+3 дауыс
108k көрілді
Аяғы ауыр кезінде етеккір келе ме? мен білмей отырмын етеккір аз келді бір күн ғана сондай бола ма егер аяғы ауыр болса?
Еттеккір келген жағдайда төсектес болып койса бала көтеріп калуға мүмкін бе?

22 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап

Әрбір әйел, жарты жылда бір рет болсын, гинеколог маманына қаралуы керек. Алайда, кеңес үкіметінің дәуірінде өмір сүрген әйелдерге, жай ғана тексерілу түгіл, емделуге барудың өзі ұят болып көрінеді. Себебі, гинеколог міндетті түрде сұрақ қояды. Арасында, тіпті жауап беруге ыңғайсыз сұрақтар да болуы мүмкін. Әрине, дәрігердің мұндай сұрақтарды жайдан жай қоймайтыны анық. Олай болса, не үшін?

гинеколог маман

Гинеколог қоятын сұрақтар сіз жайлы өте көп мәлімет бере алады. Тіпті, анализ нәтижелері мен гинекологиялық орындықтағы тексеріс көрсете алмаған нәрселерді дұрыс жауаптарыңыз арқылы анықтауға болады. Бұл, өз кезегінде, дәрігердің дұрыс диагноз қоюына кепіл болады. Тек, берген жауаптарыңыз шынайы болса, болғаны. Есіңізде болсын, кәсіби маман еш уақытта сіздің жауаптарыңыз үшін сізді айыптап, кінәлап, ұялтып отырмайды.

Сонымен, гинекологқа барарда қандай сұрақтарға дайын болу керек?

1. Алғашқы етеккір неше жаста келді? Әдетте, етеккір 12-15 жас аралығында келеді. Одан тым кеш немесе тым ерте келген етеккір қыз баланың жыныс мүшелерінің дамуындағы ауытқу болып саналуы мүмкін. Сондықтан ең алғаш етеккір келген кезді есте сақтаған абзал. Сонымен қатар етеккір келген кезде әйел адам қатты ауырсынады ма, жоқ па? Қан қаншалықты мөлшерде бөлінеді? Осы және басқа да сұрақтар әйел адамның ағзасы жөнінде маңызды ақпарат береді. Кәсіби маман сол ақпарат арқылы аталмыш белгілердің ағза физиологиясының ерекшелігі ме, әлде ағзадағы қауіпті ауру ма екенін анықтай алады.

2. Соңғы етеккір қашан келді? Қалыпты жағдайда, етеккір айналымы 21-35 күнді құрайды. Соңғы етеккірдің келген күні дәрігерге әр түрлі ақпарат бере алады. Мысалы, тұрмыстағы әйел үшін етеккірдің ұзақ уақыт бойы келмеуі жүктіліктің белгісі болуы мүмкін.

3. Жыныстық қатынасқа неше жастан бастап түстіңіз? Етеккірдің басталуымен бірге қыз баланың ағзасында алуан түрлі өзгерістер басталады. Сол сияқты, жыныстық өмірдің басталуы да, ағза үшін із-түссіз кетпейді. Сонымен қатар, ерте басталған жыныстық қатынастар болашақта түрлі аурулардың себебі болуы мүмкін. Сондықтан, бұл сұраққа неғұрлым шынайы түрде жауап берген дұрыс.

4. Қанша рет жүкті болдыңыз және қанша рет түсік тастадыңыз? Бұл сұрақтарға, көп жағдайда, тұрмыс құрмаған әйелдер жауап бергісі келмейді. Алайда, бала туу мен түсік тастау ағзаға бәрінен қатты әсер ететін үдерістер. Жас кезінде түсік тастап, артынша тексерістен өтпеген әйел оның зардабын бірнеше жылдан кейін кешуі мүмкін. Сондықтан бұл сұрақтың жауабы әйел адамды артық тексерістер мен жалған диагноздан сақтап қалуы мүмкін.

5. Гинекологиялық немесе инфекциялық аурулар болды ма? Кейбір аурулар ағзада ізін қалдырмастан жазылып кетпейді. Кейбір аурулар жыныстық органдардың түрін, қызметін және т.б. өзгертуі мүмкін. Сол себептен, дәрігерге барлық аурулар жайлы толық ақпарат берген дұрыс.

