+3 дауыс
5.9k көрілді
Мұқағали Мақатаевтің "Бұлқынып жатыр" атты өлеңі қажет
онлайн тыңдау-http://b23.ru/51uy

4 жауап

+4 дауыс
 
Жақсы жауап
   
Бұлқынып жатыр
         Бұлқынып жатыр.
Келмейді-ау құрғыр шамасы,
Бұлқынып жатыр.
Таусылды-ау айла-шарасы.
Сәулемнің менің аяқ пен қолын матамай,
Бостандық берші, бостандық берші, мамасы.
Тұмшалап қойдың несіне сонша қаусырып,
Шандудан бөлек қалған ба шараң таусылып.
Аяқ пен қолын матамай бос қой, мамасы,
Кішкентай адам көрсетіп жатыр қарсылық.
Қарашы мынау қабаржып жатқан пішінге,
ЬІза мен ашу қайнайды келіп ішінде.
Жетпей ме сол да, қойдың ғой мені арқандап
Мамасы, босат, қызыма құрсау түсірме!
Көкемді босат, аяқ пен қолын матама,
Көтеріп жүрем, көтеріп өтем жотама.
Басымды тігем.
Бармақтай менің сәбиім
бүлдіре қоймас...
Бостандық берші ботама?
Мамасы, босат, еркімен өссін тал шыбық!
Ауа мен күнге, Ай менен нұрға малшынып.
Бұлқынып жатыр, ұмтылып жатыр, қарашы
Кішкентай жүрек көрсетіп жатыр қарсылық.

 

+1 дауыс
...Махаббат па?

...Махаббат па?
Махаббат болған еді.
Таудың мен еркін жүрген тағысы едім,
Тапты да,түсірдіғой торға мені.

Махаббат па?
Махаббат болған менде.
Жиі барғам аққулар қонған көлге,
Ал кәзір тоңған жүрек,солған кеуде.

Ғашықтық па?
Ғашық та бола білгем.
Бір-ақ жанға ғашықпын бала күннен,
Жанымменен сүйемін,жанарыммен.

Сағыныш па?
Қалай оны тауыса аламын.
Сағынғанмын,шөлдегем,
Ақыры шаршағаным,шаршағаным.

Сүйгенім бе?
Сүйгенім өмірде емес
Ұйықтасам,түнде түсім,көңілде елес,
Өлгенше кетер емес көңілден еш...
+1 дауыс
ҮШ БАҚЫТЫМ

Ең бірінші бақытым – Халқым менің,
Соған берем ойымның алтын кенін.
Ол бар болса, мен бармын, қор болмаймын,
Қымбатырақ алтыннан нарқым менің.

Ал екінші бақытым – Тілім менің,
Тас жүректі тіліммен тілімдедім.
Кей – кейде дүниеден түңілсем де,
Қасиетті тілімнен түңілмедім.

Бақытым бар үшінші – Отан деген,
Құдай деген кім десе, Отан дер ем!
... Оты сөнген жалғанда жан барсың ба?
Ойланбай – ақ кел дағы от ал менен.

Түтін түтет,
Өс, өрбі, көгере бер,
Немерелер көбейсін, шөберелер.
Жадыңда ұста :
Жақсылық күтпегейсің!
От емес, оқ сұрасаң менен егер!

Үш бірдей бақытым бар алақанда,
(Мені мұндай бақытты жаратар ма?!)
Үш күн нұрын төгеді аспанымнан,
Атырау, Алтай, Арқа, Алатауға!!!
0 дауыс
Күз секілді биылғы көктем маған,
Күреңітіп тұрады...
Неткен жаман?!
Кеше ғана...
Керемет кешкен ғұмыр,
Бүгін маған секілді өткен заман.
Бәрі ұқсайды, күп-күрең күздегіге,
Көшесі де қаланың түздері де.
Қайтып бара жатыр ма,..
Қайран қалдым,
Қиқуы жоқ тырналар тізбегіне.
Әлде көктем,
Өткізген жас шағым ба?
Күз болды ма,
Көңілімнің асқарында.
Жырлап келген көктемде жыл құстары,
Жылап бара жатырма,аспанымда?!
Күз секілді биылғы көктем маған,
Өкінеді өмірі өткенге адам.
Ұзақ өмір тілейміз,әйтсе дағы,
Көктемі жоқ күз өмір неткен жаман.________ Мұқағали МАҚАТАЕВ.
бұл өлеңі қалай аталады?
...