0 дауыс
10.8k көрілді
Басында Мұқағали Мақатаевтің өлеңдерің adebiet.kz сайтынан алушы едім , соңғы кездері сол сайт ашылмайтын болды, егер білсеңіздер 5 шақты өленің айтыңыздаршы

3 жауап

+3 дауыс
 
Жақсы жауап
Жок, даригер!
Жүрегіме жүк артып жүргенімде
қажыдың ба, байқұсым, білмедімбе?
шайпау тиіп, шаршатып кім көрінген,
Уландың ба білмеймін, кірлендің бе?
Бары ақиқат бір дерттің жүрегімде,
Дәрігер ау, арқалап жүремін бе?
Сорлайтындай соншама кім едім мен,
неге аяныш атасың іреңіңнен?
Айтып өлтір, қайтесің босқа ойланып,
Жүрек дерті өлімге бастай ма анық?
адасам ба өмірден жастай қалып?
ет жүрегім кете ме тасқа айналып?
неге айтпайсың тұрғанша, босқа
ойланып?
Пері соққан пендедей есі жарым
Тамырымда тулайды есіл ағын
бұл жүректің білмеймін несін алдым
несі жоғын білмеймін, несі барын?
қаным қайнап барады, қаным қайнап,
бір амал тап дәрігер, халімді ойлап
алауыртқан ақынның қолын байлап
әкетпесін ажал кеп өлімге айдап.
...Жоқ! Дәрігер! Орнатпа басқа жүрек!
басқа лүпіл жасама басқа леп
қалай айтам бүлінген жүрегімді
білдірмей доғдыр алып тастады деп?!
Өңгеріп өгей жүрек қайда барам
өзгенің ғұмырын қалай пайдаланам?
сыйыңа рахмет, қайран Адам!
өзімнің жүрегімдей қайда маған?
алмастырам?! дедің ай алмастырам!
сірә, менің жұлдызым жанбас бұдан
өзімнің жүрегімді жерлеп келіп
өзгенің өмірін қайтіп жалғастырам?
Тула жүрек! өкінем мен несіне?
туған жүрек әрине, өлмесін бе?
жоқ дәрігер, қозғама дамылдасын
әрбір жүрек өзінің кеудесінде!!!
М.Мақатаев
----/////////
Ей өмірім зымырап барасың ба М.
Мақатаев
Дүниенің ағын да, қарасын да,
Мыңқ етпейсің қабылдап аласың ба?
Қарасымен шамам жоқ таласуға
Ей өмірім, зымырап барасың ба?
Жер мен көктің желпініп арасында,
Желігесің, түсесің қара суға,
Құйын қуған қаңбақтай аласұра
Ей өмірім, зымырап барасың ба?!
Мен отырмын теңіздің жағасында,
Бересім де жоқ оған аласым да,
Мені тастап толқындар ағасың ба,
Толқындатып өмірім барасың ба.
Шаң шығарып ізінен құйындаған,
Барасың ба өмірім қиындаған.
Сыйын маған , Ей Өмір!
Ей Өмір! Сыйын маған,
Сыйыңды алам мен сенің бұйырмаған
---------//////////
Арыз жазып кетейін.....
Бүгін менің туған күнім ой пәле-ай
Мына жұрттар неге жатыр тойламай
Банкет жасап берер едім өзім ақ
Тәңірдің бір жарытпай қойғаны ай
Мына дүние неге жатыр үндемей
Алаулатып тойдың шоғын үрлемей
Құшақ-құшақ гүл шоқтарын лақтырып
Мынау-шапан, мынау-атың мін демей
Мына жұртқа жақпады ма әлденем
Бекер өмір сүргенім бе әлде мен
Халқым сенің қасиетіңді білем деп
Босқа өмірім өтті мекен әуремен
Жырлаймын деп қуанышың, мұңыңды
Басқа арнаға бұрдым ба әлде жырымды
Халқым бәрібір сеніменен бір болам
Өзегінен тепсең дағы ұлыңды
Тойланбаса, тойланбасын не етейін
Той көрмей-ақ, сый көрмей-ақ өтейін
Қаламымды берші маған бәйбіше
Болашаққа арыз жазып кетейін
-------////////////
 Автограф!
Көрер едің,
Шаламын ба, отпын ба,
Білер едің
Ақынмын ба, жоқпын ба?..
Кектендірген хан Жәңгір де жоқ мұнда,
Кектенетін Махамбет те жоқ мұнда.
Түсінер ең
Езбін бе, әлде ермін бе,
Байқар едің,
Артықпын ба, кеммін бе?..
Мен Спартак бола алмадым, не шара,
