пайыз ғана! Тіпті 0,5 пайыз да шығар. Егер каталогқа кіретін болса сайттың авторитеттілігі мен трасты жағынан Яндексте біз күштілеу болатын едік. Ал Гугл Дмоз деген каталогты қолданады. Оған кіру тіпті қиынның қиыны. Ақылы түрдегісі жоқ.

Іздеу сайттары арнайы бір алгоритммен жұмыс жасайды. Оның қалай жұмыс жасайтынын ешкімбілмейді. Бірақ ол істеуді, оны алдап сайтқа бейімдеуге болады. Ол көптеген күш пен қаражатты талап етеді.

Мен қолымнан келгенше істеп көріп жатырмын, ақыға да кішкене заказ беріп көрдім. Өз нәтижесін береді ма жоқ па оны уақыт көрсетеді. Әзірге қалай өрбитінін көреміз, не де болса Қыркүйек айынан бастап қолданушылар саны артуы керек. Ол солай болуы керек, ол қалыпты жағдай. Бірақ ешкім біліп туылған жоқ алдында не болатынын, оны уақыт көрсетеді. Егер түсінбеген сұрақтарыңыз болса, астында пікірде сұрасаңыздар болады. Жауап беруге тырысамын.
Алғыстан басқа айтарым жоқ бір өкініштісі мен модераторлық қызыметімді тоқтатуы мүмкін белгісіз бірақ себеп бар егер кететін болып жатсам айтармын.
Саған да ешқандай өкпем жоқ. Тек алғыстан басқа ештеңке айта алмаймын. Менің қаншама жұмыстарымды жеңілдетіп, қаншама қол ұшын созым орысша айтқанда оперативно жұмыс істеп сайттың сапалы болын қамтамасыз етіп отырдыңыздар. Сіздерге мың алғыс!
Саиттың дамуына сіз өте көп еңбектеніп жатырсыз.сізге алғысымыз зор.Ал біз,жәй қолданушылар,саиттың көтерілуіне қалай үлесімізді қоса аламыз?
Жаңалық демекші Ербол! Жаңалықтар бөлімін ашса қалай болады екен? Оған өз арамыздан жас тілшілер сайлап, сонда мақалалар салып тұрсақ. Әлде сайт движогында ондай мүмкіндік қарастырылмағанба?
+1 дауыс
Қазанға дейін қолданушылар саны 10 000 ға жетеді.Сонымен қатар  30 900 сұрақ болғанымен 81960 жауап болғаны қуантады.Яғни бұл әр қолданушы қойған сұрағына толық мәлімет алып отыр деген сөз.Сұрақ жауаптың болашағы жарпқын және танымал сайт боларына сенемін.