–1 дауыс
851 көрілді
Қазақ жігіттеріне.
 
Ескі  ғұнның  күңіренген  сағындай,
Кешкі  оттың  жарқыраған  шоғындай.
Арыстандай  жігіттері  қазақтың,
Жалын атқан скифтердің  оғындай.
 
Қыран  құстай көгінде бір көктейді,
Берген  антын  бұзбайды  серт дейді.
Желбіреткен  жалауын  аспанда,
Ешкім  қазақ жігітіне  жетпейді.
 
Асыл ана, Алла берген бір ғажаптан,
Махамбеттей  батыр  туған  қазақтан.
Мұқағалидай  ақыны  бар  алашым,
Тұңғиықтан  сөз  өрнегін  босатқан.
 
Қыраным  барда  қарға  қоналмайды,
Қираған қамал  қайта  оңалмайды.
Әр  елде түрлі  жігіт  болсадағы,
Қазақтың  жігітіндей  болалмайды.
 
Бала  қыран  бір  қуған, түлкі  қашқан,
Қазағымнан бір  туған, батыр құшқан.
Алашқа  бас болған  Кенесарыда,
Аласапыран  дұшпан  місін  басқан.
 
Бір кездері сабалақ  түйе  баққан,
Сол  Абылай қытайдың тілін тапқан.
Он  төртінде  найзасын  қолға  алған,
Қарсы  жауға Бөгембай жалғыз шапқан.
 
Алпауыт  таудың  серкелі  тасындай,
Мінекей  алаш  ерлері  осындай.
Аспанда бір жарқылдаса найзағай,
Қазақ жігіттері  ұшқын  жасындай.

өз туындым  автор өзім   Суюнов Мейрамбек
Сұрақтың жабылу себебі: сауалнама

4 жауап

0 дауыс
Керемет!  Өзіме ұнады...........................
0 дауыс
Өте жақсы, солай жалғастыра бер
бірақ  "Алашқа бас болған Кенесарыда," жолы келіңкіремейтін сияқты (өз ойым)
+2 дауыс
*Мейрамбек туындыңды қатесіз жазасың,ал сұрақтарыңды неге қатемен жазасың соны түсіндірш?Келесіде сұрақтарыңды қатесіз жаз,Ана тіліңді құрметтесең..Ал туындың жақсы екен!Талантыңа нұр жаусын!!*(Жігіттерді әбден мақтапсың).
көшірме ғой))
0 дауыс
Жарайсың осылай жалғастыруыңа тілектеспін...
Алла жар болсын
...