Ешкім қарап тұрмағандай, биле,
Ешкім естіп тұрмағандай, шырқа,
Жаныңды әлі ешкім жараламағандай, сүй,
Жәннәттің төрін жерден тапқандай өмір сүр!
(с) Вальтер Скотт
Өмір - ойын. Демек, ойынның ойыншысы болу керек. Әр ойыншының өз рөлі, өз міндеті болады. Соны орындай алған адам, нәтижеге жетеді. Ал, қандай ойыншының рөлін алып ойнаймын десеңіз - таңдау өзіңізде. Тек, өмірде ешқандай рөлі жоқ мақсатсыз соқтығысқан молекула болмасаңыз болды да дегеннен басқа айтар жоқ.