Қорытындылай келе, гинеколог маманға барар алдында есте сақтайтын бірнеше ережелердің тізімін келтіргенді жөн көрдік:

  • гинекологқа қаралудың ең тиімді күндері - етеккірден кейінгі алғашқы апта;
  • гинекологқа барар алдында кіші дәретке отырып, жуынып барған жөн;
  • гинекологқа барардан 2-3 күн бұрын жыныстық қатынасқа түспеген абзал, себебі қынапта шәуеттің белгілі бір мөлшері қалып кетуі мүмкін;
  • тексерістің алдында таза іш киім киіңіз;
  • егер жақын арада антибиотик курсын қабылдасаңыз, гинекологқа қаралуды 1-2 аптаға кейін қалдырыңыз.
0 дауыс
Аягы ауыр кезде етеккир келмейди.Босанганнан сон келеди.Денсаулыгынызды тексертиниз.
жок катлесесиз менин жуктилигиме 3ай болды. 2 ай кезинде коныр тусти суйиктик болинип журди. мен дереу даригерге бардым , узиге тусирди типти калалык ауруханага жиберди. бирак кауипти ештене жок деди.
0 дауыс
Аягым ауыр кезде маган 3айында етеккир келди мен тусинбедим аднтте 3-4кун келетин еди пл осыда 1ай келт коймагасын акушеркама бардым ол жартып ештеме айтпагасын калага баоп каралдым угроза деди коптеп витоминдер система укол берди содан кетти ондайды байкасаныз дереу даригерге коринген дурыс
0 дауыс
Мен 3 айлықпын,қан ағып жур,не істеуге болады?
0 дауыс
Мен жуктилигиме бир ай брак етеккирм келди
0 дауыс
Мени мазалап журген кан коринип жур акшыл кызыл белим ауырады жуктилигим 3айдан кетип жатыр балага зия
0 дауыс
сонда жукти болсанда еттеккир келема не
0 дауыс
Тест полоскасында 2 полочка шыккан еди менде. кейн 2 айдан сон етеккирим келди. Котермеуим мумкин ба?
0 дауыс
Саламатсыздарма мен18 жастамын турмыс курганыма 4 аи болды. Осы аида етеккирим 2 кун келди и ак коныр араласып келди. Мунын себеби нед
0 дауыс
Салеметсыздер ме?Аяк ауыр кезде аяктарыныз каксап ауыра ма?аякка тамырлар шығыпкетті  не ыстеу керек р
0 дауыс
Сəлеметсізбе...мен аяғым ауыр я ауыр емес екенің білми жүрмін.....тест салып тексерсем 1 сызық шығат..бірақ ішім шығып тұр ұстасам кіндгім айналасы қаттақ...төсек қатынасына түскеннен кейн етеккірім келді....енді қалай білсем болат оны аяғым ауыр или ауыр емес екнің
0 дауыс
Мен турмыска 2 жарым болды шыкканыма сонгы кездери 2 апта омырауым ауырып ишим ауырып кейн танертенги уакытта локсыйтын болдым Томен тартып ауратын еди  етеккир келетин уакытта еш омырауым ауырмайтын тек келген куни ишим ауыратын осы августе омырауым кишкене ауырды кейн етеккир келди кейн сентябрьде осылай 1 апта жарым уакыт омырауым ауырды Ишим локсу шаршап Басым айналгандай болатын кейн Маган етеккир келди бирак танертен тагы локсу болды кишкене томен тартады кан коп келип жаткандай бурынгыдан да неге олай екен? Накты жауап болса! Отиниш
0 дауыс
Салеметсиздерме менин сурайын дегеним 6неделя 6 кун жуктимин танертен коныр тусти выделения келди
0 дауыс
Сәлеметсіз бе. Мени тұрмыстамын.  Сұрайын дегеним еттек кирим еки күн ғана келді содан тоқтап қалды. Еттек кирим келгенде күйеуімнен болып едим.
0 дауыс
Сәлеметсіз бе.  Сұрайын дегеним еттек кирим келгенде күйеуімнен болып едим. Еки күн ғана келді содан тоқтап қалды.  Не себепті екен

Ұқсас сұрақтар

...