0 дауыс
457 көрілді
Достар Олимпиада Лондон 2012-ге Қазақстандық Нұрбақыт Теңiзбаев неге қатыспады? Айтыңдаршы?

1 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Менің ойымша, Ана жылы-ау деймін, Анталияда грек-рим күресінен әлем чемпионаты өткен болатын. Сол жарысқа барған Алмат Кебіспаев лицензия ұтып алды. Сол себепі Нұрбақыттың баруы екі-талай болған . Қай жарыс болмасын бапкерлер ол екеуін алма-кезек сынап жарыстарға жіберетін...

> Алмат Кебіспаев 60-кг

*— Менің салмағымда бірнеше жыл бойы Нұрбақыт Теңізбаев үстемдік құрды. Әлем чемпионаты мен Олимпиада ойындарында үздік үштікті тұйықтап, қарсыластарын мойындатқан балуаннан 2008 жылы Талдықорған қаласында жеңіліп қалдым. Нұрбақыттан өзге Поддубный турнирінде топ жарып, Азия чемпионатында алтын жүлде жеңіп алған Ербол Қоңыратов бар. Ербол екеуміз кілемде қарсылас болғанымызбен, өмірде айырылмас доспыз. Бір-бірімізді толықтырып, кемшін түскен тұстарымызды түзетіп отырамыз», – деген Алматтың өзі де кіші әлем чемпионатына баланатын Иван Поддубный турнирінің алтынын мойнына таққанын түртіп қойыңыз.*

     2010 жыл. Мәскеу жер жүзіндегі барша балуанның басын қосып, кіл мықтыны анықтап жатыр. Бейжің Олимпиадасынан соң Хернинг кілемінен қола алып келген Нұрбақыт Теңізбаев халықты тағы да үміттендіріп қойған. Бірақ бұл жолы әлемдік сынға Үржардың үміті аттанды. Жігерлі жастың қайраты көпке жетті. Тек болашақ чемпион, әзірбайжан балуаны Гасан Әлиевте кеткен есе болмаса... Әйткенмен Алматтың қоласына халық қатты қуанды.


[Осыған қосыша материалдар][1]


  [1]: http://alasharena.kz/post/2227
Yлкен рахмет жақсы жауап +11111
...