ЖАНТЫҚТЫҢ ТУЫСҚАНЫ
Адамның баласынан жерімеп ем ,
Достастым періменен , серіменен .
Жөніңе кет , жарқыным , жөніңе кет,
Ат кекілін кестім мен сеніменен .
Қайда ғана сыясың , қайда ғана ?!
У таратып болдың ғой айналаңа .
...Арамзаны ақ сүтпен асыраған ,
Айдаһарға қор болған , қайран ана ?
Досты апарып досына жамандатып ,
У таратып , лаң сап , арандатып ,
Ағайынды аздырмай ала жылан ,
Жөніңе кет , жымысқы , қараң батып .
Ақыл айтып тұрғам жоқ , туыстарым,
Алданбаңдар !
Азғынға жуыспағын .
Абай болғын арыңды нық ұстаған ,
Араңда жүр Жантықтың туысқаны .
БАУКА_КОСАЙ
пікір