+1 дауыс
8.1k көрілді
Кей адамдар айтады: Тәкаппармын, ешкімнің алдында бас имеймін, дейтін адамдар да бар!Ал кейбіреулері қазіргі заманда тәкаппарлық адамға керек қасиет!Бұрынғы заман сияқты емес,тіпті туысқандарың мен достарыңа  күле қарасаңда,сатып кетуі әбден мүмкін!Сондықтан тәкаппар болу керек дейтіндерде бар!Пікірлеріңіз қандай?

4 жауап

+2 дауыс
Тәкаппарлық адамға жақсылық алып келетін қасиет емес. Тәкаппармын, ешкімнің алдынды бас имеймін дегендер адамды менсінбегендер. Тәкаппар жақсы қасиет дегендер, тіпті достарына да, ағайындарына да сенбейді деген сөз. Білімді адамдар өздерін жоғары тәкаппар болады. Ал сұлулар өздерінің сұлулығымен, тектілер текті әулеттен шыққанына, байлар бай болғанына тәкаппар болады. Ең жаманы АЛЛАға қарсы тәкаппар болу.
Тәкаппарлық Алланың алдында да,  адамның алдында да қолдау таппайтын өте жаман қасиет.
Тәкаппар адам қоғаммен өмір сүруі, үйлесуі  өте қиын болады,  демек ол адамның өмір жолы өте ауыр болады. Тәкаппар жан ешкімді түсінбейді, түсінгісі де  келмейді, айналасындағылар ол адамнан ат шақырым қашады, ондай жандар зер салып қарасаңдар өз арамызда да бар.
менің бойымда тәкаппарлық қасиет басым! Одан қалай арыларымды білмеймін! Еркімнен тыс тәкаппарлығым ұстап қалады! Не істеуге болады,м?
+1 дауыс
Тәкаппарлық Алланың алдында да, адамның алдында да қолдау таппайтын өте жаман қасиет.
Тәкаппар адам қоғаммен өмір сүруі, үйлесуі өте қиын болады, демек ол адамның өмір жолы өте ауыр болады. Тәкаппар жан ешкімді түсінбейді, түсінгісі де келмейді, айналасындағылар ол адамнан ат шақырым қашады, ондай жандар зер салып қарасаңдар өз арамызда да бар
+1 дауыс
Тәккапар болып мына заманда ешкімді өзіңе қарата алмайсың. Немесе сонша шіреніп тәкаппар болатындай артында шенеунік атты дәу көкесі тұрмаған болар. Ешкімнің алдында бас имейтін адамды Аллах қияметте оның белін қайқайтып кояды. Тәкаппар болып, өр көкіректенудің еш қажеті жоқ. Абай айтқандай; Адам бір боқ көтерген боқтың қабы, екенін ұмытпағаны жөн.
0 дауыс
Шайтанда тәкәппарлығының кесірінен жұмақтан қуылған
...