Мен де сондай болғанмын, түн болмаса деп тілейтінмін. Көзімді жай жұмып отырсам болды, ұйықтап кетемін де, қорқынышты түстер көремін, ол жағын сен сұрама, мен айтпайын, есіме түссе бойымды қорқыныш сезімі билейді. Түнде Ықылас, Фатиха сүресін оқып, Құранды басыма жастап жататынмын. Кейін қойып кетті, ал қазыр ол қорқынышты сәттер қайта басталды, түс көремін, түсім түсімнің ішінде, ол түстің ішінде тағы түс, шым-шытырық. Оянсам түк болмағандай болады, біраз уақыт ояу жатқан соң есіме түседі, бірақ түк шошымаймын, етім үйреніп кетті.