Сенің өзін Цезарь болып көрдің бе?
Сырым да – осы,
Жырым да – осы
Алдыңда.
Байқашы бір:
Бықсыдым ба, жандым ба?
Мақаңдар жоқ,
Мақаңдардың сарқыты –
Мұқағали Мақатаев бар мұнда!
--------///////////
Дұшпаның бар ма?
-Дұшпаның бар ма? -дейсің,
Қайдан білем...
Әйтеуір, жүрген жерім - сайран кілең.
Қазақтың қайсы үйіне барсам-дағы,
Алдымда - ақ дастарқан, жайған кілем.
Дұшпаным жоқ-ау деймін, түрі жаман...
(Сірә, мен бұл майданда тірі қалам.)
Қазақтың қайсысымен кездессем де
Қайрылмай кеткені жоқ бірі маған.
Достастым кішісімен, үлкенімен,
Өзімшіл өжетімен, үркегімен.
Ата-қазақ алыста той жасаса,
Алдымен тізіміне тіркері - мен.
Қайғырмаймын соңымнан сөз бөскенге
Білемін бұғатынын кездескенде,
Әйтеуір, жүздерінде жылылық бар,
Қазақтың қайсысымен кездессем де.
-Дұшпаның бар ма? - дейсің,
Қайдан білем...
Асыр caп ортасында ойнап жүрем.
Сірә, мен бақыттымын дұшпаны жоқ,
Үйден шықсам - сауық пен сайран кілең.
----------//////////////
Ақын жайлы айтады талай аңыз,
Бірақ сен қызықпа, қыз!
Қызықпа, қыз!
Рас-ақ, біздер - патша!
Мұжық та - біз...
Түзік те - біз, түнеген бұзық та біз!
Ақындарға қызықпа,
Қызықпа қыз!
Шынымен ақын жанын қалайсың ба?
Шыдайсың ба, шынымен талай сынға?
Ақын деген бірде қарт, бірде сәби,
Қартты сыйлап, сәбиге қарайсың ба?
Ілікпе, қыз,
Ақынның тұяғына.
Зымиян да осылар...
Зиялы да.
---------//////////
Мастың монологы
Ақымаққа болмайды ақыл айтып,
Алдап кетер көзіңді бақырайтып.
Ағажан, маған несін әуре болдың
Бір ауыз сөзіңізге татымайтын.
Басуға күш жоқ менде мас желікті,
Ақыл бермей, тәңірім бас беріпті.
Бір түйір ақыл қонбай кетіп барам,
Мінеки, қырық бірге жас келіпті.
Жоламай құрбыларым сырласуға,
Інілер ажуалап құрдасымдай,
Әлі де қылтың-сылтың жүр басылмай,
Базарда беті ашылған ұрғашыдай.
Мендегі көрік бөтен, желік бөтен,
Ит құйрығын бұлғаса, еріп кетем.
Кім білсін, апам мені көтергенде
Есектің миына жерік пе екен?
Ағажан, сөзіңізге татымайтын
Ақымаққа қайтесіз ақыл айтып?
Тартты, әне, ол мүйістегі шайханаға,
Баса киiп кепкісін жапырайтып.
------------//////////
Сол түні
Ауады да тұрады, аңсарым-ай!
Әлі сен есімдесің, Аршалы сай.
Сол түні неге мені өлтірмедің?
Сол түні риза едім алса құдай.
Сен куә, Аршалы сай,
Сол түні мен,аққуға тұзақ салын, өлтіріп
ем.
Сол түні неге мені аяп қалдың?
Жаңадан ауызданған бөлтірік ем.
(Бөлтірік ем, арлан боп аяқтандым.)
Шырылдап сонда сені оятқан кім?
Есіңде ме,Көз жасы...
Жалынышты үн?..
Сол түні неге мені аяп қалдың?!
Қара түннің ішінде, қара бақтың,
Атар таң, келер күнге қарамаппын.
Тағдырдың өзі берген махаббатты,
Тәрк етіп, мәңгілікке жаралаппын...
Аршалы сай!
Неғылған көркем едің!
Сол түні неге мені өртемедің?
Сол түннің қияметін есіме алсам,
Сенен де, өзімнен де жиіркенемін.
тым коп кой аздап қана керек еді 5 шумақтай
Белгісіз
5 шумақ керек па? 5 өлеңі ма? Түсінбедік
А кешірерсіз бәрі бір өлең деп ойлап қалдым көп-көп рахмет!
Белгісіз
0 дауыс
kazakhadebieti.kz сайтына кірсен кез-келген ақынның өлеңдерін таба аласың
0 дауыс
http://kazakhadebieti.kz/index.php?option=com_chronocontact&Itemid=23&authorid=159
...