+4 дауыс
1.2k көрілді
Ет немесе Бешбармақты үйде қалай айтасыз?

«Беш» - деген қазақта сөз жоқ.
«Бармақ» - қолда біреу ғана, жалпы барлығын саусақ дейміз. Мысалы: Бас бармақ, балаң үйрек, ортан терек, сылдыр шүмек, кішкентай бөбек, деп әжелеріміз қазақша атауларын айтып отыратын. Тағы мысал, «Таудай талап бергенше, бармақтай бақ берсін!», «Бармақ басты, көз қысты», бармағын жалап, дегендер бар.
Бір қолда бес бармақ болмайды, бармақ біреу ғана.
Енді қазақтар осы Бешбармақты намыстанып, өз-өзін алдап Бесбармақ деп жүр. Қазақта «Бешбармақ» та, «Бесбармақ» та деген сөз жоқ. Бұл үлкен қате. Қазақтың ұлттық тағамын «төрт бармақ» деп атаса да біздің шаласауатты оқығандарымыз ұялмай, қызармай, намыстанбай айта беретіне кәміл сенемін. Ал, арлы да айбынды нағыз қазақтар үшін ет асып жегенге не жетсін! «Ет етке, сорпа бетке»!!!

11 жауап

+4 дауыс
Ет етке, сорпа бетке. Біздерде бешбармақ демейді,ет дейді. Бешбармақ деген басқа тілмен айтылған. БЕШ деген БЕС )))
Қызық екен.......біз бешбармақ дейміз, қайдан шыққаны белгісіз.....ет деп жургендеріңізді бірінші рет естіп тұрмын.
келсей біз жаққа еттің түр түрін жейсің  БЕШ деген басқа жақтің тілі соны білем !!)
бізде ет дейміз
+1 дауыс
"Бешбармақ". Бір түрлі және қызық естіледі...Біздің жақта бесбармақ та, ет деп те айтпайды, сол бешбармақ.......
Көк қате болса да намыстанбай айта бересіңдер ме...
Тусінемін,өзіме ұнап тұрғаны шамалы.....
Уйдегі әкем-шешем ,тума-туысқандарым айтып жатса...]
Сөз шынның айтсам жаман мен болдым ғой ә,  жалғыз  емеспін.Еттен де асып тусті сауалнамаңыз.
сауалнаманың теріс жағына өзгеруін құптап қуанып отырсыз ғо, кәдімгідей... әке-шешең айтса, ата-бабамыз айтпаған ғой...
Бірқалыптымын.....
Білмеймін,білмеймін......екеуі де ұнамайды....біреуі дененің сыртқы мушесі,екіншісі тым қарапайым,жай ғана "ет".
Қазақ тілінің сөздік қорына жаңа сө3 керек шығар.
жәй ғана АСТАНАМЫЗДА - АСТАНА ғой, ЕТ деген басқа тілде жоқ, ата-бабамыз басты тамағымызға ЕТ деп ен салып кетсе, оны біз неге шәудірлеп басқа дейміз....
+3 дауыс
Ет деген дұрыс. Өйткені қазақтар Бешбармақ деп те, Бесбармақ деп те айтпайды. Айтпаған да.
айтқаныңа қосылам амиго! )
+1 дауыс
ЕТ ТАМАҚ ДЕП АТАЛАДЫ ҚАЛАЙ БОЛҒАНДА ДА.................
Еттің тамақ екені рас, ет тамақ деп тіркеу не керек...  
Борщтамақ, Лапшатамақ, Күріштамақ, Қуырдақтамақ, Бауырсақтамақ ))))
хатырдыңыз ыстық!
Белгісіз
+1 дауыс
біздер ет не болмаса ас дейміз..........................
Ас, ас беру — өлім-жітімде жасалатын кәденің соңғысы, еске алу рәсімі. Ас беруді “жылын беру” деп те атайды.
0 дауыс
Біз бешбармақ немесе етке деп айтады ! )
Етке шақырып жатыр, Етке жүріңдер, Етке келіңдер - деген сөз тіркестері,
«Етке» жеп жатырмыз деп айтпайтын боларсыздар...
0 дауыс
Ет тамақ . Бесбармақ.  Бешбармақ. Ет те емес. Етің наны Біз басқаша аттап көрмепыз. Ет асылып жатқанда Нан-жай! нан- иле.Не табақ ортайып қалғанда нан- сал.... деп жатпай ма?
Еттің наны??? Бұл қай жақта, табақта ет аз, наны көп болған ғой )))
Сіз! Табақ пен етің арасында жататын Тамақтын атын сұрадыныз емес пе? табақта ет аз, наны көп болған ғой )))  дегеныңыз орынсыз болды. Етіннаны деген нін несі қате. А....үмытып барам  Орталық қазақстанда солай атайды!
Мен, табақ пен еттің арасында не бар деп сұрағам жоқ, оны тілі жаңа шығып келе жатқан балада НАН деп жауап берер, бәрібір ЕТТІҢ НАНЫ деген енді оғаштау, бұл сөзбен сіз ЕТТІ жоқ қылып жібердіңіз ғо... тек қана еттің нанын жей бермей, ет қосып жеңіздер, дәмді болады )))
А..Бір бірімізді дүрыс түсіне алмаған сияқтымыз.Онда Ет жедіік, Ет жеймыз ,Ет акелінды дейды . демек  "ЕТ" қана болғаны !
+1 дауыс
Ет дейміз.Біздің отбасы...........................................
–1 дауыс
Оның айтатын несі бар, Маңғыстауымызда сол баяғы бешбармақ атауымен!!!
+2 дауыс
мен де Маңғыстауданмын.бірақ,біз кәдімгідей қазақша "ет"дейміз)).бешбармақ атауы қайдан шыққаны жайлы мен де білгім кеп жүрген.жақсы сұрақ қойдыңыз.))соңғы кезде беш немесе 5бармақ деп атайтындарды жиі кездестіреміз.Ол сөздің шығу төркіні мынандай екен: біздер-қазақтар етті бес "бармағымызбен" асап жейміз ғой.сол себептен солай атайды екен-мыс.Бірақ бармақ біреу ғана.сiз айтқандай.Мүмкін "бессаусақ" деген атау енгізерміз?Жооқ,өйтіп саусақ пен бармақты санап отырмай,ұлттық тамағымызды "ЕТ"деп екі-ақ әріппен жеткізсек дұрыс болар.!Еттеріңіз көп,тамағыңыз тоқ болсын!
+1 дауыс
Бесбармақ деп көбінесе айтпаймыз дұрыс емес деп ойлаймын
Қазақша  ет деп айтқан дұрыс деп ойлаймын
Алпамыс батыр болсаң енді сізге ет қой, кезінде батырларымыз жалғыз өзі бір қойдың етін жеп қоятын болған...
хееее ))) мүмкін мүмкін
Сіздің  аватарыңыз осы сұраққа байланысты сияқты)))
...