0 дауыс
450 көрілді
Ана тіл.

Ділсіз надан санайық,
Тілсіз естен танайық.
Ғажап нұрлы алашым,
Қазақ болып қалайық.

Кезбе үнге билесек,
Өзге тілде сөйлесек.
Ертен күнә болмайма?
Туған тілмен өлмесек.

Оттай болып лауласақ,
Шоқтай болып маздасақ,
Күлдей болып сөнеміз,
Тілсіз қалай өнеміз.

Арттық айтты демеңіз,
Батып кетті кемеміз.
Дана тілім осындай,
Амал нешік көнеміз.

авторы  озім  яғни  мен  Мейрамбек
Сұрақтың жабылу себебі: Жақсы жыр. Келесі жолы AITABER.KZ блогтұғырына жариялайтыныңа сенім білдіреміз. Өнерің өрге жүзсін.

5 жауап

+4 дауыс
Өлеңің өте жақсы 100 пайызға тұрарлықтай.
+5 дауыс
Ұйқас бар мағына жоқ десең иә?Тамаша!!!!!!!!!!!!!!!Базар жоқ.
+4 дауыс
Мерамбек жақсы шығарғансың,жазған сөздерің жақсы жазылған ,бірақ бұл жерге жазуға болмайтынын білесіңғо Айтабер сайтына жазсаң жақсы болар еді ол жақтада СЖ ның адамдары бар ,сол Айтеберге жазсаң бағалауға тұрарлық
+3 дауыс
керемет!!! сөзім жоқ!!! Осы бағытыннан таймай шығара бер. Ұйқасы жақсы, жәй сөздері жеңілдеу аздап. Мағына жағынан керемет.
+3 дауыс
Бауырым, жазған өлеңің өте керемет. Тек ұйқастары жеңілдеу екен! Осы бағытыңнан тайма! Ризамын саған! Керемет ой, идея тамаша!
...